Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Биыл жоғары маржиналды дақылдардың егісі арттырылмақ

Биыл жоғары маржиналды дақылдардың егісі арттырылмақ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, биыл егістік алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектарды құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Егісті әртараптандыру стратегиясы аясында дәнді дақылдар алқаптары қысқартылып, 15,9 млн гектар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,4 мың гектарға аз. Негізінен бұл бидай егістігінің қысқаруы есебінен жүзеге асады: биыл ол 12,1 млн гектар болады, ал өткен жылы 12,2 млн гектар болған еді.

Сонымен қатар жоғары маржиналды және қайта өңдеуде сұранысқа ие дақылдардың егістік алқаптары ұлғайтылуда. Мәселен, майлы дақылдар 55,2 мың гектарға артып, 4,045 млн гектарды құрайды, арпа — 93,8 мың гектарға (2,4 млн гектар), жүгері — 42,9 мың гектарға (217,5 мың гектар), мал азықтық дақылдар — 37,4 мың гектарға (3,1 млн гектар) ұлғаяды.

— Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша Fufeng Group компаниясының тік интеграцияланған жаңа индустриялық паркін шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүгері егістігін едәуір арттыру қажет. Биыл алғашқы кезеңді іске қосу барысында зауытқа 500–700 мың тонна жүгері қажет болады, ал кейін бұл көлем 1 млн тоннаға жетеді. Мал азықтық дақылдар алқаптарының ұлғаюы биыл мал шаруашылығын дамытуға арналған кешенді бағдарламаның басталуымен байланысты болмақ, — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Жаңа вегетациялық кезеңге дайындық және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде егістік көлемінің болжамды ұлғаюы аясында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлерімен кездесулер өткізілді. Су көп қажет ететін дақылдарды азайтып, оның орнына су сыйымдылығы төмен әрі терең өңдеудің жаңа өндірістерінде сұранысқа ие дақылдарға көшу нұсқалары талқыланды. Атап айтқанда, Қызылорда облысында күріш егістігін 8,5 мың гектарға, Түркістан облысында 7,4 мың гектарға қысқарту мәселесі қарастырылуда. Мақта егістігінің болжамды көлемі 148,5 мың гектар болған жағдайда, тамшылатып суару қолданылатын алқаптар 15 мың гектарға ұлғаяды, ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алқаптар 11 мың гектарға қысқартылады. Барлық мәселелерді пысықтау үшін жұмыс тобы құрылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация министрліктеріне ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, заманауи суару және ирригация әдістерін қолдануды ескере отырып, жерді пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Табысты егіс науқанының негізгі құрамдас бөліктері — тыңайтқыштар, сапалы тұқым және арзандатылған дизель отыны. Қажетті ресурстарды уақтылы сатып алу үшін Аграрлық несие корпорациясы өткен жылдың қазан айынан бастап фермерлерден жеңілдікпен несиелеуге өтінім қабылдауды бастады. Бүгінгі күні жалпы сомасы 241 млрд теңгеге 1 694 өтінім түсті. Оның ішінде 1 520 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 180 млрд теңге көлемінде қаржы алды. Өтінімдердің ең көбі Түркістан (28%), Ақмола (13%), Солтүстік Қазақстан (13%), Қостанай (11%) және Қарағанды (6%) облыстарынан.

Үкіметтің мәліметінше, егіс науқанына арналған арзандатылған дизель отыны бойынша Gosagro жүйесі арқылы жалпы көлемі 454,3 мың тоннаны құрайтын шамамен 18 мың өтінім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 мың тоннаға артық. Жиынтық қажеттілік Энергетика министрлігіне жолданды. Вице-премьер Энергетика министрлігіне шаруаларға арналған дизель отынының жеңілдікті бағасын қысқа мерзімде айқындауды және өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бөлу кестесін бекітуді тапсырды. Дизель отынын жеткізу ақпан айында басталады.

2026 жылғы көктемгі егіске қажетті 2,3 млн тонна тұқымның ішінде 1,5 млн тонна жаздық дақылдар сараптамаға жеткізілді. Алдын ала тексеруден 1,3 млн тонна тұқым өткізілді, оның 98,1%-ы кондициялық деп танылды, яғни егу стандартының 1 және 2 сыныбына сәйкес келеді.

Биыл минералды тыңайтқыштар себу жоспары 2,3 млн тоннаны құрайды. Оларды уақтылы сатып алу және енгізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Келесі отырысқа агротехнологияларды, суару әдістерін қолдану және суармалы суға қажеттілікті есептеу жұмыстары қамтылған 2026 жылғы егін егу науқаны бойынша толық есептер мен жоспарлар пакетін ұсыну міндеті қойылды.

Бүгінгі Үкімет отырысында биыл елдегі күріш алқаптары тағы 7,5 мың гектарға қысқаратынын мәлім болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:289
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 14:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары