Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Абыройы асқақтаған аудан

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Шығыны аз, шығымы мол

Шығыны аз, шығымы мол

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Екі жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдегі күріш жүйелерінің тұзды топырағында дәндік құмайдың сорттарын сынақтан өткізіп келеді. Гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асатын ғылыми жоба аясында әзірше былайғы жұртқа беймәлімдеу құмай дақылының отандық, шетелдік сорттарынан аймақтың қатал агроклиматына төзімді, инновациялық жоғары өнімді генотиптері іріктеліп келеді.

Сырдағы күріш жүйелерін­дегі ауыспалы егіс негізінен сегіз танапты. Дария суы мол кезде күріштен мейлінше көп өнім жинау мақсатында ауыс­палы егістің басым бөлігіне күріш егілді. Бұл топырақ құнарының төмендеп, егістік алқаптардың тұздануына әкеліп соқтырды. Әрине, жылдар бойы аймақтағы басты өнім саналып келген күріш  – елдің ортақ несібесі. Бірақ кейінгі кездегі су тапшылығы өңірдің брендіне айналған өнімнің болашағын бұлыңғырлап тұр. Осыған байланысты ғалымдар ауыспалы егістегі күріш үлесін 25-37,5 пайызға дейін төмендетіп, босаған танаптарға әртараптандыру дақылдарын орналастыруды ұсынып жүр.

«Біздің пайымдауымызша, әр­тарап­тандырудағы басты талап – өнімділігі жоғары болып, әр гектардан алынатын таза пайда күріштен кем түспеуге тиіс. Қазіргі құрғақшылыққа төзімді, топырақ тұздылығын төмендетіп, оның агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттерін жақсартатын дақыл болуы керек. Аймақтың табиғи-кли­мат­тық жағдайына бейімделген ауылша­руа­шылық дақылдары ауыспалы егіс­те жақсы өскенмен, жоғары экономика­лық көрсеткіштерді қамтамасыз етпе­гендіктен кең таралмай отыр. Өңірдің тұзды топырағын қалыпқа келтіріп, дәнді дақылдар өндірісі мен мал шаруа­шы­лығын өркендетуде шығыны аз, шығымы көп құмай дақылының орны бөлек», дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов.

Суды аз тұтынатын дақылдарға жататын құмай топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартудан бөлек, шөлейтті өңірде тамақ өнеркәсібін дамытуға дем береді. Жергілікті ғалымдар оны өсірудің экономикалық жағынан өте тиімді екендігін дәлелдеп, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтына» да ұсыныс берген. Қызылорда нан зауытында құмай дәні ұнын бидай ұнына қосып, өнім шығару жоспарда бар. Құмай ұнын қосқанда кәдімгі бидай ұнынан иленген қамырдың қолға жабыспайтыны байқалған. Мұндай нан әсіресе егде кісілердің ағзасы үшін пайдалы. Жергілікті шаруа қожалықтары арасында құмай өсіруге құлықты кәсіпкерлер де аз емес. Егер өндірістік жағдайда дақыл өнімділігі мен өнім сапасы ойдан шығып жатса, оны терең өңдеу, дәнін, өңделген өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік бар, себебі әлемде құмай өнімдеріне сұраныс жоғары.

Тамақ өнеркәсібі, биоэнергетика және жемшөп өндірісінде орны бөлек дақыл дәнінің құрамында 75 пайызға дейін крахмал, 12-13 пайыз протеин мен 3,5 пайыз май бар екені анықталған. 2012–2014 жылдары зерттелген орта азиялық қант құмайының сорттары мен сорт үлгілері арасынан далалық шығымы және жасыл масса өнімділігі жоғарылары іріктелді. Осылайша, жергілікті жағдайда жүргізілген экологиялық сорт сынау нәтижесінде жеке сұрыптау арқылы қант құмайының жаңа «Кешен» сорты шығарылды. Өсіп-өну мерзімі бойынша кеш пісетін сорттарға жататын одан екі орымда гектарынан 60 тонна жиналып, дән өнімділігі 5,2 тонна болды.

Университет ғалымдары жүргізіп жатқан экологиялық сорт сынауға Индия­ның Хайдарабад өңірінде орна­ласқан ИКРИСАТ халықаралық ұйымы, Ресейдің «Россорго», Краснодар өлкесінің «Агроплазма», Мажарстанның Аlfaseed фирмалары, Өзбекстан ғылыми-зерттеу ұйымдары, сондай-ақ «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒЗИ, А.Бараев атындағы астық шаруа­шылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Өсімдіктер генетикалық қорының Н.Вавилов атындағы Арал өңірі тәжірибе стансасы коллекцияларынан дәндік құмайдың 40-тан астам сорты алынды.

Танаптық тәжірибе жағдайында Мажарстанның «Скарлет», «Пре­миум», «Россорго» мекемесінің «Кахалонг», «Тамараж», «Агроплазма» компа­ния­сының «Самурай», «Самбур», «Сократ» сорттарынан гектарына орта есеппен 4-5 тонна аралығында дән мен 6,5-7 тонна шөп жиналып, аймақтың ерекше табиғи-климаттық жағдайына бейімін көрсетті. Құмайдың күн қатты ысып, топырақ кеберсіген кезде жапырағын жиып, анабиозға түсіп, ылғал жеткен сәттен тіршілігін қайта жалғастырып кете беретін де қасиеті бар.

Бүгінде ғалымдар Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университетінің Ин­женерлік бейіндегі талдау зертханасымен бірлесіп, құмай дәнінен биоэтанол алу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Дәндік құмайдың өсіру технологиясын терең зерттеп, тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастырған жағдайда, бұл дақыл күріш ауыспалы егісінде топырақ тұздылығын төмендетіп, азық-түлік, мал азығын өндіру үшін өсіруге қолайлы әртараптандыру дақылы болатынына сенім мол.

«Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламаларының меңгерушісі, PhD Серік Бекжановтың айтуынша, құмай дақылын егіп, жинау барысында кәдімгі күріш өндірісіне пайдаланатын техника жарайды. Жылдан жылға дария деңгейі төмендеп, ауа ылғалдығы азайып келе жатқан аймақта суды аз «ішетіне» қарай жер жүзінде «өсімдік әлемінің түйесі» атанып кеткен құмай алқаптарын көбейткеннен ұтылмайтынымыз анық.

 Қазір Үкімет ғылыми жетістіктер көрсеткішін аймақтарды дамыту жос­парларына енгізуді көтеріп отыр. Осыған байланысты жергілікті ғалымдар тиісті орындарға ұсыныс берген. Олар бас­тама қолдау тауып, әртараптандыру ба­ғытында өңірде тағы бір қадам жасаларынан үмітті.

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер денсаулығына – елдік көзқарас

Қоғам • Бүгін, 08:15

Германия ядролық энергетикаға орала ма?

Әлем • Бүгін, 08:10

Ажырасу тәртібін қатаңдату қажет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 08:00

Суретшілер шашуы

Көрме • Бүгін, 07:55

Транзит әлеуетін арттыру мүмкіндігі

Саясат • Бүгін, 07:50

Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:48

Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі

Саясат • Бүгін, 07:45

Таеквондошылар әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды

Спорт • Кеше

Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді

Білім • Кеше

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

Табиғат • Кеше

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Оқиға • Кеше

Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды

Мәдениет • Кеше

Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see123

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see120

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see117

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see116

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see116

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see115

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see114

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see114

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see113

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see113

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see113

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see111

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see111

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see111

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see110

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see110

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see108

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see108

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see107

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары