Солтүстік Қазақстан облысында мас жолаушы жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға Шал ақын ауданында болған. Lada автокөлігі аударылып қалған жерге патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылған.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатқан кезде көліктегі жолаушылардың бірі агрессивті әрекетке барған. Мас күйде болған 62 жастағы ер адам 37 жастағы медбикеге жұдырық ала жүгірген.
«Күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері заңда көзделген арнайы шараларды қолданды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша жедел медициналық жәрдем қызметкеріне күш қолдану фактісімен қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.
Тексеру барысында анықталғандай, көліктегі үш адам да мас күйде болған. Көлікті басқарған 52 жастағы аудан тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Павлодарда да болған еді. Медицина қызметкерлері науқасқа көмек көрсетуге әрекеттенген кезде ол жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала ұмтылған. Науқас жүргізушіні соққыға жығып, медициналық препараттарды жарамсыз күйге жеткізген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 17:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















