Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Нағыз баукеспе

Жалпы, ұрлық дегеннің қай түрі болса да сүйкімсіз екені рас. Біреу білер, біреу білмес, кітапқа құмар ортаның арасында «библиоклептомания» деген бір ауру бар.

Бұл ауруға шалдыққандар кітапты ешқашан өз ақшасына сатып алмайды, яки сұрап әуре болмайды. Қойнына қыса кетіп, білдірмей ұрлап алады. Бұл аурудың ерекшелігі де сол, ешқандай жолмен жазылмайды, сүйекке сіңген әдет дерсіз. Әлемдегі әйдік кітап ұрлағыштардың әккісі Стивен Блумберг болыпты. Ол 300 кітапханадан 20 мыңнан астам тәуір кітапты жымқырған. Осы бір мақсатқа жетер жолда Стивен кітапханаға желдету жүйесі немесе лифті шахтасы арқылы кірген көрінеді. Енді кітап ұрлауды өнер демей көріңіз. Айтпақшы, Қадыр Мырза Әлі де осы кітапұрлағыштардан әрқашан сақтанып жүрген. Ақынның аңызға бергісіз бай кітапханасы болғаны мәлім. Бірде оған: «Қадыр аға, шыныңызды айтыңызшы, сізге Алматыда тұрған ұнай ма, әлде Орал жақсы ма?» деп сұрақ қойылыпты.

– Моя родина там, где моя библиотека, – деген екен Қадыр ақын ойланбастан. «Менің кітапханам қайда болса, отаным сонда» дейтін атақты Эразм Роттердамскийдің сөзі бұл. Жиған жақсы кітабын бар байлығына балайтын тау-тұлға үйіне келген замандастарын шығарып салып тұрып, міндетті түрде құшақтап, кеуде түйістіріп қоштасады екен. Бұл құшақтасудың түпкі мақсаты – сөредегі бір кітабы қонақтың қойын-қалтасында кеткен жоқ па деген күдік. «Ұрыны» ұстаудың нағыз шебері Қадыр ақын болған ба дерсіз.

...бәрі жарасады

Сонау 1906 жылдың күзінде орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой әйгілі Нобель сыйлығынан бас тартыпты. Онымен қоймай «әлдеқандай керосин сатушы Нобель сыйлығын ұсынады, бұл қалай болды?» деп келемеж қылыпты. Әлем әдебиетіндегі нөмірі бірінші сыйлықты да менсінбеуге бола ма дерсіз. Әйтсе де Толстойға бәрі жарасады...

1906 жылы Ресей академиясы Толстойды Нобель сыйлығына ұсынып, Стокгольмге хат жібереді. Сонда Лев Николаевич бұл «ыңғайсыздықтың» алдын алу мақсатында шығармаларын фин тіліне аударатын жақын досы – Арвид Ярнафельдке қолқа салыпты. Одан Швециядағы таныстары арқылы сыйлықты өзіне бермеуін сұрауды өтінеді. Сыйлық берілген жағдайда бас тартудың ыңғайсыз болатынын да айтады. Ал Ярнафельд бұл өтінішті орындап, 1906 жылғы Нобель сыйлығы италиян ақыны Джозуэ Каддучиге бұйырады.

«1901 жылы енді ғана беріліп жатқан, әлі айналасында дау басталып үлгермеген сыйлық жайында «қарияның» құлағдар болуы да күмәнді жағдай. Швеция хатшысы Карл Вирсен Толстойдың өлмейтін шығармалар тудырғанын мойындай отырып, оның сыйлықты иеленуіне мүлдем қарсы болғаны» туралы жазады Хусан Эрматов өзінің «Нобель сыйлығының лауреаттары» атты кітабында.

Толстой ақсақал әлемдегі ең «ұлық» сыйлықтан саналы түрде бас тартқан соң әдеби орта қызу талқыға салып, бұл күтпеген шешімнің жыры біразға дейін басылмады. Оқырман хаттары да лек-легімен ағылды. Бәрі де жазушыны Нобельге лайық көретіндерін жеткізеді. Осындай хаттар ағымынан соң Лев Толстой: «Қадірлі де құрметті, бауырлар! Нобель сыйлығы маған берілмегеніне қуаныштымын. Бұл біріншіден, зұлымдық келтіруі мүмкін болған ақшаларды сарп ететіндей ауыр жұмыстан босатты, екіншіден, мүлде бейтаныс, бірақ өте қадірлі осыншама адамдардан жылы лебізді хаттар алу – мен үшін үлкен мәртебе!» деп хат жазады.

Осы орайда еске салайық, Нобель сыйлығының тарихында классик жазушының бұл қадамын одан кейін тағы сегіз автор қайталаған.

Қорықшыға қызығу

Жазушының қолынан жақсы жазудан басқа не келеді дейміз ғой. Десек те көркем әдебиеттен бөлек әлемде де талантты авторлар бар. Бұған өз әдебиетімізде де, әлемде де мысал көп.

1985 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Сөзстан» жинағында көп­теген қаламгерге сауалнама сұрақтары қойылыпты. Сонда «Кенеттен қолы­ңыздан жазу келмей қалса, қандай кәсіптің құлағын ұстар едіңіз?» деген қызық сұраққа жазушы Қажығали Мұханбетқалиев: «Адам аяғы баспаған қалың тоғайлардың біріндегі жалғыз үй қорықшының көмекшісі болып кетер едім. Қорықшы болу – бала күннен бергі арманым» деген екен.

Қасиетті қалам

Шығармашылық адамының жан дүниесінде, ми қыртыстарында не болып жатқанын білу әсте мүмкін емес. Болмысы бөлек жандардың әр нәрсеге көзқарасы да ерек болса керек.

Көп оқырманның сүйікті жазушысы Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын сынғанша қолынан тас­тамай, ішін ғана ауыстырып отырады екен. «Мен тек автоқаламмен жазамын. Жазуды бастағалы бері автоқаламымды екі-ақ рет, асып кетсе, үш рет ауыстырыппын. Қырық жылға жуық уақыт ішінде ұстағаным – үш-ақ қалам. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. Ырым. Сенім», дейді өзі.

Ал Шерхан Мұртаза кәдімгі көп адам қолданатын қаламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жазғанын еш өзгертусіз машинкаға жіберуге тырысқан.

Парижде көшесі бар...

Қайбір жылы Парижге жолымыз түскенде арнайы «Виктор Гюго даңғылын» іздедік. Жазушы жүрген жолмен із басқымыз келді. Гюго дәуірінен қалған қабырғаларды ұстағымыз келді.

Ол өмірінің кейінгі жылдарында Париж көшелерінің біріндегі жекежайда тұрды. Бұл көше жазушының көзінің тірісінде-ақ халық арасында «Виктор Гюго даңғылы» деген мәртебеге ие болған. Мәселен, Виктор Гюго хаттарындағы мекенжайға тек «Месье Виктор Гюгоның Париждегі даңғылынан» деп жазады екен. Көшенің ресми атауы аталмайды. Бастысы, Гюгоның есімі бар. 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары