Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Сәдірқызының сәулелі белесі

Сәдірқызының сәулелі белесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қоңыртөбенің баурайына жайғасқан Ақтерек ауылынан түлеп ұшқан қаламгер, есімі елге танымал журналист-жазушы, Ақпарат саласының үздігі, халықаралық Жамбыл атындағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Гүлзейнеп Сәдірқызының мерейлі жасқа толуына орай, аудандық Мәдениет үйінде «Әйел жаны» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атауы айтып тұрғандай әйел тағдырын арқау еткен шығармашылық кешке зия­лы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қаламгердің әріптестері мен ауылдас­тары қатысты.

Шығар­­машылық кеш­­­­тің шы­мыл­ды­­­ғы Гүлзейнеп Сәдір­­­қы­зы­ның қала­мынан туған «Нәлет», «Айбибі», «Әйел жаны», «Қатал үкім» атты отбасылық өмірдің шынайы бет-бейнесін баяндайтын әңгімелер мен повестер желісіне құрылған қысқаша қойылымдармен түрілді. Әр тақырыпқа арқау болған қазақ әйелінің көнбістігі, мейірімділігі мен қатал тағдырға төзімділігін «Сүйінбай» халық театры әртіс­те­рінің жанды бейнелеуі, жанарға жас үйірді. Журналистік жолда қиын да күрделі тағдыр ие­ле­рі­мен жүздесіп, олардың тұрмыс-тіршілігін жүрек сүзгісінен өткізген қаламгердің бұл туындылары еш боямасыз шынайы кестеленіп, оқырман жүрегіне жеткені ақиқат.

Көрерменге театр тамаша­ла­ған­дай әдемі әсер қалдырған салтанатты шараның екінші бөлімі мерейтой иесіне арналған ақжарма тілектерге жалғасты. Жетісу облыстық «Жетісу» радиосының басшысы, «Алтын тобылғы» және «Алтын қалам» жүлдесінің иегері, жазушы Есболат Айдабосын тізгіндеген әдеби-сазды кештің алғашқы сөз тиегін Парламент Сенатының депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі ағытты. Жүрекжарды лебізінде қаламы жүрдек журна­лис­тің отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесін айрықша атай келе, Гүлзейнеп Сәдірқызына Парламент Сенатының Құрмет грамотасын тапсырды. Сонымен қатар Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың жылы лебізін жет­кізді.

«Гүлзейнеп әпкеміз «Egemen Qazaqstan» газетіне алғаш стенографист болып жұмысқа қа­был­данған. Сөйте жүріп өзінің жазу стилін қалыптастырды. Қаламынан туындаған әлеумет, саясатқа қатысты өткір де өзекті тақы­рыптары Парламент мін­бе­рі­нен депутаттық сауал ретінде жолданып, елдік мәселелердің шешім табуына үн қосты. Жалпы, қазақ әйелі дегенде – әсемдіктің, сұлулықтың, адал­дықтың, бейнеткештіктің, төзім­діліктің, мейірбандықтың келбеті келеді. Гүлзейнеп Сәдір­қызы – өзі де, сөзі де көркем, жаны да, жазуы да сұлу журналист-жазушы. Күрмеуі қиын күрделі мәселені де газет бетінде қыздың жиған жүгіндей етіп көрсете білді. Екіншіден, отбасына, кәсібіне, өзі 45 жылға жуық жұмыс істеген «Егемен Қазақстан» газетіне адал­дығын атар едім. Қазақтың қабыр­ғалы қаламгерлерінің тәлі­мін алды, тәжірибесін ұшта­ды», деген Дархан Қыдырәлі журналист Гүлзейнеп Сәдірқызы үлкен жү­ректі, қазақтың қайсар қызы еке­нін айрықша атады. Жаны нәзік журналистің өзі шекпенінен шық­қан Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға жасаған қамқорлығын мысал етті.

Салтанатты шарада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева­ның мерейтой иесіне жол­даған құттықтау хатын «Қазақ газеттері» ЖШС Алматы филиа­лының бас­шысы Бағашар Тұрсын­байұлы оқып берді. Құттықтау хатта: «Өзіңіз­ді ұлттық журналистикада өз қол­таң­басын қалып­тастырып, қазақ бас­па­­сө­зінің мазмұнын байытқан қа­лам­гер ретінде құрметтейміз. Көп жыл ғасырлық тарихы бар «Egemen Qazaqstan» газетінде әлеумет, руханият, мәдениет салаларындағы өзекті мәселелерге қалам тербеп, отандық ақпарат кеңістігінің дамуына елеулі үлес қостыңыз. Қаламыңыздан туған прозалық шығармаларыңыз оқырман олжасына айналып, әдебиетсүйер қауымның шынайы құрметі мен ықыласына бөленіп келесіз. Мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, шығар­ма­шы­лы­ғыңыз­ға толайым табыс, әулетіңізге амандық пен баянды бақ тілеймін!», делінген.

Өз кезегінде өңір басшысының ыстық ықыласын жеткізген облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев та журналист Г.Сәдір­қызының қаламына адалдығы мен еңбекқорлығын ерекше атап өтті. Ал ақындар мен батырлар елі атанған Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы сахна төрінде Гүлзейнеп Сәдірқызына қазақы дәстүрмен сый-құрмет көрсетті.

Мінбеде сөз алғандар қата­рында белгілі ақын, әйгілі «Көк тудың желбірегені» атты әннің сөзін жазған Алмас Ахметбекұлы қандастар атынан сөз алып, Гүлзейнеп Сәдірқызының көші-қон саясатын сынға алған «Көш-керуен кері бұрылып кетпесе екен...» атты мақаласын дүниежүзі қазақтары қалай жылы қабылдағанын, жур­на­листік пайымы мен қала­мы­ның қарымы сырттан келетін қандастар туралы заң қабылдауға қалай әсер еткенін мысал етті. Сөйтіп, Гүлзейнеп Сәдірқызын «мемлекеттік саясатқа өзгеріс әкелген журналист» деп бағалап, қандастар атынан ат мінгізді.

Шығармашылық кешке есім­дері елге танымал «егемендік» Жұмагүл Солты, Сүлеймен Мәмет, Күмісжан Байжан, Қорғанбек Аманжол, Талғат Сүйінбай, Саясат Бейісбай, Серік Пірназар сынды ардагер-журналис­тер мен қазіргі қызметкерлердің бір тобы қатысты. Әріптестер атынан сөз алған «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп алдымен «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Дихан Қамзабекұлының арнайы құттықтауын тапсырды. Онда Гүлзейнеп Сәдірқызын кәсіби тұрғыда елеулі үлес қосқан қаламгер ретінде ерекше бағалайтыны, «Перзентхана пердесі... талай сырды бүркеп тұр» атты сериялық мақалаларынан бастап, «Айдалада ақ отау», «Аты ғана ардақты ма?», «Әкесі өлген қандай-ды», басқа да көлемді проблемалық мақа­лаларының қоғамға қозғау салға­нын атады.

«Бұл аталған газеттің сол кездегі тіл­шісінің қаламынан туған мақала­ла­ры­­ның өзектілігін көрсетеді. Осындай та­лант­ты перзенттерін ардақтап отыр­­ған ақындар мен батырлар елінің жұрт­­­шы­лығына мың алғыс»,  деді бас редак­­тор.

Проза жанрындағы шығарма­шы­лығы мен ерекшелігі де кеңінен сөз болды. Бұл орайда Жазушылар одағының хатшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профес­соры Қансейіт Әбдезұлы, көрнекті сыншы, жазушы Әмірхан Меңдеке оралымды ой-пікірлерін ортаға салды. Мерейтой иесіне Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданғаны туралы куәлік пен төсбелгісін тапсырды.

«Жамбыл елінің қолына қа­лам ұстаған перзенттері тағы жиы­лып, қазақтың талантты жур­налисіне, қаламгеріне құрмет көрсетіп отырсыздар. Өте ризамын. Бұл – елдің тойы. Міне, осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан Гүлзейнеп Сәдірқызының да қуат­ты қаламы қазақ рухания­ты­ның қоржынын құнды шығар­ма­лармен байытып отыр», деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің профессоры Қансейіт Әбдезұлы.

Әдеби-сазды кеште «Өлке тынысы» ЖШС директоры, белгілі ақын Кәдірбек Құныпияұлы жырдан шашу шашса, Журналистер одағының облыстық филиалының басшысы, «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Тұңғатар да ізгі тілегін жеткізді.

Әуезді әнмен өрілген салтанатты шара соңында қаламгер Гүлзейнеп Сәдірқызының «Әйел жаны» атты прозалық жи­нағы мен «Қанекей, қалам, сөй­леші» кітаптарының тұсауы кесілді. Кітап облыс әкімдігінің қол­­дауы­мен жарық көрді.

Бүгінде қаламгер шығарма­ла­рына өзек болған Ақтерек ауылы көркейіп келеді. Оған төл перзентінің қосқан үлесі аз еместігін жерлестері атынан сөз алған «Ақтерек» шаруа қожалығының төрағасы, ауданның құрметті азаматы Темірлан Шайнүсіпов атап айтты. Сөйтіп, әйел жанының мың қатпар терең иірімдеріне бойлап, құнды шы­ғар­малар жазған журналист-жа­зу­шы, «Аққу ғұмырлы тағдыр», «Махаббатым жүрегімде», «Тау тұлға», «Алқа» баспасы мұрындық бол­ған әдеби байқаудың бас жүл­десін қан­жығалаған «Айбибі» әңгімелер мен повестер жина­ғының авторы, Жур­­налистер, Жазушылар одағының мүшесі Гүлзейнеп Сәдірқызының мерей­тойын өнер майталмандары Бағдат Сәмединова, Ұлжан Айнақұ­ло­ва бастаған сахна саң­лақ­тары әсем әнмен әрледі, жүрек­терді тербеді.

Алматы облысы,

Жамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары