Солтүстік Аралды сақтау тетіктері қаралды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қызылорда облысында ирригация желілерін автоматтандыру жобасы дайындалып жатыр.
Сол арқылы суды тиімді пайдаланып, үнемделген тіршілік нәрін Солтүстік Аралға бағыттау көзделген. Сонымен қатар Көкарал бөгетін жаңғырту жобасы қолға алынды. V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы теңізді сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Бұл мәселе мемлекеттік су саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Соның негізінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесіп, аталған жобаларды бірлесе жүзеге асыру тетіктерін талқылады. Сондай-ақ тараптар бұл мәселелерді Халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына шығару туралы келісті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 11:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















