Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

35 градустық аптап ыстық Қазақстанға қайтып оралады

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Өнімі мол, өңдеуі аз...

Өнімі мол, өңдеуі аз...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен толтыру өзекті болып тұр. Осыған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеуге басымдық беру керегін айтып, нықтаған еді.

– Шикізатты терең өңдеу – ауыл шаруа­­шылығына да қатысты өте өзекті мәселе. Өнімдердің басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда және шаруа қожа­лықтарында өндіріледі. Еттің 60 пайызы, сүттің 80 пайызы – солардың еншісінде. Бұл жағдай өнімділікті арттыруға кедергі болып отыр. Үкімет бизнес қауым­дас­тығымен бірлесе отырып, тамақ өнер­кәсібін дамытуға қатысты жүйелі шаралар қабылдауға тиіс, – деген еді Президент.

Сыртқы нарықтың сыры

Үкімет дереккөздеріне зер салсақ, 2023 жылы – 1,8 млн тонна, 2024 жылы 2,1 млн тонна сүт өңделіпті. Ал 2025 жылы сүт өндірісі шамамен 3,8 млн тоннаны құраған. Сонымен қатар қазір елде 180-нен астам сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Яғни, сүт өндірісінің көрсеткіштері оң динамика байқатып отыр. Алайда ішкі нарықта отандық өнімнің үлесін өсіру міндеті толық орындалмай отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сүт өңдеу саласында тұрақты даму және өндірістік әлеуетті арттыру ісі қар­­қынды көрінеді. 41 млрд теңгеге 12 ин­ве­стициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың нәтижесінде қосымша 165 мың тонна өңдеу қуаты енгізілмек. Бұл жобалар ішкі нарықты сүт өнімдерінің кең ассортимен­тімен қамтамасыз етуге және экспортты кең­ейтуге негіз қалыптас­тырады деп сендіреді ведомство. 

Ал Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевниковтің пікірінше, сүт өндірісінде еліміз Ресей мен Беларусьтің өнімдеріне бәсекелесе алмай, импортқа тәуелді болып отырғаны – шаруашылықтарға дұрыс инфрақұрылым жасалмай, субсидия­ның, жеңілдетілген несиенің уақытында жетпегенінен. Сондықтан жаңа бағдарлама қабылдау қажет деп санайды.

– Отандық сүт өнімнің көлемі аз, ал им­порт көп болғандықтан, баға жағынан ұтылудамыз. Сүт, айран, қаймақ бойынша өзімізді 90-95 пайызға қамтуға болады. Әйтсе де, өнімнің мерзімі 72 сағатқа ғана жарамды. Сырттан құрғақ сүт, май, қаймақ, йогурт көптеп кіріп жатыр. Бізде құрғақ сүт өндірісі 90 пайызға құлдырады. Егер құрғақ сүт өңделсе, кондитерлік өнімдерге жарар еді. Экспортқа ірімшік, май ғана жөнел­те­міз. Дей тұрғанмен, «Шин Лайн» балмұз­дағымыз Орталық Азия мен Ресейде таны­мал. Бірақ елде импорт үлесі әлі де басым. Мәселен, Ресей, Беларусьтің сүт өнімдері нарығымызға арзандау, көлемі көп болып кіреді де, біртіндеп қымбаттайды. Себебі оларда ауыл шаруашылығын қолдау ісі өте күшті. Ал сапасы, дизайны жағынан отандық өнімдерден аса алмайды. Сүт бағытының жандануы үшін инфрақұры­лымды жақсартып, тасымалын реттеп, салықты азайтып, суб­си­дияны көбейтіп, жеңілдетілген несиені көптеп қарастыру керек. Ал қолданыстағы кредиттің пайызы жоғары, мерзімі қысқа болғандықтан, фермерлер қайтарып үлгермейді. Сондықтан кешенді түрде жал­пы сүт бағытында жаңа бағдарлама әзірлеп, жеке секторды кооперативтерге біріктірсе дұрыс болар еді, – деп пайымдайды Сүт одағының басшысы. 

Energyprom.kz мәліметінше, былтыр отандық сүт зауыттары ішкі нарықтағы сұранысты (ішкі өткізу және экспортты қоса алғанда) 95,1%-ға қамтамасыз еткен. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 94,6% болған. Импорт 4%-ға қысқарып, 34,2 мың тоннаны құрады. Қазақстаннан сүт экспорты 88,6%-ға өсіп, 2,7 мың тон­надан 5,1 мың тоннаға дейін артты. Ішкі нарықтағы сауда көлемі 694,3 мың тоннаны құрап, бір жылда 6,2%-ға ұлғайды. 

Жетістік те жоқ емес

2026 жылдың қаңтарында елде сүт бір айда 0,4%-ға қымбаттаған. Жылдық мәнде баға 2025 жылдың қаңтарымен салыстыр­ған­да 9,2%-ға өсіпті. Майлылық деңгейі бойын­ша да ұқсас жағдай байқалады. Дәлірек айтқанда, 2,2-2,5 пайыз майлылықтағы сүт –­ 8,9%-ға, 3,2-4,5 пайыз – 9,4%-ға, 6 пай­ыз­дан жоғары – 9,3%-ға қымбаттады. Сүт бағасы тұрақтандырудың жолдары бар екенін айтушылар жетерлік. Солардың бірі – QAZAQ AQBAS республикалық палатасы директорлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Серқазыұлы. Ол үшін егінмен айналысатын шаруашылықтарды да мал шаруашылығына бейімдеп, халық көп тұтынатын аумаққа сүт фермаларын салу керек деп біледі.  

– Негізі сүт бағытында жұмыс істейтін­дерге мүмкіндік мол. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы да қолдайды. Сол­түс­тік өңірлерде 20 жоба жасалып, сүт фермалары ашылды. Дәл осындай үлгіні шығысқа, басқа аймақтарда жүзеге асырған жөн. Ол үшін жер керек. Егістікте істейтін фермерлер 6 ай ғана еңбектеніп, қалған күн суыған мезгілде бос жатады. Демек, оларға да малмен айналысуға талап қойылып, жер бос жатпауы керек. Сонда қалалардың маңынан көбірек сүт фермалары ашыла бастайды. Соның арқасында ет-сүт бағыт­ындағы мал көбейіп, отандық өнім салмағы артады. Ақ бас сиыр 2013 жылы 75 мың бас болса, қазір 700 мыңға жетті. Осылайша, өзіміздің тұқымды жан-жақты дамытып, танытып, өнімін ала алар едік, – дейді ол.

Үкімет дерегінше, қазір жалпы құны 41,2 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, қосымша 50 мың тонна өңдеу қуаты іске қосылады. Яғни, салада тындырымды істер қолға ал­ы­н­ып келеді. Ең бастысы, мұнымен тоқ­тап қалуға болмайтыны.

Айтпақшы, салада субсидия көлемі де едәуір көрінеді. Бұл жайында Ауыл шаруа­шылығы министрлігіне қарасты Мал шаруа­шылығы департаменті директоры Бағлан Аймұрзаев егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

 – Қазір 1 литр сүт өндірсеңіз, мемле­кеттен литріне 30 теңге беріледі. Президент субсидиялаудан жеңілдетілген несиеге кезең-кезеңімен өту бойынша тапсырма берген. Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдейтін Golden Camel зауыты жұмыс істеп тұр. Басты нарығы – Қытай. Дәл осындай үлкен сүт зауытын Маңғыстауда салуды жоспарлап отырмыз. Түйе сүтінен ұнтақ әзірлеп өнім өндіретін болады. Ауылда сүт өнімдерінен жеке-жеке құрт-майы, ірімшігін дайындап отырғандардың бары рас. Олардың проблемасы да сол. Өнімін өткізіп, пұлдай алмай дал. Базарлар, сауда орталықтары жеке қосалқы шаруашы­лықтардан қажетті деңгейде өнім ала ал­ма­­ғандықтан, өнімін қабылдағысы кел­­мейді. Өйткені олар үнемі үзіліссіз өнім келіп тұр­­са дейді. Осындай жеке қосалқы шаруа­шылықтарды коопера­тивтерге біріктірген абзал. Бұл бағытта «Ауыл аман­аты» бағдар­ламасы жұмыс істеп тұр. Егер коопера­тивтер құрып, кәсіп аша­тын болса, 30 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Осының арқасында жеке қосалқы шаруа­шылықтардан өнімді жинай отырып, кейін сатуына да болады. Негізі, Еуропа елдері, АҚШ солай дағдыланған, – дейді депар­тамент дир­екторы.

Еліміздің индустриалды бағдарлама­ларының қатарына сүт бағыты да кіреді. Бұдан былай, сүт өнімдері саласында 2,4 млн тонна шикізат қайта өңделіп, шамамен 36 млрд теңгеге қосымша өнім шығарылмақ. Осылайша, елде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетпек. Бір сөзбен айтқанда саланы дамытуға мүмкіндік те, ниет те бар. Тек кемшіліктерді жою алдыңғы қатарға шықса, құба-құп.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 06:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see120

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see116

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see116

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see114

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see114

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see113

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see112

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see111

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see110

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see109

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see109

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

13 Мамыр 2026 17:33see109

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see109

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see109

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see108

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

13 Мамыр 2026 15:09see108

35 градустық аптап ыстық Қазақстанға қайтып оралады

13 Мамыр 2026 11:15see107

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see107

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

13 Мамыр 2026 22:27see107

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары