Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Шұғыл көмек желісі кеңейеді

Шұғыл көмек желісі кеңейеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл мәселелер Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен Ден­саулық сақтау жөніндегі ұлт­тық үйлестіру кеңесінің алғаш­қы отырысында талқы­ланды. Жиынға бейінді мем­ле­кет­тік органдардың өкіл­дері және өңір әкімдері­нің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе халық арасында жарақаттанудың алдын алу және оның деңгейін төмен­дету шараларына арналды. Ең алдымен, жол-көлік оқи­ғалары салдарынан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті азайтуға бағытталған кешенді шаралар ұсынылды.

Кейінгі он жылда елде сыртқы себептерден болатын өлім-жітім шамамен екі есе азайғанына қарамастан, жа­р­ақаттану әлі де өзек­ті ме­­ди­циналық-әлеуметтік мә­се­лелердің бірі болып отыр. Кейінгі үш жылда жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім тағы 14,5%-ға төмендеген. Алайда жол апаттарының және зардап шеккендер саны әлі де азаяр емес.

Денсаулық сақтау ми­нистрі Ақмарал Әлназарова­ның мәліметін­ше, бүгінде Қазақстанда жарақат алған азаматтарға медициналық көмек көр­се­тетін 260 меди­циналық ұйым, 41 трасса­лық медици­на­­лық-құтқару пункті және 8 тірек пункті жұмыс іс­тейді. Сонымен қатар жүргізілген талдау автомобиль жолдарындағы қазіргі апат деңгейін ескере отырып, қолданыстағы инфрақұрылымды одан әрі жетіл­діру қажеттігін көрсетті.

Осы бағыттағы негізгі шара­­лардың бірі – еліміз­дің барлық облысында өңір­лік травматология­лық орта­лықтар құру. Биыл мұн­дай орталықтар Астана, Алматы, Қарағанды және Бал­қаш қалаларында ашылды. Олардың бірыңғай желі­сін кезең-кезеңімен қалыптас­тыруды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Медициналық ұйым­дар­дың қабылдау бөлімдерін жаңғыртуға да ерекше назар аударылды. Елде 210 шокқа қарсы кабинетті ауыр жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен жарақ­тандырылған Trauma room форматына қайта жабдықтау басталды. Сонымен қатар медицина қызметкерлері ATLS халықаралық бағдарламасы бойынша даярлықтан өтеді. Бұл жарақаттарды анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Медициналық көмектің қол­жетім­ділігін арттыру мақсатында трассалық меди­ци­налық-құтқару пункт­терін орналастыру тәртібін қайта қарау ұсынылды. Бұ­дан бөлек, автомобиль жолдары­ның апат қаупі жоғары учас­ке­лерінде 69 жаңа тірек пунк­тін ашу, сондай-ақ турис­тік аймақтарда, халық көп де­ма­латын орындарда және ұйымдастырылған жағажай­ларда 60 маусымдық модульдік медициналық пункт орнату көзделіп отыр.

Аталған шараларды іске асыру медициналық қызмет­тер­дің оқиға орнына жету уақы­тын қысқартып, зардап шек­кендерге «алтын сағат» ара­лы­ғында қажетті көмек көр­сету мүмкіндігін арттырады.

Жиында Ішкі істер вице-ми­нистрі Игорь Лепеха жол қозға­лысы қауіпсіздігін арт­тыру бағытында қабыл­данып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол интел­лек­туалды бақылау жүйе­лерін енгізу, жол инф­ра­­құ­ры­лымын дамыту және жүр­­гізу­­шілерді даярлау сапасын жетілдіру жөніндегі жұмыс­тарға тоқталды.

Сонымен қатар 2026 жыл­ғы 25 тамыздан бастап әкім­шілік полиция медициналық көрсетілімдер бойынша көлік басқаруға рұқсат етілмейтін азаматтардың жүргізуші куәлігінің қолданысын соттан тыс тәртіппен тоқтату құқығына ие болады.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеңес Тұрсынбаев төтенше жағдайлардың алдын алу және шұғыл ден қоюдың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Биылғы бірінші жартыжылдықта 14 мыңға жуық адам құтқарылып, 2 мыңнан астам зардап шек­кен адамға алғашқы меди­циналық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта негізгі күш өрттің және су айдын­дарындағы қай­ғылы оқиға­лардың алдын алуға, ерте хабарлау жүйе­лерін дамытуға, өрт сөн­діру, құтқару және меди­ци­на­­лық бөлімшелерді бірың­ғай жүйеге біріктіруге бағыт­­тал­ған. Сонымен бірге әмбебап құтқару бөлім­ше­лерінің желісін кеңейту және халық­қа жедел көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің авиация­сын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұсынылған шараларды тыңда­ған Аида Балаева оларды іске асыруды кейінге қалдыруға болмайтынын атап өтті. Ол жарақаттан бола­тын өлім-жітім деңгейін жедел төмендетуге арналған қадам­дық ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ алғашқы шұ­ғыл көмектің, әсіресе халық көп демалатын орын­дар­да қолжетімді болуын қам­тамасыз ету қажет­тігіне назар аударылды. Мемлекеттік орган­дарға шұғыл медици­на­лық көмек көрсету инфра­құ­ры­­лымын дамы­ту және өзара іс-қимылды күшей­ту жөнін­де нақты тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе саламатты өмір салтын қалыптастыру және нығайту шараларына арналды. Елімізде денсау­лық­қа кері әсер ететін негізгі қауіп фак­тор­лары бойынша тиісті норма­тив­тік база қалыптасқаны атап өтілді.

Темекі және алкоголь өнімдері­нің айналымын бақылау күшейтілді. 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйектен бас­тап білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарттары енгізілді.

Саламатты тамақтану мен қауіп­сіз ақпараттық орта қа­лып­тас­тыру мәселесіне де ерекше мән берілді. Құра­мында қант, тұз және транс­май мөлшері жоғары өнім­дердің, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге бағыт­талған жарнамасын шектеу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Сонымен қатар азық-түлік өнімдерін міндетті таңбалауды енгізу, темекі және алкоголь өнімдерін интернет арқылы сатуды реттеу, құрамында қант бар сусындарға сараланған акциз белгілеу мәселелері қаралды.

Өңірлердегі профилакти­калық жұмыстың тиімділігін арттыру мәсе­лесі де назардан тыс қалған жоқ. Биылғы бірінші жартыжылдықта 9 ұлт­тық профилактикалық бағ­дар­­лама іске асырылып, 1,7 млн адамды қам­тыған 80,3 мың іс-шара өткізіл­ген. Алай­да жалпы қамту деңгейі ха­лық­тың небәрі 8,5%-ын құрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бо­йынша Премьер-министрдің орынбасары әкімдіктерге саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңестерін құруды тапсырды. Сонымен қатар барлық қолжетімді ресурсты пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының онкүндігін шұғыл бастау­ды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары