Сөмкемде тапанша бар : Атырауда ер адам ұшақтан түсірілді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Атырау әуежайында ер адам ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
34 жастағы Түркістан облысының тұрғыны әуежай қызметкерлерінің "заңға қайшы заттар бар ма?" деген сұрағына сөмкесінде тапанша бар екенін айтқан. Оқиға "Атырау–Шымкент" бағытындағы рейсте тіркелу кезінде болған.
Әуежай қызметкерлері бірден Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөліміне хабарлаған.
"Оқиғаға байланысты азамат рейске жіберілмей, тексеру жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама жасалып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - дейді полиция.
Тексеру барысында жолаушының тапанша туралы айтқаны жалған болып шықты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 20:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















