Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Шаруалардың егісі тарылса да, өнімі мол шықты

Шаруалардың егісі тарылса да, өнімі мол шықты

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсімнің нақты драйверіне айналып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шаруалар мемлекеттік қолдау, жаңа технологиялар мен ғылыми тәсілдердің шараптын көріп келеді. Көл-көсір жұмыстың арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуеті артып, өңірлік аграрлық көшбасшы ретінде беделі беки түсті.

Биыл егін жинау науқаны еліміздің аграрлық саласы үшін ерекше табысты жылдардың бірі болды деп айта аламыз. Себебі маусым рекордтық көрсеткішпен есте қалды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерге жетті. Бұл – соңғы екі жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім:

- 2023 жылы – 11 ц/га,

- 2024 жылы – 15,2 ц/га.

Мұндай нәтижеге жетуге ауыл шаруашылығы мамандарына уақытылы қаржылық қолдау көрсету және тыңайтқыштарды кеңінен қолдану мүмкіндік берді. Үш жылдың ішінде минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі 0,7 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін артқан. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі де айтарлықтай ұлғайып, 140 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге дейін, яғни шамамен 1 трлн теңгеге жетті. Қызығы, егіс алқаптарының көлемі азайғанымен, жалпы өнім көлемі өсе түскен. Бұл – ауыл шаруашылығының тиімділігі артып, жерді ұтымды пайдаланудың нәтижесі. Мәселен, дәнді дақылдардың егіс көлемі 2023 жылы 17,5 млн гектардан, 2025 жылы 16 млн гектарға дейін қысқарған, бірақ соған қарамастан жалпы өнім ұлғайған. Жалпы, 16 миллион гектар алқаптан 27 миллион тонна астық жиналды. Ал орташа өнімділік гектарына 17 центнерді құрады (2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға жоғары). Сондай-ақ биыл бидайдың 20,3 миллион тоннасы бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға артық. Маңыздысы – өсім егіс көлемі 900 мың гектарға қысқарғанына қарамастан орындалып отыр. Бұл – агротехнологияларды тиімді енгізудің нәтижесі деп түсіндіреді ауыл шаруашығындағы мамандар.

Майлы дақылдар рекордтық деңгейде жиналды

Биыл ауыл шаруашылығындағы маңдай тер, адал еңбектің арқасында бұршақ дақылдарының өнімі алғаш рет 1 миллион тоннаға жетті. Майлы дақылдардан 4,3 миллион тонна өнім алынғаны расында тарихи меже. Сол секілді тамшылатып суару технологиясының арқасында мақта шикізатының өнімділігі гектарына 30 центнерге жетіпі. Бұл да атап айтарлық жетістік.

Биыл барлығы 428 мың тонна мақта жиналды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артық. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне осы секторда жоғары тиімді технологияларды жедел енгізу тапсырылды. Егін науқанының рекордтық нәтижелері — бұл мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының және қаржылық тұрақтандырудың тікелей нәтижесі. Көктемгі дала жұмыстарына арналған жеңілдетілген несиелеу көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеге жетті. Сонымен қатар, агросекторға 1,8 миллион тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын қамтиды. Элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 11,5%-ға дейін өсті. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы (көлемі – 250 млрд теңге) аясында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны 6,5%-ға жетіп, соңғы екі жылда техниканың тозу деңгейі 80%-дан 70%-ға дейін төмендеді.

Рекордтық өнімді тиімді өткізу және экспортты қолдау мақсатында (өткен маусымда экспорт 47%-ға өскен болатын) астық тасымалдауға арналған субсидиялау бағдарламасының мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Техника паркін жаңарту процесі де айтарлықтай қарқын алды. Егер 2023 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5% болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ға жеткен. Бұл аграрлық өндіріске заманауи технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және жинау кезіндегі шығындарды азайтуға жол ашып отыр. Сорт жаңарту мен сорт алмастыру бағытында да оң өзгерістер байқалады. Элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 7,1%-дан 11,5%-ға дейін өсті. Бұл үрдіс ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып қана қоймай, олардың құрғақшылық пен климаттық өзгерістерге төзімділігін күшейтеді.

Ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі?

Баршаңыз білесіздер, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Көп ұзамай Үкімет осы бағытта арнайы ұлттық жоспар бекіткен еді. Сол жоспар шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамдары мемлекет назарынан тыс қалмайтынын ұғамыз.

Әңгімені арыдан бастамай, бірден ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі деген сұраққа жауап бергеніміз дұрыс деп шештік. Бүгінде фермерлерге тұрғын үй субсидиялары, жас мамандарға жалақы субсидиялары, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл шаралар аграрлық еңбекке ынтаны күшейтіп, ауылды жерлерде әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл Премьер-министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші республикалық форумында 107 ауыл еңбеккері марапатталды. Оның 79-ы – тікелей жұмысшы мамандық иелері. Бұл қадам ауыл еңбегінің қоғамдағы маңызын мойындаудың нақты көрінісі болды. Кейінгі жылдары ветеринарлардың мәртебесін арттыру бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Екі жыл ішінде олардың жалақысы 38%-ға өсті. Ал кәсіби мереке – «Ветеринарлық қызметкерлер күні» белгіленді.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ төрағасы Бауыржан Асановтың айтуынша, кейінгі жылдары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында елімізде бірқатар нақты іс-шаралар қабылданған. Мәселен, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында 107 маман марапатталса, оның 74%-ын сауыншылар, механизаторлар және мал шаруашылығы саласының өкілдері екен. Сонымен қатар, ветеринар мамандардың мәртебесін көтеру бойынша да елеулі жетістіктер бар. Кәсіби мереке енгізілді. Жалақы 38%-ға артты. Қауіпті жағдайларда еңбек еткені үшін қосымша төлемдер белгіленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 20:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see174

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see166

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see165

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see162

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see161

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see150

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see149

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see148

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see143

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see142

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see141

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see140

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see140

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see139

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see135

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see126

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see126

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары