“Барселонадағы” алғашқы қазақстандық: көшу, келісімшарт және құрама туралы сұхбат
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов каталониялық "Барселонамен" келісімшартқа отырған ел тарихындағы тұңғыш футболшы атанды. Осыдан кейін Орал тумасының өмірінде үлкен өзгерістер болды, соның ішінде Қазақстан құрамасына шақырту алды.
15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов каталониялық "Барселонамен" келісімшартқа отырған ел тарихындағы тұңғыш футболшы атанды. Осыдан кейін Орал тумасының өмірінде үлкен өзгерістер болды, соның ішінде Қазақстан құрамасына шақырту алды.
Tengri Sport тілшісі Кәріммен танысып, каталониялық клубтағы алғашқы қазақстандықтың өмірі туралы маңызды жайттарды білу үшін U-16 ұлттық құрамасы ойнаған Шымкентке барды.
"Барселонамен" келісімшарт: алғашқы әсерМеңдіқановтың "Барселонамен" келісімшартқа отырғаны туралы ақпарат 1 сәуірде, ең алдымен испаниялық медиада пайда болды. Футболшы тілшімізге берген сұхбатында болған жайтты бірден сезіне қоймағанын айтты.
"Маған La Masia аккаунты ("Барселонаның" жастар командасы - ред. еск.) жазылып, кейін олар менің "Барсамен" келісімшартқа отырғаным туралы жазба жариялады. Содан кейін әкеме барып көрсеттім, ол қуанды, бәрі осылай басталды", - деді Кәрім.
- Келіссөздер басталғаны туралы сізге қалай хабарлады?
- Менің агентім болды, бірде агентім, әкем және мен - үшеуміз отырғанбыз. Агент: "Барселона" саған қызығушылық танытып жатыр" деп айтты.
- Сол сәтте қандай сезімде болдыңыз? Бала күніңізден "Барселонаның" жанкүйерісіз бе, әлде басқа клубты қолдаушы ма едіңіз?
- Әрине, бала кезімнен әрқашан "Барсаға" жанкүйер болдым. Бірақ дәл сол хабарды естіген күні бұл клубтың "Барса" екеніне тіпті сене алмадым. Мұндай алып клуб. Бірақ уақыт өте келе сене бастадым.
Баланың әкесі Руслан Tengri Sport-қа берген сұхбатында каталониялық скауттардың ұлын бірнеше ай бойы бақылағанын атап өтті.
"Барселонаның" бізді қаралымға шақырғаны күтпеген жағдай болды. Олар екі ай бойы оны бақылап жүрген екен. "Барселонаға" дейін басқа да клубтар: "Реал Бетис", "Севилья", "Валенсия", "Жирона" ұсыныс тастады, бірақ кейін "Ла Масиядан" келіп, бізді командада көргісі келетінін айтты. Шынымды айтсам, өзім де сенген жоқпын, өйткені бұл Қазақстаннан шыққан бірінші қазақ баласы, тіпті, меніңше, Ресейден де ешкім болмаған еді. Келісімшартқа қол қойғанда ғана сенуге тура келді", - деді әкесі.
Бейне нұсқасын Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар.
"Үлкен жауапкершілік" - Меңдіқанов құрамаға шақырту алу туралыСәуірде Меңдіқанов 16 жасқа дейінгі құрамаға шақырту алды. Команда Шымкентте Пәкістан, Әзербайжан және Ресей құрамаларымен жолдастық турнир өткізді. Кәрім әр ойынның соңында алаңға шықты - негізгі құрамда ойнау үшін оның физикалық күйі мен жасы үлкен ойыншылардың арасындағы айырмашылық тым байқалды.
- Бұл шақырту туралы қалай білдіңіз және команда сізді қалай қарсы алды?
- Сол күні маған 2011 жылғы досым хабарласып, сені құрамаға шақырайын деп жатыр деді. Алдымен сенген жоқпын, кейін хабарласып, агентімнің немесе әкемнің нөмірін беруімді сұрады, мен бердім. Ұшып келгенде балалар мені өте жақсы қарсы алды. Барлығы жақсы жігіттер.
- Бұған дейін білетін таныстарың болды ма?
- Біреуін танитынмын. Оралда бірнеше рет көріп, сөйлескенбіз.
- Командадағы атмосфера қандай?
- Атмосфера жақсы, балалардың бәрі ашық-жарқын.
- Құрама жейдесін кигенде қандай сезімде болдыңыз? Ұлттық құрама үшін ойнау - бұл басқаша сезім бе? Әлде кез келген басқа футбол матчіндегідей ме?
- Жоқ, әрине, құрама үшін ойнау - үлкен жауапкершілік, өзіңнің ең үздік ойыныңды көрсетуің керек..
Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Кәрім Меңдіқанов Оралда дүниеге келген және футболмен алты жасынан бастап айналысады. Ол бірден командада ойнап кеткен жоқ - алдымен оны жаттықтырушы Сергей Кондаков байқап, ата-анасына оны жеке жаттықтыруды ұсынды.
Арада 10 жыл өткенде, келісімшартқа қол қойғаннан кейін Кәрім әлеуметтік желіде ең бірінші болып осы алғашқы жаттықтырушысына алғыс айтты.
- Біз командаға ауыспас бұрын онымен бірге жаттыға бастадық. Ол маған негізгі базаны, техниканы үйретті, содан кейін ғана мен әрі қарай жалғастырдым. Бастапқыда футзал алаңында жаттықтық.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
- Жеке сабақтардан кейінгі келесі баспалдақ қандай болды?
- Келесі баспалдақ - мен Дәурен Карлович жаттықтырушы болған командаға ауыстым. Біз көптеген турнирге бардық, көптеген трофейлер мен жеке марапаттар жеңіп алдық.
- Ол кездің өзінде турнирлер шетелде өтті ме?
- Жалпы, менің алғашқы турнирім Астанада өтті, сол жерде азды-көпті ойнай бастадым. Одан кейін біртіндеп Алматыға, Түркияға бара бастадық.
- Қай сәтте өзіңізді болашақ кәсіби футболшымын және өмірімді тек осымен байланыстырамын деп нақты сездіңіз?
- Тіпті білмеймін, ойланбаппын, бірақ бала кезімнен футболдан әрдайым ләззат алатынмын, қазір де солай және кәсіби футболшы болуға тырысамын.
"Астанаға" алмады, бірақ "Барселонаға" өттіКәрімнің әкесі Испанияға көшпес бұрын баланың "Астана" футбол клубында қаралымда болғанын, бірақ қазақстандық командамен келісімшартқа дейін іс бармағанын айтты.
- Ол жерде қаралымда болды, бірақ оны алмады. Бір ай бойы қаралымда жүрді.
- Неге алмағандарын түсіндірді ме?
- Ештеңе түсіндірген жоқ, бапкер тарапынан кері байланыс болмады, сондықтан бізге жеке клубтарды жағалауға тура келді.
Кәрімнің өзі де бұл жағдай туралы пікір білдірді.
Испанияға қоныс аудару"Шыны керек, бәрі қалай болғаны нақты есімде жоқ, бірақ жаттығуларға барғаным, олармен бірнеше жаттығу өткізгенім анық есімде. Кейін олар хабарласамыз деген сияқты болды, бірақ сол күйі хабарласпады, осындай бір жағдай", - деп бөлісті футболшы.
2022 жылы әкесі Кәріммен бірге Испанияға көшіп барды. Русланның айтуынша, басында бұл футболмен байланысты болмаған - бала тіл үйреніп, жаңа елге бейімделе бастаған.
"Біз 2022 жылы Валенсияға бір айға футбол лагеріне бардық. Содан кейін кері қайттық, Кәрім ол жақ ұнағанын және сол жерде оқығысы келетінін айтты. Біз футбол үшін келген жоқпыз. Ол мұнда келіп, оқыды, испан тілін үйренді, бір жыл бойы еш жерде жаттыққан жоқ. Кейін, екінші жылы Барселонаға көштік. Онда да басында ойнаған жоқ, мектепте оқып, тек өзі үшін жаттығып жүрді. Үшінші жылы, 6–7 айдан кейін оны бір испаниялық байқап қалып, командаға шақырды, сол жерде оны қазіргі командасы - "Сант Кугаттың" скауттары көрді", - дейді әкесі.
- Испанияға көшкен кезде неше жаста едіңіз? - Кәрімге қойылған сұрақ.
- Он бірде.
- Сол кезде Испания мен Қазақстан арасындағы айырмашылық қатты сезілді ме? Жалпы, ата-анаңыз сізге қазір бәрін тастап, Испания сияқты бейтаныс елге көшу керек екенін қалай түсіндірді?
- Біріншіден, біз ол жаққа оқу үшін, испан және ағылшын тілдерін үйрену үшін көштік. Жалпы, ең алдымен бұл оқу үшін болды, өйткені Қазақстанда футбол жағынан сәл сәтсіздіктер болды.
Сол жаққа оқуға көштік. Әкем: "Испанияға барғың келе ме?" - деп сұрады. Мен, әрине, "иә" деп жауап бердім. Басында ол жерде оқыдым, уақыт өте келе жергілікті мектепте жаттыға бастадым. Осылай бәрі басталды.
Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Қазақстан құрамасы сапындағы матчтерде Кәрім оң қанаттағы вингер және форвард позициясында ойнады. Дегенмен, оның айтуынша, ол кез келген жерде ойнай алады.
- Негізінен, менің сүйікті позициям жоқ. Бапкер қайда қойса, сонда ойнай аламын. Ал былайша, көбіне қапталды - сол немесе оң қанаттағы вингер болғанды жөн көремін.
- Сіздің ойын стиліңіз - қапталмен өтіп, доп асыру ма, әлде ортаға қарай ойысып, соққы бағыттау ма?
- Мен көбінесе пас бергенді жөн көретін шығармын, өйткені оң аяқпен ойнаймын, оң жақта жүремін, сондықтан пас беру оңайырақ болады деп ойлаймын.
- Қазіргі футболшылардың қайсы сіздің пастарыңызды түйіндейтін тамаша серіктес болар еді?
- Тіпті білмеймін. Левандовски шығар, бәлкім Гарри Кейн. Білмеймін, ойлану керек.
- Сұхбаттарының бірінде бапкерлеріңіздің бірі маған сіздің бала кезіңізде футболшы ретінде көбіне Роналдуға еліктегеніңізді айтты. Бұл рас па? Әлде әрқашан бала кезден "Барса" мен Месси болды ма?
- Маған екі ойыншы да ұнайды, бірақ Мессиді көбірек ұнататын шығармын. Бала кезімнен "Барсаға" жанкүйер болдым. Роналду да жақсы ойыншы, бірақ меніңше, Месси жақсырақ.
- Әкеңіз сұхбатында сіздің жейдеңізде тіпті Мессидің қолтаңбасы бар екенін айтты. Оны қалай алдыңыз?
- Астанада үйде, анамның қасында Мессидің қолтаңбасы жатыр. Жаңа жыл алдында агентіммен кездесуіміз болды, ол маған: "Менде бір тосын сый бар", - деді. Сөйтті де, Лео Мессидің қолтаңбасы бар жейдесін көрсетті. Мен аң-таң болдым.
Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
- Испаниядағы футбол оқуы кезінде қандай да бір жұлдызды ойыншыны кездестіре алдыңыз ба?
- "Барса" базасында болғанымда Ламин Ямальды көрдім. Көз қиығыммен шалып қалдым - ол қарады да, жылдам кетіп қалды. Гавиді де көрдім, Марк Бернальды, осындай ойыншыларды.
- Сіз оларға үлгі ретінде қарайсыз ба?
- Иә, әрине.
- Олардың әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ме, әлде тек футбол алаңындағы ойынына ма? Жақында Ямаль кезекті марапатын алып жасағандай, сіз де фастфуд жеп, оны әлеуметтік желіге салар ма едіңіз?
- Футбол алаңында, әрине! Меніңше, мен бұлай істемес едім, бірақ жариялау немесе жарияламау - оның өз еркі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
- Сіз "Барсаның" стадионы - "Камп Ноуда" болып, қандай да бір матчтерді тамашалап көрдіңіз бе?
- Жоқ, дәл ол жерде болмадым, әзірге ешқандай матч көріп үлгермедім.
- Ал жалпы өміріңізде көрермен ретінде тамашалаған ең керемет футбол матчіңіз қайсы?
- Көрермен ретінде, бұл "Монжуикте" өткен "Барса" мен "Реал" арасындағы матч болған шығар (команда негізгі аренада жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда пайдаланған Барселонадағы стадион - ред. еск.). "Барса" 4:3 есебімен жеңген сияқты еді. Өте тартысты матч болды.
- Сол сәтте өзіңізді "Барселона" жейдесінде елестеттіңіз бе?
- Ол кезде мен "Барса" туралы тіпті білмеген де едім, бірақ бәрібір армандадым.
Дастан Сәтпаев және әлемнің үздік ойыншылары туралы- Сүйікті қазақстандық футболшыңыз кім?
- Дастан Сәтпаев.
- Ол сізге Қазақстаннан шығып, үлкен клубпен келісімшартқа отыра алған ойыншының үлгісі ме?
- Иә, әрине! Жолдарымыз әртүрлі, бірақ Дастан Сәтпаев - мықты ойыншы, өте жақсы ойнайды. Қазақстаннан Еуропаға бару - өте қиын, бірақ ол мұны істей алды. Оның жүріп өткен жолын сипаттауға сөзім жетпейді.
- Былтыр Чемпиондар лигасындағы "Қайраттың" ойындарын бақыладыңыз ба?
- "Қайраттың" ойындарын тамашаладым. Өкінішке қарай, матчтеріне барудың сәті түспеді, бірақ трансляция арқылы қарап отырдым.
- Қандай әсерде болдыңыз? Чемпиондар лигасында "Қайратты" күшейте алар ма едіңіз?
- Меніңше, бұл жаста мен әлі кішкентаймын. "Қайрат" өзін жақсы көрсете білді. Чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетті. "Интерге" қарсы лайықты ойын көрсетті деп ойлаймын.
- Жақында футболдан әлем чемпионаты басталады. Осы турнирде жанкүйер болатын фаворитіңіз немесе командаңыз бар ма?
- Испания шығар. Ал жекелей алсақ - Ламин Ямаль үшін жанкүйер боламын.
- Егер өміріңізде футбол болмаса, немен айналысар едіңіз?
- Білмеймін, футболдан бөлек... Мүмкін, футбол агенті немесе соған ұқсас бірдеңе болғым келер еді. Қалай болғанда да, бүкіл өмірім футбол төңірегінде.
- Қазіргі уақыттағы үздік 3 футболшы?
- Үшінші орынға Олисені қояр едім. Екінші орынға, бәлкім, Килиан Мбаппе. Ал бірінші орын - Ламин Ямаль.
- "Қайрат" сапында Чемпиондар лигасында ойнау ма, әлде "Барселонада" қосалқы құрамда отыру ма?
- "Барса". Ол жерде бәрібір өзіңді көрсету керек. "Барса", "Барса".
Авторлары: Антон Алексеев, Алимжан Аманжол
Дайындаған: Дина Шәріпхан
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:13
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Мамыр 2026 09:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















