Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

“Бірдеңе ата бастады“. Павлодардағы фитнес клубта қазақстандық әйел тірідей жанып кете жаздады

“Бірдеңе ата бастады“. Павлодардағы фитнес клубта қазақстандық әйел тірідей жанып кете жаздады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Павлодардағы фитнес-клубтардың бірінде келуші қыздың сөмкесіндегі портативті аккумулятор жарылып кетті. Қыздың бетін, қолын және денесін қатты күйік шалған, деп хабарлайды Tengri Life.

Павлодардағы фитнес-клубтардың бірінде келуші қыздың сөмкесіндегі портативті аккумулятор жарылып кетті. Қыздың бетін, қолын және денесін қатты күйік шалған, деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Павлодар тұрғыны Диляра 14 маусымда фитнес-залға келген. Жаттығуын аяқтаған соң, жиенін алып, түскі ас ішуге аттанған.

"Жолда штативимді ұмытып кеткенім есіме түсті. Басында қайтқым келмей, ертең алармын деп ойладым, бірақ жиенім дәл қазір барып алайық деп қоймады", - дейді ол.

Бұл шешім Диляраны бұдан да ауыр зардаптан сақтап қалған болуы мүмкін - жарылыс көлік ішінде немесе үйде емес, адам көп жиналған жерде болды. Оқиға қыз ішке кіру үшін аяқ киімін ауыстырып жатқанда, ресепшнде болған.

"Телефонымды диванға қойып, тәпішкемді кие бастағаным сол еді, кенет бірдеңе тарс-тұрс ете қалды. Не болып жатқанын түсінбедім. Айнала жым-жырт, тек әлгі жарылыстың дыбысы шығады. Сол сәтте өз сөмкемнің өртеніп жатқанын аңғардым", - деп бөлісті қыз.

Сөмке иығында асулы тұрған. Жалынның тез өршіп бара жатқанын көрген Диляра оны үстінен жұлып алуға тырысқан. Жанып жатқан затты жерге лақтырып жіберіп, өзі шетке қашқан. Қызға фитнес-клуб қызметкерлері көмекке ұмтылған.

"Қызметкер бірден өртсөндіргішпен сөндіре бастады, бірақ сөмке бет қаратар емес. Соңында оны далаға шығарып тастап, сол жерде әрең дегенде сөндірді", - деді ол.

Кейін фитнес-зал әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Диляраның айтуынша, ол алғашқы минуттарда жарақатының қаншалықты ауыр екенін сезбей, тіпті ауруханаға барудан бас тартпақ болған.

"Клуб әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер бес минуттың ішінде жетіп, жарамды өңдей бастады. Мен жағдайдың қаншалықты күрделі екенін толық түсінбедім, тіпті жедел жәрдем шақыруға қарсы болдым. Бірақ айнадан өз бейнемді - күйіп кеткен шаштарымды көргенде, еңіреп жылап жібердім", - деп атап өтті ол.

Дәрігерлер зардап шегушіні күйік орталығына жеткізген, алайда кейін ол емді ата-анасының қарауында, үйде жалғастыруды жөн көрген.

"Өте қатты ауырды, қолым лапылдап жанды, оның үстіне даладағы аптап жағдайды қиындата түсті. Мені бірден ауруханаға жатқызбақ болды, бірақ мен бас тарттым: аурухананы ұнатпаймын, маған анамның қасында, үйде болған жақсы", - дейді Диляра.

Қыз қандай жарақат алды?

Тілсіз жау денесіне де жайылып үлгерген.

Диляраның айтуынша, оның:

шашы күйіп кеткен; қасы мен кірпігіне зақым келген; сөмке асулы тұрған жақ бүйірі қатты күйген; қолтық асты, екі алақаны мен оң жақ білегі күйіп қалған; іш тұсы зақымданған.

Диляра фитнес-клуб қызметкерлеріне алғысын білдірді: оның айтуынша, егер олар өртсөндіргішпен дер кезінде көмекке келіп, дәрігерлерді шақырмағанда, салдары бұдан да қорқынышты болар еді.

"Фитнес-клуб қызметкерлеріне өте ризамын. Олар бірден өртті сөндіруге кірісіп, жедел жәрдем шақырды", - деді ол.

Зардап шегуші қандай қауіп туралы ескертті?

Диляра портативті аккумулятор қолданушыларға сақ болуды ескерту үшін өз оқиғасын айтып беруді жөн көрген.

Ол келесідей кеңес береді:

пауэрбанктерді мұқият таңдап, күмәнді құрылғыларды сатып алмау; құрылғының корпусында сызат пен зақымның бар-жоғын үнемі тексеріп отыру; ісінген немесе деформацияланған аккумуляторлардан бірден құтылу; электрониканы күн көзінде, көлік ішінде немесе қатты қызып тұрған бөлмелерде қалдырмау.

Бұл мұндай алғашқы жағдай емес. Былтыр Алматыда жасөспірімнің қалтасында пауэрбанк жарылып кеткен болатын. Ол денесінің 20 пайызы зақымдалған IIIБ дәрежелі күйік алған.

Тағы оқыңыз: Танымал гаджет ұшақта өртенуі мүмкін - ғалымдар себебін түсіндірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 16:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары