“Сіз оның шайына бірдеңе қосып жібердіңіз!“ Қазақстандық мұғалімдердің 10 түршігерлік мойындауы
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мұғалімнің еңбегі қаншалықты қиын екенін көбіне педагогтердың өздері мен олардың отбасылары ғана біледі. Біз оқырмандарымызға қазіргі мектеп туралы өз шындығын айтып беруді ұсындық. Tengri Life материалында - кәсіби қажу, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар және кейде сүйікті мамандығына адалдық қандай құрбандықты талап ететіні туралы шынайы оқиғалар.
Барлық оқиға анонимді жарияланады. Кейбір әңгімелерді қысқартып, қатысушыларды танытып қоюы мүмкін жекелеген жайттарды өзгерттік, бірақ болған жағдайдың мәні сақталған.
1-оқиға. "Жеке өмірге құқығы жоқ функция"Бұл оқиға болған кезде менің аяғым ауыр, мерзімі де едәуір үлкен еді. Елестетіп көріңізші: түнгі сағат екі. Қоңырау шалынды. Кейін тағы біреуі. Тағы да. Бір ана маған сағат сайын оятқыш орнатқандай қоңырау шалып шықты. Жалғыз ғана талабы - неге мен әлі күнге дейін оның ұлының БЖБ бағасын қоймағанмын.
Түнгі сағат екі. Адам желінің арғы жағында ұйықтамақ болған, шаршаған, оның үстіне аяғы ауыр әйел екенін мүлде ойламастан, нәтижені дәл қазір талап етіп тұр.
Телефонды қоя салып, еңкілдеп жылағаным есімде. Осы қоңыраулардан кейін көңіл-күйім түскені соншалық, таң атқанша көз жасымды тыя алмадым. Сондай жиіркенішті әрі өкінішті болды. Олар үшін сен адам емессің - сен жеке өмірге құқығың жоқ, 24/7 жұмыс істеуі тиіс функциясың.
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Ұлым университетті бітірген соң мектепке жұмысқа орналасты. Ол өз мамандығын қатты жақсы көріп, балаларға көмектескісі келді. Бірақ жарты жылдан кейін-ақ бір ананың кесірінен оның өмірі тозаққа айналды.
Ол әйел баласын үнемі бақылауда ұстап, мұғалімнен де соны талап ететін. Бастапқыда ұлыма хабарламаларды қарша боратты: тек қана "бестік" қоюды, ескерту жасамауды және бақылау жұмыстарындағы қателерді көрсетпеуді өтінетін.
"Ол бұған ренжиді, өзіне деген сенімі төмендейді", - деп түсіндіретін ол.
Кейін ұлым оған түнде жауап бермейтін болды. Сол кезде әйел оның қайда тұратынын біліп алып, үйіне келіп былай деді:
"Неге мені елемейсіз? Сіз бірден жауап беруге міндеттісіз".
Осыдан кейін ұлым өзін біреу аңдып жүргендей сезіне бастады. Телефоны тынбай шырылдайтын, ал сол әйелден хабарлама келген сайын ол үрейленетін болды.
Бірде ұлым шетелге барып, демалыстағы суреттерін жариялады. Келесі күні әлгі ана тағы ұрыс шығарды. Ол мұғалім өзінің жеке өмірін көрсетпеуі керек және тек жұмыс туралы материалдар жариялауға құқылы деп мәлімдеді.
Қазір ол жұмыстан шығып кетті, такси жүргізушісі болып істейді. Бұл сұмдыққа қайта оралғысы келмейтінін айтады.
3-оқиға. "Күйеуім менімен бірге тұруға шыдамады"Ең қорқыныштысы - мамандығым жеке өмірімді құрта бастады. Күйеуім екеуміз ажырасуға арыз бердік. Негізгі себебі не екенін білесіз бе? Менде оған бөлетін уақыт мүлде жоқ. Мүлдем.
Үйге кеш келемін, бірақ сүйікті адамыммен бірге болудың орнына, қайтадан үйілген дәптер мен қағаздарға отырамын. Түн ортасына дейін солай отырамыз - әркім өз бетімен, тым-тырыс. Күйеуім менімен бірге тұруға шыдамады. Үйде жоқпын десе де болады. Сөйлесу де, жылулық та жоқ - тек шексіз стресс.
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Менің физика мен робототехникадан сабақ беріп жүргеніме жеті жыл болды. Осы жеті жыл бойы өзгелер маған ықтимал қылмыскер сияқты қарайтындай сезімде жүремін.
Мектепте ер адам болсаң, көптеген жазылмаған, шектен тыс күдікке негізделген ережелерді сақтауға міндеттісің. Консультация кезінде кабинеттің есігі әрқашан айқара ашық тұруы керек. Оқушы қызды жобасы үшін мақтасаң - тек қатаң ресми тонмен, артық жымиып қоюдан құдай сақтасын. Егер бала дене шынықтыру сабағында құлап қалса немесе дәлізде соғылып қалса - тұруға көмектесу үшін қолыңды созуға да құқығың жоқ.
Шешуші сәт қыста болды. Бесінші сыныптың қызы сабақтан соң дәлізде жылап отыр екен - үйінің кілтін жоғалтып алыпты, тоңып қалған, телефоны өшіп қалған. Мен жай ғана жанына барып, пауэрбанкімді бердім және мұғалімдер бөлмесінен ыстық шай әкеліп бердім. Екі сағаттан кейін мені директорға шақырды. Табалдырықта оның қаһарланған әкесі айқайлап тұр:
"Неге менің балама тиісесіз?! Оның шайына не қосып бердіңіз?!"
Сол кеште мені қылмыскер сияқты тергеді. Ешкім мән-жайды түсінуге де тырысқан жоқ. Осыдан кейін менің бойымды бір салқындық билегендей болды. Қазір оқушының жағдайы нашар екенін немесе көмек керек екенін көрсем, жанынан өтіп кетіп, әйел мұғалімді шақырамын. Түсінесіз бе? Жүйе мені бейжай болуға мәжбүрледі, өйткені ер мұғалімнің кез келген адамгершілік танытуы бірден қауіп ретінде қабылданады.
5-оқиға. "Қараңғыда қорқып, жалғыз жүрмеуге тырысатын"Бұл оқиға мен жоғары сыныпта оқып жүргенде сынып жетекшіммен болған еді. Мектебіміздегі жоғары сыныптың бір оқушысы емтиханнан төмен баға алып, мұғалім маған әділетсіздік жасады деп шешеді.
Кейін ол сынып жетекшісінің үйіне келіп, оны ұрып жіберген. Мұғалім есінен танып қалыпты, оны көршілері тауып алып, жедел жәрдем шақырған.
Шабуылдан кейін ол ұзақ уақыт жұмысқа шыға алмай, физикалық әрі психологиялық тұрғыдан қалпына келуге тырысты, бірақ бұрынғы өміріне қайта орала алмады. Мектепке оралғанда үнемі көзілдірік тағып жүретін болды. Осылайша өзін сабырлы әрі қауіпсіз сезінетінін айтатын.
Ол қараңғыдан қорқатын, жалғыз жүрмеуге тырысатын және артынан естілген аяқ дыбысына үнемі құлақ түріп жүретін. Қасында ешқандай қауіп болмаса да, ол әрқашан жамандық күтіп тұратынын байқайтынбыз.
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Былтыр қыста қатты ауырдым. Екі жақты пневмония, дене қызуы 40-қа дейін көтеріліп, жедел жәрдеммен алып кетті. Палатада көктамырыма дәрі жіберіп жатыр, демалу қиын, басым ауырып барады.
Ауруханада жатқан екінші күні жұмыс телефоныма маза бермеді. Оқушылар бірінің анасы жазыпты:
"Неге байланысқа шықпайсыз? Тоқсан аяқталуға жақын, ұлымның бағасы екіұшты болып тұр, бүгін одан бақылау жұмысын қайта алыңыз!".
Мен былай деп жаздым:
"Мен пневмониямен ауруханада жатырмын, еңбекке жарамсыздық парағындамын, екі аптадан кейін ораламын".
Жауап мені есеңгіретіп тастады. "Сауығып кетіңіз" немесе "жазылыңыз" деген сөз жоқ. Әлгі әйел былай дейді:
"Енді не болды? Сіздің ауруыңыз үшін менің балам бағасыз қалуы керек пе?! Палатада жатып-ақ видеобайланыс арқылы оқытсаңыз болады ғой, сізге ол үшін ақша төлейді емес пе!".
Сол сәтте ішімде бір нәрсе біржола сөніп қалғандай болды. Сен аурухана төсегінде өлім аузында жатсаң да, олар үшін адам емессің. Сен жай ғана ақысы төленген қызметсің, бірінші талап бойынша ағуы тиіс су краны сияқтысың.
7-оқиға. "Анам мені жақсы көрмейді деп ойлайтынмын"Анамның түріне қарап, еңіреп жылағым келеді. Оның сабақ беріп жүргеніне 28 жыл болды. Ширек ғасыр, түсінесіз бе? Осы 28 жыл ішінде оның жай демалып отырғанын бірде-бір рет көрмеппін. Бірде-бір кеш бос болған емес.
Бала кезімде анам мені жақсы көрмейді деп ойлайтынмын, өйткені ол үнемі қағазбастылықтан басын көтермейтін. Ал қазір қарап тұрып түсінемін: оның өмірін қағазбастылық жұтып қойған. Мұғалім сабақ беруі, балалардың ынтасын оятып, оларға қуат беруі керек! Оның орнына анам қағазға көмілген жансыз роботқа айналды.
Ең сорақысы, ол тәулігіне 16 сағат жұмыс істейді, ал соның ширек бөлігі ғана сабаққа жұмсалады! Қалғанының бәрі - мағынасыз конвейер: шексіз жоспар, есеп, электронды журнал мен үйілген дәптер. Бірде түнде су ішуге ас үйге шыққаным есімде, анам қараңғыда монитор алдында отыр, шаршағаннан көзі жыпылықтап, дәрменсіздіктен үнсіз жылап отыр, өйткені жүйе толтырылған сабақ жоспарын тағы да өшіріп тастаған. Адам денсаулығын, көзін, жүйкесін не үшін сарп етіп жүр?
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Менің бірнеше мұғалім құрбым бар. Олардың жұмыс күні сағат нешеде аяқталатынын білесіз бе? Ешқашан.
Бірде кешкісін шай ішіп отырғанбыз, сағат он бірге таяп қалған. Құрбымның телефоны тынымсыз шырылдай бастады. Оқушылар бірінің анасы хабарласып тұр. Құрбым сабыр сақтап, тұтқаны көтерді, ал арғы жақтан мүлдем үйреншікті дауыспен:
"Ой, біз мұнда үй тапсырмасын орындап жатыр едік, 45-беттегі тапсырманы түсінбедік, бізге түсіндіріп жіберіңізші".
Яғни, адам түн ортасына таяғанда мұғалімге хабарласып, үйіне репетитор бол деп талап етуді қалыпты жағдай деп санайды! Ал егер жауап бермесең - ертең ата-аналар чатында "мұғалім ата-аналарды елемейді және балаларға көмектескісі келмейді" деген хабарламалар ағылады.
Осындай тұрақты бақылау мен жұмыстан тыс уақыттағы қоңыраулардың кесірінен оларда жеке өмір мүлдем қалмайды. Сен үнемі ширығып жүресің, үнемі біреуге қарыздар сияқтысың.
9-хикая. "Мұндай заттарды сатып алуға қалай дәті барады?"Менің бір танысым мұғалім болып істейді, ол уақыт өте келе әлеуметтік желі жүргізуден қорқа бастағанын айтады. Жасыратын бірдеңесі болғандықтан емес, кез келген сурет ата-аналар арасында талқылауға себеп болуы мүмкін болғандықтан.
Бірде оқушының анасы оның қымбат сөмкесі мен телефонын көріп, ескерту жасай бастаған. Әйел мұғалімде мұндай заттар қайдан жүргенін және педагогтың мұндай заттарды сатып алуға қалай дәті баратынын сұраған. Танысым өз жұмыс істейтінін, жалақы алатынын және өз ақшасын неге жұмсайтынын өзі шешетінін түсіндіруге мәжбүр болған.
Басқа бір мұғалімге қатысты жағдай бұдан да жағымсыз болды. Ата-аналар оның әлеуметтік желісінен демалыста достарымен бірге дәмханада отырған видеосын тауып алған. Осыдан кейін оған "уақытын олай өткізгені үшін" наразылық хабарламаларын жаза бастаған. Соңында әйел видеоны өшіріп, әлеуметтік желіге ештеңе жарияламайтын болған.
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Мен лицейдің бітіруші сыныбына химиядан сабақ бердім. Балалар үшін бұл маңызды жыл еді: алда емтихандар, медальдар мен гранттар үшін күрес тұрды. Бірақ бір оқушы мүлдем талпыныс білдірмеді. Ол пәнді нашар білетін, қарапайым нәрселерді есіне түсіре алмайтын және сабақта үнемі ұйықтап отыратын. Бұл ретте оның әкесі қаладағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі болатын.
Тоқсанның аяқталуына бір апта қалғанда директор мені шақыртып алды. Кабинетте оқушының әкесі отыр екен. Ол сөзді созбалақтамай: "Бізге жылдыққа бестік керек", - деп төтесінен салды.
Мен бас тарттым. Осыдан кейін өмірімнің берекесі кетті. Екі күннен соң аулада тұрған көлігімнің үстіне кірпіш құлады. Әрине, бәрі "кездейсоқ" болған-мыс. Көп ұзамай лицейде жоспардан тыс тексеріс басталып, маған жан-жақтан қысым көрсетіле бастады.
Бұл жағдай бір айға жуық уақытқа созылды. Ақыры бұдан әрі шыдау мүмкін емес екенін түсініп, оқу жылының ортасында жұмыстан кеттім.
Өз хикаяңызды айтып беріңізӘркімнің бөліскісі келетін оқиғасы бар. Біз Tengrinews.kz оқырмандарының жеке тәжірибесі - отбасы, жұмыс, ақша, қарым-қатынас, денсаулық, күтпеген жағдайлар мен маңызды шешімдер туралы жиірек жазғымыз келеді.
Сондықтан оқырмандарымызға Instagram, Telegram және Threads-те сұрақтар қойып тұрамыз. Парақшаларымызға кіріп тұрыңыз, іштегі шеріңізді немесе шабыттандыратын оқиғаңызды ашық не анонимді түрде бөлісіңіз. Бәлкім, дәл сіздің тәжірибеңіз жаңа хикаяға арқау болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 17:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















