Швейцария Украинадағы қақтығысты реттеуге жәрдемдесуге дайын
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Швейцария Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге көмектесуге дайын, деп мәлімдеді Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис.
Бұған дейін Кассис Temps газетіне берген сұхбатында Украина бойынша жаңа үшжақты келіссөз раундын Женевада өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан.
"Біз екі тарапқа да бейбіт реттеу үдерісіне барынша жәрдем көрсетуге дайынбыз. Бірақ шешімді Ресей мен Украина қабылдауға тиіс. Біз күн сайын оларды қабылдауға және бар күшімізді салуға дайынбыз. Тараптар қаласа, алаң ұсынып қана қоймай, пікірталастардың сәтті өтуіне қолдау жасаймыз", – деді Кассис "Известияға" берген сұхбатында.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей, АҚШ және Украина қатысатын қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада өткен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 17:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















