Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жан жылуын сыйлаған жандар

Жан жылуын сыйлаған жандар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл – қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, адамдардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлайтын әлеуметтік сала мамандарының еңбегін ұлықтайтын ерекше мереке. Әлеуметтік қызметкерлер мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір іспетті. Олар күн сайын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылардың жанынан табылып, қамқорлық пен ізгілік көрсетеді.

Бүгінде Шымкент қала­сын­да 1 913 әлеуметтік сала қыз­меткері еңбек етуде. Оның ішін­де 1 688 маман мүгедектігі бар ба­лалар мен ересектерге, жалғы­з­і­лік­ті қарттарға және өз-өзіне қыз­мет көрсете алмайтын аза­мат­тарға көмек көрсетеді. Ал 30 қыз­мет­кер отбасылық құндылық­тар­ды нығайту және тұрмыстық зор­­лық-зомбылықтың алдын алу ба­ғытында жұмыс істейді. 195 әлеу­меттік қызметкер халықты жұ­мыспен қамту және еңбек на­ры­ғындағы белсенділікті арттыру ба­ғытында еңбек етуде. Қала ау­мағында бүгінде 13 арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсету орталығы, 1 санаторлық-курорттық қызмет көр­сету орталығы, мүгедектігі бар аза­маттарға арналған 1 әлеуметтік қол­дау орталығы, 1 отбасын қол­дау орталығы, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы мен аудан­дық мансап орталықтары тұрақты түрде халыққа қызмет көрсетіп ке­леді.

Бұл орталықтарда психо­неврологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты бұ­зыл­ған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневроло­гия­лық ауруы бар азаматтарға жә­не өзіне-өзі қызмет көрсете ал­майтын І және ІІ топтағы мүге­дектер мен жалғызілікті қарттарға арнаулы көмек көрсетіледі. Қыз­меттер стационар, жартылай ста­ционар, үйде қызмет көрсету жә­не уақытша болу түрінде ұйым­дастырылған. 2025 жылдың 1 қа­занына дейін Шымкент қала­сы бойынша 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған. Оның ішінде 752 адам стационар жағдайында, 793 адам  жартылай стационарда, 402 адам  уақытша болу орталығында және 1 289 адам үй жағдайында әлеу­меттік қызмет алып отыр.

Бұл туралы өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орын­басары Сәрсен Құранбек мәлім­деді. Оның айтуынша, қаладағы әлеуметтік қолдау жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді, ал басты назар  қызмет сапасын арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапа­сын жақсартуға бағытталған.

«Әлеуметтік сала бұл – адам тағдырымен тікелей байланысты аса жауапты бағыт. Сондықтан әрбір әлеуметтік қызметкердің еңбегі құрметке лайық. Мемлекет тарапынан бұл салаға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Біз қо­ғам­ның әлсіз тобына жанашыр бола отырып, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бар күш-жігерімізді саламыз», – деді Шым­кент қаласы әкімінің орын­басары Сәрсен Құранбек бұқара­лық ақпарат құралдары өкілдері­мен өткен брифингте.

Мереке қарсаңында Шым­кент қаласының әлеу­мет­­тік қызметкерлеріне құрмет гра­моталары мен алғысхаттар та­­бысталып, сала үздіктері мара­пат­­талмақ. Әлеуметтік сала ма­ман­­да­рының еңбегі – адам­гер­ші­лік пен қайырымдылықтың, мейі­рім мен парасаттың үлгісі. Олардың әрбір ісі қоғамдағы бір­лік пен өзара қол­даудың маңызын айшықтайды.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 06:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары