Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Қос асылдың ізі

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Өз қолымен және бюджетсіз: Форт Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Майымбет туралы миф

Өндіріске өріс ашатын бастама

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

Сирек кеселдің үнсіз кесірі

Сирек кеселдің үнсіз кесірі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ілуде біреуде ғана кездесетін, тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісік (ТҚАІ) деген дерт бар. Генетикалық ауытқулардың салдарынан әулеттің ізінен қалмайтын кеселдің қауіпті тұсы да сонда, оның белгілері басқа көптеген ауруға ұқсастығы соншалықты мамандарды да адастырып, кейбір науқастар жылдар бойы өзінде жоқ аурулардан емделіп, тіпті дертін анықтамастан өмірден өтіп кетіп жатады.

Кенеттен басталатын ісік күтпеген күні, жылына кемі 20-27 рет қайталанатындықтан, бұл науқастар ертеңін жоспарлай алмай, үнемі үрей құшағында, қорқынышпен өмір сүреді. Тіпті хирургтердің іштегі ангионевротикалық ісікті басқа аурулармен шатастырып, қажетсіз операция жасаған оқиғаларын да жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен диагнозы дер кезінде қойылған жағдайда оның дауасы бар. Ендеше, көпшілік неден хабардар болғаны жөн?

Осы мәселеге орай, «Такеда Қазақстан» компаниясының қолдауымен Алматыда ТҚАІ мәселелеріне арналған паблик-ток түріндегі сараптамалық пікірталас өтіп, кездесуге дәрігер мамандар, пациенттік қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

– Биылғы Халықаралық сирек аурулар күні қарсаңында ажал құштырғанша жұрт назарынан тыс қалып жүрген кеселдерге қоғам назарын аудару мақсатында паблик-ток өткізіп отырмыз. ТҚАІ да – дәл осындай сирек кездесетін аурулардың бірі. Мұндай жағдайда дер кезінде қойылған диагностика мен профилактикалық емдеу пациенттердің өмірін ұзартып, денсаулығын бірқалыпты ұстауға тікелей әсер етеді, – дейді «Такеда Қазақстан» компаниясы Медициналық бөлімінің директоры Зарина Қожахметова.

«Үнсіз қауіп» деп те аталатын ангионевротикалық ісік дененің кез келген бөлігінде, ішкі ағзаларында, бетінде, көмейде, іш қуысында, жыныс жолдарында кенеттен пайда болады. Мұндай кезде адамның ерні дүрдиіп, беті домбығып, көздері жұмылып, аяқ-қолдары ісініп шыға келетіндіктен, жұрт көзіне көріне алмай, қиналып қалады. Ең қорқыныштысы - көмейдегі ісік, өйткені науқас дем жетпей, тұншығып өлім құшуы мүмкін. Бірақ ұстамалардың қайсысы тыныс жолдарын жауып қалатынын алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан мамандар сирек болса да қайғылы жағдайларға  душар болып қалмауы үшін жұрттың мұндай да кесел бар екендігінен хабардар болып, белгілерін біліп жүргені жөн деп есептейді.

Әлемдік статистикада тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну орта есеппен әр 50-100 мың адамның біреуінде кездеседі. Ал елімізде шамамен 700-1500 аралығында пациент бар деген болжам болғанымен, ресми түрде небәрі 100-ге жуық науқасқа нақты диагноз қойылған. Демек, бұл халықтың хабардарлығы әлі де төмен деген сөз.

– ТҚАІ  алдын  ала  болжанбайтындығымен қауіпті. Адам сырттай сап-сау көрінуі мүмкін, бірақ кез келген сәтте ажалмен бетпе-бет келуі ғажап емес. Ал медициналық қауымдастықтың міндеті – пациенттер мен олардың жақындарын бастапқы белгілерін бірден байқап, дер кезінде дабыл қағып,  мамандандырылған көмекке жүгінуге үйрету, – дейді «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты» АҚ жанындағы Республикалық аллергологиялық орталықтың басшысы, Алматы қаласының штаттан тыс бас аллерголог-иммунологі Арай Батырбаева.

Пікірталас барысында мамандар алғашқы иммун тапшылығы тобына жататын сирек кездесетін кеселдің тұқым қуалайтындығына, егер отбасының бір мүшесінде ТҚАІ анықталса, бұл оның жақын туыстарын да тексеруден өткізуге түрткі болуға тиіс екендігіне тоқталды.

Паблик-ток түріндегі кездесуге өзі де, қыз­­дары да осы дертпен туған пациент келіп, басынан өткен жағдайды ортаға салды. Тұқым қуалайтын кесел қыздарынан ту­ған жиендеріне берілген, дегенмен ұлдан ту­ған немерелері дін аман көрінеді. Диагноз қо­йылғанға дейін үрейге беріліп, тіпті ағзасында не болып жатқанын түсінбей келген пациенттер ендігі жерде заманауи препараттарға сүйеніп өмір сүріп жатқанын айтады.  

Кездесуде сарапшылар ТҚАІ-ға шал­дыққан пациенттерге ем-дом жүргізудің жаңа әдіс, тәсілдері туралы баяндады. Қазірде ұзақмерзімді профилактика ауруды бақылаудың ең тиімді стратегиясы ретінде қарастырылып отыр. Ұзақмерзімді профилактика арқылы ұстамалардың жиілігі мен жанға батуын едәуір төмендетіп, жедел медициналық көмекке жүгіну қажеттілігін азайтуға, пациенттердің денсаулығын айтарлықтай жақсартуға болады.

Кездесуде тележүргізуші Вера Захар­чуктың «Медицина KZ» авторлық бағдар­ла­масынан тұқым қуалайтын ангионев­ротикалық ісінуге арналған үзінді ұсыныл­ды. Бағдарламада пациенттердің бастан өт­керген бүкпесіз оқиғалары арқылы сирек ауру­лармен алысып жүрген жандардың қандай жағдайлармен бетпе-бет келетіні боямасыз баяндалған. Жылдарға созылған белгісіздік, тіпті ертеңгі күнді жоспарлай алмау, кеш қойылған диагноз, емделу жолындағы кейбір кедергілер олардың өміріне тікелей әсер ететіні айқын көрініс табады. Бағдарлама үзіндісі медициналық терминдер мен статистиканың ар жағында нақты адам тағдырлары тұрғанын тағы бір мәрте еске салып өтті.

Сарапшылар жиынды қорытындылай келе, пациенттік қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін бір алаңда тоғыстырған ашық диалог жауырды жаба тоқымай, оны шешудің жолдарын жүйелі түрде қарастыра отырып, заманауи медицинаның озық мүмкіндіктері жөнінде де хабардарлықты арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

«Такеда Қазақстан» компаниясы туралы

«Такеда Қазақстан» – бас кеңсесі Жапонияда орналасқан, адамдардың денсаулығын жақсартуға, бүкіл әлемге  жарқын болашақ қалыптастыруға бағытталған Takeda жаһандық биофармацевтикалық компаниясының бөлімшесі. Компания пациенттердің өмір сапасын арттыратын дәрілік препараттарды әзірлейді, негізгі терапевтік әрі бизнес бағыттары бойынша терапияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған бағыттарға гастроэнтерология, қабыну аурулары, сирек кездесетін аурулар, қан плазмасына негізделген терапия, онкология, неврология, вакциналар кіреді. Құндылықтарға негізделген, инновацияға ұмтылған жетекші биофармацевтикалық компания ретінде Takeda пациенттерге, қызметкерлерге, тұтастай планетаға қамқорлық жасауды өз міндетіне айналдырған. Әлемнің 80 елi мен аймағындағы қызметкерлер компанияның екі ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқан миссиясы мен құндылықтарын басшылыққа алады.

Қазақстанда компания 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Компания портфелінде 20-дан астам препарат, оның ішінде 10 инновациялық әрі өмірлік маңызды өнім бар. «Такеда Қазақстан» пациенттердің өмір сапасын жақсартуға, терапияның қолжетімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді дамытуға жүйелі түрде инвестиция салып келеді. www.takeda.com/kk-kz/

Ақпарат «Такеда» компаниясының қолдауымен тек ақпараттық мақсатта ұсынылды. Ауруды диагностикалау немесе емдеу мәселелері бойынша өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.

«Такеда Казахстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 77, 6-қабат, Тел.: +7 (727) 244 40 00 Электрондық пошта: [email protected] 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Күрес • Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Марапат • Кеше

Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Қоғам • Кеше

Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі

Қоғам • Кеше

Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған

Оқиға • Кеше

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

Қоғам • Кеше

Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Ауа райы • Кеше

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Оқиға • Кеше

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

Оқиға • Кеше

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?

Экономика • Кеше

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Әскер • Кеше

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

Мереке • Кеше

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

16 Маусым 2026 17:48see120

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

17 Маусым 2026 02:35see116

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see115

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see115

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

16 Маусым 2026 23:01see113

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see112

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see112

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see111

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see111

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see110

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see110

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see110

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see108

Өз қолымен және бюджетсіз: Форт Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды

16 Маусым 2026 16:41see107

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

17 Маусым 2026 00:04see106

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see105

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see104

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see104

Өндіріске өріс ашатын бастама

17 Маусым 2026 08:14see103

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары