Сталкинг: алғашқы сот шешімі шықты
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Петропавлда «Сталкинг» бабы бойынша Қазақстандағы алғашқы сот шешімі шықты.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда 37 жастағы қала тұрғыны бір жарым жыл бойы бір әйелдің ізіне түсіп, маза бермеген. Тіпті қоқан-лоққы көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Жауапқа тартылған ер адам сот алдында жауап берді. Күдіктіге 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Полиция департаменті қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген бап бойынша тағы бір істі тергеп жатыр.
Махаббат Шәйкенова, ПД Басқармасының аға инспекторы:
- Адамды тұрақты және себепсіз аңду бұл жәбірленушінің қорқыныш, алаңдаушылық және қауіпсіздікті жоғалту сезіміне алып келеді. Қылмыстық кодекстің 115/1 бабы санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлды, 200 сағат қоғамдық жұмысты және 50 тәулікке қамауды қарастырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 20:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















