Щучинскіде жеке үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жалынды ауыздықтау барысында үйдің ішінен ер адам мен әйелдің мәйітін алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Өрт кешкі уақытта ауданы 90 шаршы метр болатын жеке тұрғын үйден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен Бурабай ауданының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өртті толықтай сөндірді.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше құтқару жұмыстары кезінде үйдің ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесі табылды.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 16 қызметкері және 4 арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжамдардың бірі бойынша, оқиғаның криминалдық сипатта болуы да жоққа шығарылмайды. Алайда бұл нұсқа әзірге түпкілікті расталған жоқ.
Оқиғаға қатысты дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде де тіркелді. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мамандар өрттің нақты себептерін, қайғылы жағдайдың мән-жайын және оған қатысты барлық жағдайларды анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар мен тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша оқиғаның нақты мән-жайы белгілі болады.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 09:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















