Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Сайрандағы мақта кәмпит сатушысының фотосы алматылықтарды шошытты

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

БҚО да кеше ғана мектеп бітірген үш бала суға кетті

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады

Алматы әуежайында шетелдік 21 келі марихуананы алып өтпек болған

Семейде танымал брендтердің тұрмыстық техникасын сатуға тыйым салынды

Алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек?

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Астананың елеулі экономикалық өсімі

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Үйден шығудан қалдық : Павлодар облысында тұрғындар масаға таланып жатыр

Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды

Симфония мен саундтрек: Бетховен мен Ханс Циммердің музыкасы неге ұмытылмайды?

Симфония мен саундтрек: Бетховен мен Ханс Циммердің музыкасы неге ұмытылмайды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Музыка әр дәуірде әртүрлі естіледі. Бір кезде ол залды толтырып, тыңдаушыны өзіне қаратып айтылатын. Кейін экранға түсіп, сөзсіз, бірақ терең әсер ететін тілге айналды. Осы тұрғыдан қарағанда, Людвиг ван Бетховен мен Ханс Циммер екі түрлі дәуір болғанымен, бір қажеттіліктің екі кезеңдегі көрінісі сияқты. Екеуінің де музыкасы жеке адамның ішкі күйінен шығып, көпшілікке ортақ сезімге айналды. Айырмашылығы -- жеткізу тәсілінде.

Айғайға айналған музыка. Бетховен музыкасы XIX ғасырдағы еуропалық қоғам үшін ашық айтылған сөз іспетті болды. Оның симфониялары құр тыңдау үшін емес, түсіну үшін жазылды. Музыка залда ойнала бастағаннан бастап, тыңдаушы одан "қашып құтыла" алмайды. Бұл – тағдырмен бетпе-бет келу, күрес, ерік, қарсылық. Бетховеннің симфониялық музыака тілі бір бағытта ғана қозғалады: ішкі әлемнен сыртқы әлемге. Музыкалық ой жасырынбайды, ол бірден жария етіледі. Әуендік тақырыптар анық, драматургия тұрақты дамиды. Сондықтан музыка тыңдаушыдан белсенді қатысуды талап етеді.

Бұл жерде Бетховен музыкасын жәй ғана фон (қосымша дыбыс) ретінде қолдануға болмайды, тыңдаушы бақылаушы емес, ортақ сезімге тартылған адам.

Бетховеннің өмірлік жағдайы бұл музыкалық тілге тікелей әсер етті. Есту қабілетінің нашарлауы, жалғыздық, қоғамнан ішкі оқшаулану оның музыкасын ішке тұйық емес, керісінше сыртқа бағытталған етті. Ол ішкі драманы симфониялық айғайға айналдырды. Музыкада ешбір күмән жасырылмайды, әрбір музыкалық тақырып нақты көрсетілген.

Бұл "айғай" – эмоцияның бақылаусыз шығуы емес. Керісінше, тәртіпке түскен, формаға бағынған "айғай". Симфониялық құрылым осы ішкі қысымды ұстап тұратын қаңқа қызметін атқарады. Сол себепті Бетховен музыкасы хаос емес, реттелген қарсы тұру ретінде естіледі.

Бұл музыка жеке адамның күйі болып басталғанымен, уақыт өте келе жалпы адамзаттық құндылыққа айналды. Тыңдаушы Бетховеннің өмірбаянын білмесе де, бұл әуенінен қарсылық, үміт сезінеді. Сондықтан Бетховен музыкасы концерт залынан шығып, тарихи, саяси, мәдени контексттерде де қолданыла бастады. Ол «тыңдалатын» емес, «айта алатын» музыкаға айналды.

Сыбырға айналған музыка. Ханс Циммер музыкасы мүлде басқа ортада туады. Ол сахнаға емес, экранға арналған. Бұл музыка кинодан бөлек өмір сүре алмайды деп ойлау оңай. Бірақ дәл осы тәуелділік оны ерекше күшке айналдырды. Циммер музыкасы кинокадрмен бірге түсініп, тыңдаушының назарын өзіне емес, ішкі күйге бұрады. Циммер музыкасы әдетте бірінші рөлге шықпайды. Ол көріністің екінші планында, кейде тіпті байқалмайтындай болып тұрады. Бірақ дәл сол көзге түспей, адамның сезімін басқаруға мүмкіндік алады. 

Циммер үшін музыка – оқиғаны айту құралы емес, адам сезімін тереңдету амалы. Ол менмұндалап шықпайды, көрнекілік үшін артта тұрады. Ол үшін бірнеше дыбыс, бір ырғақ, бір созылған аккорд (көпдыбыс) жеткілікті.

Қарапайымдап айтсақ, оның музыка айғайламайды, ол сыбырлайды. Бірақ сол сыбырдың өзі көпті түсіндіреді.

Бұл сыбыр нақты әуенге емес, жалпы дыбыстық атмосфераға сүйенеді. Музыкада ұзақ созылатын дыбыстар, төменгі үндер, баяу өзгеріс бар. Соның арқасында тыңдаушы уақыттың қалай өткенін байқамай қалады. Музыка басталып, аяқталып тұрғандай емес, бар кеңістіктің ішінде үздіксіз естіліп тұрғандай сезіледі.

Циммер музыкасының ерекшелігі – оның әмбебаптығында. Тыңдаушы фильмді көрмесе де, музыка белгілі бір кеңістік пен күйді елестете алады. Ғарыш, қауіп, жалғыздық, үміт, уақыттың баяулауы – бәрі де дыбыстық масса арқылы беріледі. Бұл музыка жеке тақырыпқа байланбайды, сондықтан әркім оны өз ішкі күйімен толықтырады.

Авторлықтан ортақ сезімге өту. Бетховен де, Циммер де белгілі бір сәтте авторлық шеңберден шығып кетті. Бетховен музыкасы «композитордың ойы» емес, «тағдырдың үні» ретінде қабылдана бастады. Ол жеке тұлғаның драмасы болудан қалып, жалпы адамдық күйдің белгісіне айналды. Циммер музыкасы да фильмге тәуелді болудан біртіндеп алыстады. Саундтректер экраннан тыс тыңдалып, жеке өмір сүре бастады. Олар белгілі бір сюжетке емес, белгілі бір күйге байланысады. Сол арқылы автордан бөлініп, тыңдаушының жеке тәжірибесіне көшеді.

Айырмашылық олардың қалай әсер ететінінде. Бетховен музыкасы адамның ішіндегі сезімді сыртқа шығарады да, оны бәріне естіртеді. Тыңдаушы сол күшке еріп, музыкаға қарай тартылады. Ал Циммерде бәрі керісінше. Алдымен көрініс бар, содан кейін музыка сол көрініс арқылы адамның ішкі күйіне баяу кіреді. Бірі адамды өзіне шақырса, екіншісі адамның ішіне қарай жұмыс істейді. Бірақ екеуінің нәтижесі бір: музыка бәріне ортақ сезімге айналады.

XIX ғасырда музыка адамдарға тікелей айтылатын ой сияқты қабылданды. Ол сахнадан анық, дауыстап сөйлегендей естілді. Тыңдаушы музыкаға назар аударып, оны бөлек тыңдайтын. Ал XXI ғасырда музыка көбіне көзге түспей әсер етеді. Ол алдыңа шықпайды, бірақ сезімге тікелей жұмыс істейді. Көп жағдайда адам оның бар екенін бірден аңғармай да қалып, музыканың формасы өзгерсе де, бірақ атқаратын қызметі сол күйі қалды. Ол адамға өз сезімін түсінуге көмектеседі. Кейде бұл үшін қатты айтылған дыбыс керек. Кейде жай ғана үнсіз естілетін әуен жеткілікті. Бетховен мен Циммер осы екі тәсілдің бірін-бірі жоққа шығармайтынын көрсетеді. Бетховен музыкасы залды толтырып, тыңдаушыны өзіне қарай тартады. Циммер музыкасы экранның артында тұрып, тыңдаушының ішкі күйіне баяу кіреді. Бірақ екеуінің де нәтижесі бір: музыка жеке бір адамның сезімі болып басталып, көпшілікке ортақ күйге айналады. Айғай да, сыбыр да -- бір қажеттіліктің екі түрлі жолмен айтылуы.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына   белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қаңтар 2026 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

09 Маусым 2026 22:26see118

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

10 Маусым 2026 19:43see117

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see115

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

10 Маусым 2026 14:49see114

Сайрандағы мақта кәмпит сатушысының фотосы алматылықтарды шошытты

10 Маусым 2026 15:54see114

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

10 Маусым 2026 21:32see114

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

10 Маусым 2026 12:10see114

БҚО да кеше ғана мектеп бітірген үш бала суға кетті

10 Маусым 2026 15:42see114

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10 Маусым 2026 18:53see114

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

10 Маусым 2026 17:32see113

Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады

10 Маусым 2026 16:39see113

Алматы әуежайында шетелдік 21 келі марихуананы алып өтпек болған

10 Маусым 2026 11:25see110

Семейде танымал брендтердің тұрмыстық техникасын сатуға тыйым салынды

11 Маусым 2026 00:30see110

Алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек?

11 Маусым 2026 01:12see110

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see109

Астананың елеулі экономикалық өсімі

10 Маусым 2026 11:09see109

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

11 Маусым 2026 10:41see109

Үйден шығудан қалдық : Павлодар облысында тұрғындар масаға таланып жатыр

10 Маусым 2026 21:33see108

Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

10 Маусым 2026 21:10see108

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды

10 Маусым 2026 16:35see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары