СҚО да Есіл өзенінің суы көтеріліп келеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, күннің жылынуынан қар мен мұз қарқынды еріп, өзендердің су деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен, бүгінгі сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша Возвышенка елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 85 см-ге, Рузаевка ауылының маңында Шарлық өзені 73 см-ге көтерілген. Иманбұрлық, өзенінің де су деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Әзірге келер қауіп жоқ.
Есіл өзені деңгейі Шөптікөл ауылының маңында таңғы сағат 8.00-де 331 см болса, төрт сағаттан кейін ол 41 см-ге жоғарылаған.
Өзендер мұз құрсауында жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін-ертең өңірде жылы ауа райы сақталып, сынап бағанасы +17 С дейін жоғарыламақ. Салдарынан автожолдарды су басу қаупі бар.
Бұған дейін Петропавлда еріген қар суы басуы мүмкін шағын аудандарда жедел штабтар құрылғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 14:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















