Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Сот блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты істі тоқтатты

Сот блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты істі тоқтатты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасау бойынша істі жабық отырыста қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот 30 қыркүйекте Ерболат Жанәбілов үйде жанжал шығарып, жұбайының қолынан ұстап, осылайша оның тыныштығын бұзғанын анықтады.

"Аталған әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған. Жанәбіловтың әрекеттері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық ретінде сараланды", - деп хабарлады сот.

Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, ескерту жасауға не 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Құқық бұзушылықтың жасалғаны іс бойынша жиналған материалдармен, оның ішінде әлеуметтік желідегі бейнежазбамен расталды.

Сот отырысында Ерболат Жанәбілов хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, кінәсін мойындады, сондай-ақ жұбайымен татуласу ниетін білдірді. Блогер жұбайымен татуласу туралы жазбаша келісімді ұсынып, ол іс материалдарына тіркелді.

"Жәбірленуші Төлегенова сотта күйеуі ұрып-соқпағанын, олардың арасында сөзге келіспеушілік болғанын түсіндірді. Сондай-ақ күйеуімен татуласу ниетін растап, татуласу туралы келісімге өз еркімен, шын ниетімен, қандай да бір қысымсыз қол қойғанын көрсетті", - делінген сот хабарламасында.

Тараптардың расталған жазбаша татуласу келісімі негізінде сот тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот неге мұндай шешім қабылдады?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 64-бабына сәйкес, осы кодекстің 73-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласқан және келтірілген зиянды өтеген жағдайда, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

"Іс материалдарымен Жанәбіловтің бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны, өз кінәсін толық мойындағаны және жасаған ісіне өкінетіні анықталды. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ", - деп хабарлады сот.

Бұған дейін блогер Ерболат Жанәбілов сот алдында қайта жауап беретіні хабарланған болатын.

Әлеуметтік желідегі видео, полиция және отбасы-тұрмыстық жанжал

Күні кеше Жанәбіловтер отбасы Эльмира Төлегенованың әлеуметтік желідегі жазбаларынан кейін тағы жұрт назарына ілікті. Блогер күйеуімен жанжал болғанын айтып, одан және оның туыстарынан киім бөлмесіне тығылып, есікті ішінен іліп алғанын мәлімдеді. Видеода ол қолы қызарғанын да көрсеткен.

Кейін Төлегенова күйеуі тарапынан физикалық күш көрсету болмағанын нақтылады. Оның айтуынша, күйеуі екінші телефонын тартып алмақ болған соң, ол киім бөлмесіне қамалып алған. Сондай-ақ блогер қазір ажырасу процесі жүріп жатқанын хабарлады.

Астана Полиция департаменті 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде аталған жазбаны анықтағанын хабарлады. Оқиға орнына барған полицейлер отбасылық-тұрмыстық жанжал дерегін растады.

Төлегенова арыз жазудан бас тартқанына қарамастан, оның күйеуіне қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша шешімді сот қабылдауы тиіс.

Бұған дейін Ерболат Жанәбілов пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны белгілі болған: 28 тамызда сағат 22:00-ден кейін ол көрсетілген мекенжайда болмаған. Бұл факт бойынша материалдар да сотқа жолданды.

Тағы оқыңыз: “Бұл жеке мәселе деп есептеймін“: Жанәбіловтің ісі бойынша сотқа БАҚ қатыспайды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 19:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары