Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Стратегиялық дамудың бедерлі белесі

Стратегиялық дамудың бедерлі белесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл басында мерзімді баспасөзге сұхбат беруі саяси дәстүрге айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлымен әңгімелесіп, еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды.

Бұл жай ғана өткен жылды қорытындылау немесе алдағы жоспарды тізбелеу емес. Өйткені сұхбатта көтерілген мәселелердің ауқымы – кең. Онда экономикадан бастап қоғамдық санаға, технологиялық серпілістен әлеуметтік әділеттілікке дейінгі барлық маңызды бағыт түгел қамтылып, бірыңғай стратегиялық жүйе ретінде қарастырылады.

Президентіміз Қазақстанның реформаларды жүзеге асыруға біржола бет бұрғанын өткен жылдың басты қорытындысы ретінде атап өткен. Бұл мемлекеттік саясат уақытша науқан­шылыққа бой алдырмайтынын және құрғақ уәделермен шектелуге жол бермей­тінін көрсетеді.

Мемлекет басшысы экономикалық даму­дың сапасына ерекше мән берді. Былтыр экономикамыз 6 пайыздан аса өскені белгілі. Соның нәтижесінде ішкі жалпы өнім 300 млрд долларға жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Сұхбатта айтылғандай, бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш.

Ішкі жалпы өнімнің өсуі мен жан басына шаққандағы табыстың артуы маңыз­ды көрсеткіштер екені анық. Десе де, Пре­зидентіміз аталған бағыттағы оң көр­сеткіштермен бірге инфляция, әлеуметтік теңсіздік сияқты азаматтардың болашаққа деген сеніміне сызат түсіретін тұрақсыздық факторлары туралы да ашық айтты. Мұндай қадам проблемалардың салдарымен ғана емес, себебімен де күресуге тікелей ықпал етеді. Әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық сияқты мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды қағидаттарға негізделген қоғам құру жолында бұл айрықша мәнге ие.

Сұхбатта айтылған маңызды басым­дық­тар­дың бірі – цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі. Мемлекет басшысы бұл тақырыпты сән үшін емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздік мәселесі ретінде қарастырады. Президентіміздің «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек» деген пікірі – стратегиялық мақсаттың айқын тұжырымы. Қазіргідей жаңа технология дәуірінде бұл өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы десек, артық айтқандық болмайды. Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауының да түпкі мәні аталған тұжырымға табан тірейді.

Осы бағытта Astana Hub, IT-экспорт, суперкомпьютерлер, AI-Sana бағдарламасы, деректерді жаңа дәуірдің «қазынасы» ретінде бағалау Қазақстанның технологиялық көшке ілесіп қана қоймай, оның алдыңғы легінен орын алуға ұмтылып отырғанын көрсетеді. Мұндай мақсат жасанды интеллектіні тұтыну­шы емес, оны жасайтын және экспорттайтын ел болуды көздейтін стратегиялық ұста­ным екені сөзсіз.

Былтыр Парламент қабылдаған Цифрлық кодекс, Жасанды интеллект туралы заң және басқа да нормалар аталған саланың құқықтық негізін қалыптастырып, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыруға бағытталған болатын. Парламент, оның ішінде Сенат биыл да бұл саладағы белсенді заң шығару қызметін жүйелі түрде жалғастыра береді.

Президентіміз Салық кодексіне де ерекше тоқталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы салық реформасын мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісім ретінде қарастыру керек екенін атап өтті. Бұл жерде бақылау мен қысым емес, сенім мен серіктестік алдыңғы орынға шығып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, салық төлеу – отаншылдықтың озық үлгісі. Ол – мәжбүрлеу емес, ортақ жауапкершілік. Бұл қағида қоғамның саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Расымен, ашық, әділ әрі түсінікті салық жүйесі экономиканың кейбір бағыттарын көлеңкеден шығарып, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға қызмет ететіні анық.

Сұхбатта энергетикалық және ком­муналдық сектор да назардан тыс қалмаған. Мемлекет басшысы көп жылдар бойы сала­да­ғы қордаланған проблемаларды кейінге ысы­ру елді тығырыққа тірегенін ашық айтты. Арзан тарифтер, шын мәнінде, ауқатты топ­тарға берілген жасырын субсидия болып келгені жалған емес. Сондықтан бұл бағыт­тағы әділетті тариф, атаулы әлеуметтік көмек, тұтынуға қарай төлеу қағидаты эконо­ми­ка­дағы теңгерімді қалпына келтіруге арнал­ған шаралар екені сөзсіз.

Ядролық энергетикаға қатысты көзқарас та осы логикадан туындайды. Яғни сенімді энергия көзі болмаса, цифрлық экономика мен жоғары технология туралы сөз қозғау мүмкін емес. Сондықтан алдағы уақытта бірнеше атом стансасын салу арқылы тарихи олқылықтың орнын толтыру және техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастыру маңызды міндет ретінде белгіленді.

Көлік-логистика саласында қолға алынған бастамалар да еліміздің геосаяси орнын эконо­ми­калық артықшылыққа айналдыруға бағыт­талған. Президентіміз Қазақстанды Еуразия­ның көлік хабы ретінде қалыптастыруды стра­тегиялық мақсат деп айқындап, жаңа темір­жол магистральдары, халықаралық дәліздер, «Орта дәліз» секілді елдің транзиттік әлеуетін арттыратын іргелі жобаларға баса мән беріп отыр.

Ауыл шаруашылығы салаларына қа­тысты айтылған ойлардың да маңызы зор. Мемлекет басшысы мол қаржы бөлудің өзі жет­кіліксіз болатынын, басты мәселе – тиім­ділік пен нәтиже екенін нақты айтты. Әсіресе агросекторда коопера­цияны дамыту, мал шаруашылығын экспортқа бағыттау, масылдық психологиядан арылу саланы жаңа сапалық деңгейге көтерудің ұтымды жолы ретінде ұсынылды. Мұндай тәсіл­ді ауылдық аумақтарды экономикалық өсім көзіне айналдыру стратегиясы деуге толық негіз бар.

Мемлекет басшысы туризмді дамыту тек экономикалық емес, мәдени және басқару­шы­лық мәселе екенін айтты. Сұхбатта аталып өткендей, табиғи әлеуеттің молдығы өздігінен нәтиже бермейді. Озық көрсеткішке жету үшін кәсібилік, тәртіп, жауапкершілік қажет. Туризм – елдің халықаралық беделін қалыптастыратын маңызды салалардың бірі. Сондықтан бұл бағытта немқұрайдылық пен жалған белсенділікке жол беруге болмайды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі саясаттағы реформалардың мәнін айқындай оты­рып, саяси жүйені жаңғырту бір реттік нау­қан емес, ұзақмерзімді процесс екенін баса айтты. Жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты билік тар­мақтары арасындағы тепе-теңдікті күшей­ту, мемлекеттік шешімдер қабыл­дау тетіктерін ашық әрі тиімді ету екені анық.

Сұхбатта қозғалған маңызды тақырып­тар­дың бірі – парламенттік реформа. Мемлекет басшысы Парламенттің рөлін күшейту билікті орталықсыздандырудың және демо­кра­тиялық бас­қарудың маңызды алғы­­шарты екеніне тоқ­талды. Мұндай өзгерістер Парламентті шынайы саяси пікірталас алаңына айналдыруды көз­дейді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы 2026 жылдың айрықша тарихи салмағына назар аударып, биыл ел тағ­дырына тікелей әсер ететін ұзақмерзімді бағыт-бағдар айқындалатынын айтты. Бұдан осы жылы экономиканың құрылымы, мем­ле­кет­тің рөлі, әлеуметтік жауапкершілік мо­делі, технологиялық даму жолы түбегейлі түрде пысық­талып, ондаған жылға есептелген стра­­тегия­лық шешімдер қабылданатынын аңға­ра­мыз.

Мемлекет басшысы қазір Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстар қаралып жат­қанын, жоспарланған өзгерістер жаңа Конс­титу­ция қабылдаумен бірдей ауқымды жұмыс екенін де тілге тиек етті.

Сонымен қатар сұхбатта әскердегі ахуал, сыртқы саясат, сыбайлас жемқорлықпен күрес, заң­сыз активтерді елге қайтару, әлеу­меттік жеңіл­діктер, алаяқтыққа жол бер­меу және басқа да салаларға қатысты қоғамды алаңдатқан көп­теген сауалға нақты жауаптар берілген.

Президентіміз айтқан әлеуметтік масыл­дықтан арылу, адал еңбек пен кәсібилікті бас­ты құн­дылыққа айналдыру, заң үстемдігі мен әділет­тілік қағидатын күнделікті өмірде орнық­тыру – қоғамдық сананы жаңғыртуды көздейтін саяси бағдар екені сөзсіз.

Сондай-ақ сұхбаттан мемлекеттің бұрын­ғыдай барлық жауапкершілікті өз мойнына ала бермейтінін, бірақ шынайы мұқтаж аза­мат­тар­ға қолдау көрсету негізгі басымдық ре­тінде сақталатынын да аңғаруға болады. Бұл – әлеу­меттік мемлекеттің жаңа, әділетті әрі ор­нық­ты моделі. Қоғам белсенді, жауапты, талап­шыл болуға тиіс, ал билік ашық әрі есеп беретін жүйе құ­руға міндетті.

Жалпы сұхбатта Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңінде популизмге емес, нақты есепке, ұзақ­мерзімді ұлттық мүддеге табан тірейтіні ай­тылады. Мемлекет басшысы осы бағытта би­ліктің қоғаммен ашық диалогке дайын екеніне және ел болашағы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынына да назар аударды. Бұл – елі­мізді әділетті, технологиялық және бәсекеге қабі­летті мемлекетке айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың жарқын көрінісі.

Осы жолда ұлт болып ұйысып, әрқай­сымыз Пре­зидентіміз белгілеп берген стратегиялық мін­дет­терді орындауға өз үлесімізді қоссақ, таза, әділетті, қауіпсіз және өркендеген елдің берік не­гізін қалаймыз. Алдағы уақытта бәріміз ел болып, Мемлекет басшысының саяси бағдарын жүзеге асыруға белсенді атсалысамыз деп сене­мін.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

23 Мамыр 2026 11:00see110

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see109

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

23 Мамыр 2026 13:55see109

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see107

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

23 Мамыр 2026 18:58see106

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see106

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

23 Мамыр 2026 12:20see105

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

23 Мамыр 2026 16:37see104

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see104

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see104

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see104

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24 Мамыр 2026 19:11see100

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

23 Мамыр 2026 11:26see99

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

24 Мамыр 2026 16:05see99

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

24 Мамыр 2026 19:21see98

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

24 Мамыр 2026 09:43see98

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

24 Мамыр 2026 17:21see95

Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

23 Мамыр 2026 11:10see94

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

24 Мамыр 2026 10:30see93

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

23 Мамыр 2026 12:46see93
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары