Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Спорттық әлеуеті зор мегаполис

Спорттық әлеуеті зор мегаполис

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде бұқаралық спортты дамыту – стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі. Себебі дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Осы орайда Алматы қаласында қолға алынған ауқымды жоба спорттың қолжетімділігін арттырып, халықты саламатты өмір салтына бейімдеуге айтарлықтай серпін беріп отыр.

Кейінгі жылдары мегаполис­те тұрғын үй аулалары­на, саябақтар мен демалыс аймақтарына дене-шы­нықтыруға арналған жат­тығу құрылғылары көп­теп орнатыла бастады. Бұл – спортпен айналысу­ды кәсіби деңгейде ғана емес, тұрмыстық дағдыға ай­нал­дыруға бағытталған қадам. Әсіресе таңғы, кеш­кі уақыттарда ашық алаң­қай­ларға шығып, жаттығу жа­сайтын тұрғындардың қатары көбейгені байқа­ла­ды. Мұндай бастамалар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қарттардың белсенді өмір сүруіне жол ашып отыр.

Біз айтып отырған нақ­ты әрі тиімді қадамдар әлеу­­мет­тік әділеттілік қа­ғи­да­тына оңтайлы әсер ет­кен. Бұқаралық спорт­тың ерек­шелігі – оның барлық жас­тағы, әлеуметтік жағдайы әртүрлі азаматтарға қол­же­тімді болуы, сол тұрғыда ашық спорт нысандары спорт залдары мен фитнес орталықтарына бара алмайтындарға таптырмас мүмкіндік. Жалпы, саламатты өмір салты ауқатты жандардың ғана емес, бүкіл халықтың өмір салтына айналуы керек.

Алматы қалалық әкім­ді­гі бұл бағытта ин­фра­­құ­рылымды дамытып қа­на қоймай, жүйелі түрде спорт­тық іс-шаралар, аула тур­нирлері мен челлендждер өткізіп келеді. Мәселен, «Аула лигасы», «Спортты таңда» сияқты жобалар жастарды тартудың нақты тетігіне айналған. Танымал спорт­шылармен кездесулер, шеберлік сабақтары да жұрт­шылықтың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті. Айталық, өткен жылы қалада бұқаралық спортты дамыту мақсатында 3 мыңға жуық іс-шара өт­кен болса, оның 35-і ірі ха­лық­аралық деңгейдегі жарыс­тар. Төрткүл дүние көз тік­кен бұл сайыстарды та­ма­ша­лауға 5 мыңнан астам турист мегаполиске табан тіреген. Шаһарда биыл он төр­тінші рет өткен «Алматы марафоны» жоба­сына осы жыл­дың өзінде әлемнің 40-тан­ астам елінен қонақ келді.

Статистикалық д­е­рек­тер­­ге сүйенсек, Алма­ты қаласында 924 мың адам денешы­нықтыру, спорт­­пен тұ­рақ­ты түрде шұғыл­дана­ды. Бұл қала хал­қы­­ның 42%-ға жуығын құрай­ды. 324 мың бала мен жасөспі­рім спортпен қамтылған. Бұл дерек елі­мізде бұқара­лық спорттың кең көлемде на­си­хатталып, мегаполисте спорт бұ­қаралық сипатқа ие бола бастағанын көрсетеді.

«Алматы қаласының бастамасы тұрғындарды са­ламатты өмір салтына тар­туға, жастар мен бала­ларды спортқа баулуға жол ашады. Бұқаралық спорт жай ғана жаттығу емес, бұл – мәдениет, бұл – ұр­пақтың болашағына са­лын­ған негіз. Мемлекет пен жер­гілікті билік тарапы­нан жасалып жатқан жағдайды тиімді пайдалану әр азаматтың өз қолында. Себебі белсенді өмір салты – аурудың алдын алудың, ұзақ өмір сүру­дің, мықты қоғам қалып­тастырудың басты шарты. Сондықтан саламатты өмір салтын бүгіннен бастау – ертеңге жасалған ең үлкен инвестиция. Аулаішілік алаң­дар көбейе бастады. Бұл спортты күнделікті өмір дағдысына айналдыруға кө­мек­теседі», дейді қо­ғам бел­сендісі Нұрлан Асқар­ұлы.

Қалада спорт залдары­ның көптеп ашылуына қолайлы жағдай жасалып жатыр. Бұл ретте Алматы қа­ласы мәслихатының шеші­мімен «Алматы қала­сын дамытудың 2025 жылға дейін­гі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспекти­ва­лар бағдарламасы» қабыл­данды. Оның аясында «Денешынықтыру және спорт саламатты өмір салтын қа­лыптастырудың негізгі құрам­дас бөлігі ретінде» жол­ картасы бекі­тілген. Жол кар­тасында қалада спорт инфрақұры­лым­дарын жақ­сарту, оның ішінде жаңа­ спорт нысан­дарын салу, қол­даныс­тағы­ларын жаң­ғыр­ту қарас­тырылған.

Бұдан бөлек, жыл са­йы­н 3 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу да көзделген. Кейінгі бірер жылда қаланың бір ғана Же­тісу ауданында 3 дене шы­нықтыру-сауықтыру ке­шені қолданысқа берілді. Атап айтқанда, біріншісі «Кемел» шағын ауданында орналасқан. Жалпы аумағы – 3024 шаршы метр, күндік қабылдау қуаты – 560 адам. Екіншісі, «Айнабұлақ» шағын ауданында ашылды. Жалпы көлемі – 3920 шаршы метр, 564 адамға шақталған. Үшіншісі әрі ең үлкені «Құлагер» шағын ауданында бой көтерді. Жалпы аумағы – 7 400 шаршы метр. Бір мезетте 900-ге жуық адам спортпен айналыса алады.

Бұқаралық спортты қол­дауға бағытталған іс-шара­лармен қатар, әкімдік тарапынан халықтың спортқа деген қызығушылығын арт­тыруға арналған нақ­ты бастамалар қолға алын­­­ған. Тамыз айында Спорт күніне орай өткен ме­­ре­ке­лік іс-шарада қала тұрғын­дарымен жүздескен Алма­ты қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қал­ды­беков: «Спортпен шұғыл­да­ну тәнді ғана емес, рухты да шыңдайды, жігер мен табандылықты дамытады. Мемлекет өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына жағдай жасап келеді, спорт бұл бағытта маңызды орын алады. Алма­ты еліміздің спорттық ор­талығы ретін­де үл­кен әлеует­ке ие. Алма­тыда­ спортты, әсіресе бұ­қара­лық спортты дамытуға ба­ғыт­талған жұмыстар үз­дік­сіз жалғаса береді», деп атап өт­кен болатын.

Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділет­ті Қазақстан: құ­қықтық тәртіп, эконо­ми­калық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айрықша назар аударылды. Жолдауда: «Бұқаралық спортты дамы­туға көбірек көңіл бөлу қажет. Мұнсыз саламатты жас­тарды тәрбиелеу, бү­кіл халықтың ден­сау­лы­ғын нығайту мақсатына қол жеткізу мүмкін емес» екені атап өтілді. Мемлекет басшысы сондай-ақ Ұлттық құрылтайда да бұқаралық спортты, оның ішінде балалар футболын дамытуға ерек­ше назар аударуды қадап айтты.

«Әрбір облыс, аудан ор­талығында, кент пен ауыл­да балаларға арналған фут­бол алаңы болуға тиіс. Бұл – алдағы екі жылдың мін­деті. Оның орындалуын тексереміз. Елімізде футболды дамытуға баса мән беру керек деп санаймын. Сонда ғана біз бүкіл әлемге танымал әрі әлеуметтік, бұқаралық спорт саналатын осы ойынды жаңа деңгейге көтере аламыз. Балаларды, жасөспірімдерді футболға қызықтыру арқылы лудомания, нашақорлық мәселесін біршама шешуге болады», деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Осы ұсыныстан кейін Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше футбол үйірмесі жұмысын бас­тады. Алматы қаласы әкім­дігінің дерегіне сүйен­сек, кейінгі екі жылда қала­да 500-ден астам ашық спорт алаңы салынды. Бұл алаң­дарда тұрғындар фут­бол, стритбол, воркаут,­ жеңіл атлетика сынды спорт түрлерімен тегін айна­лыса алады. Мұндай жо­ба­лар азаматтардың бел­сен­ділігін арттырып, қала мә­дениетінде спортқа деген­ қызығушылықты өсіріп отыр.

Мәдени құнды­лық­тарымыздың бірі ретінде ұлттық спорт түрлеріне де ерекше назар аударылады. Олардың қатарында қазақ күресі, тоғызқұмалақ секіл­ді танымал спорт түрлері бар.

АЛМАТЫ 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары