Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Су қауіпсіздігі: жаңа сын қатерлер мен өңірлік шешімдер

Су қауіпсіздігі: жаңа сын қатерлер мен өңірлік шешімдер

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Құжатта Қазақстанның су саласындағы қазіргі ахуалы мен негізгі тәуекелдері жан-жақты сараланған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Суға сұраныс артады

Баяндамада су мәселесі тек табиғи ресурс деңгейінде емес, мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын айқындайтын стратегиялық фактор ретінде қарастырылады. Мұнда су қауіпсіздігі ұғымы ресурстың көлемімен шектелмей, оның сапасы, қолжетімділігі мен апаттардан қорғану деңгейі арқылы өлшенетіні ерекше атап өтіледі.

Жаһандық болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай әлемде суға сұраныс 20-25%-ға артады. Бұл үрдіс Қазақстан үшін де өзекті. Себебі ел алдағы 15-20 жыл ішінде су тапшылығы жоғары мемлекеттер қатарына ену қаупімен бетпе-бет келуі мүмкін. Осы тұрғыда су ресурстарын тиімді басқару елдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлардың біріне айналып отыр.

– Су қауіпсіздігі ресурстың жеткілікті болуымен емес, ең алдымен басқару жүйесінің тиімділігі, инфрақұрылымның сапасы және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетімен өлшенеді, – дейді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әсел Әбен.

Фото: kisi.kz

Сарапшының айтуынша, осал тұстар бір ғана себептен емес, бірнеше фактордың бір уақытта қабаттасуынан туындап отыр. Олардың қатарында ауыл шаруашылығының суға жоғары тәуелділігі, климаттың өзгеруі, өзен ағысының жыл сайынғы құбылмалылығы, трансшекаралық суға тәуелділік пен инфрақұрылымның тозуы бар.

Экономика мен экологияға әсері

Құжатта су тапшылығының экономикалық салдары нақты деректер арқылы көрсетіледі. Қазақстан қазіргі таңда суды пайдалану тиімділігі бойынша әлемдік орта көрсеткіштен 6-8 есе төмен деңгейде қалып отыр. Бұл өз кезегінде экономикаға тікелей әсер етіп, жыл сайын ЖІӨ-нің шамамен 1,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд м³-ке дейін жетуі ықтимал екені айтылады, ал бұл аграрлық сектордың тұрақтылығына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі қауіп ретінде бағаланады.

Фото: видеодан алынған кадр

Соған қарамастан, Қазақстанда ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары. Қала халқының 99,3%-ы, ауыл тұрғындарының 97,5%-ы ауыз сумен қамтылған. Дегенмен  көрсеткіштің артында инфрақұрылым сапасына қатысты теңгерімсіздік сақталып отыр. Атап айтқанда, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне ауыл халқының тек 63%-ы ғана қол жеткізсе, кәріз жүйесімен қамту деңгейі ел бойынша 37%-ды құрайды, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2%-дан да төмен. 

Экологиялық ахуал да назар аударуды қажет етеді. Ел аумағының шамамен 75%-ы шөлейттену үдерісіне бейім, ал 90 млн гектардан астам жер эрозия қаупі бар аймаққа жатады. Су режиміндегі өзгерістер өзен-көл жүйелерінің табиғи тепе-теңдігіне әсер етіп, биоәртүрліліктің біртіндеп азаюына әкеліп отыр. Бұл үрдістер су ресурстарын басқару мәселесінің тек экономикалық емес, сонымен бірге экологиялық тұрақтылықпен де тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Трансшекаралық су саясаты және жаңа басқару моделі

Еліміз су қорының едәуір бөлігін трансшекаралық өзендер арқылы алатындықтан, көрші мемлекеттердің су саясаты тікелей ұлттық қауіпсіздікке ықпал етеді. Осы тұрғыда Орталық Азияда 2028-2029 жылдары су тапшылығы 5-12 км³ деңгейіне жетуі мүмкін деген болжам аймақтық тәуекелдердің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Бұл үрдіске табиғи факторлар да әсер етуде. Соңғы онжылдықтарда мұздықтардың 14-30%-ға азаюы өзен ағыстарының тұрақсыздығын күшейтсе, өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар су балансына қосымша қысым түсіріп отыр. Нәтижесінде су ресурстарының тұрақтылығы табиғи циклмен ғана емес, адами фактор мен аймақтық саясатпен тығыз байланыста.

 Сарапшы Әсел Әбен су қауіпсіздігінің өңірлік деңгейдегі маңызын атап өтеді.

– Су ағынының едәуір бөлігі елден тыс қалыптасатындықтан, Қазақстанның су қауіпсіздігі өңірлік гидросаясатқа тәуелді. Сондықтан су дипломатиясын күшейту стратегиялық қажеттілікке айналып отыр, – дейді ол.

Бұл пікірді Халықаралық су ресурстарын басқару институтының Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Барбара Януш Павлетта да қолдайды.

– Мәселе тек ұлттық деңгейде шешілмейді. Су қауіпсіздігі – жаһандық сипатқа ие құбылыс, сондықтан шешімдер халықаралық деңгейде қабылдануы тиіс, – дейді Барбара Януш Павлетта.

Фото: kisi.kz

Оның айтуынша, өңірлік ынтымақтастықтың негізгі платформаларының бірі болып саналатын Аралды құтқару халықаралық қорының рөлі сақталып отыр. Дегенмен су ресурстарын бөлу мен басқару мәселесінде мүдделер қайшылығы әлі де өзекті, сондықтан көпжақты диалогты күшейту қажет.

Осы сын-қатерлер аясында баяндамада Қазақстанның су саясатын жаңа модельге көшіру керектігі атап өтіледі. Ол институционалдық реформаларға, цифрландыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге негізделген. Сонымен қатар Tasqyn, Water Base сияқты цифрлық жүйелер мен су арналарының жаңғыртылуы негізгі құрал ретінде қарастырылған.

– Қазақстанның тұрақтылығы су көлеміне емес, оны басқару қабілетіне байланысты. Сондықтан реактивті саясаттан проактивті басқару моделіне көшу қажет, – дейді Әсел Әбен.

Жалпы алғанда, баяндама су мәселесін тар шеңберден шығарып, оны ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тұрақтылық және өңірлік геосаясатпен тығыз байланысты кешенді жүйе ретінде қарастырады. Бұл ретте институционалдық өзгерістер де жалғасуда. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, 2025 жылы жаңа Су кодексі қабылданды. Биыл Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы төрағалығын аяқтап отыр, ал осы кезеңдегі маңызды нәтижелердің бірі ретінде Солтүстік Арал теңізіндегі су айдынының ұлғаюы аталады.

Сонымен бірге сарапшылар Орталық Азия елдері үшін су ресурстарын басқарудың бірыңғай тәсілі маңызды екенін айтады. Олардың пікірінше, болашақта су саясаты сценарийлік жоспарлау, цифрлық мониторинг және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен тығыз интеграцияланған жағдайда ғана тиімді нәтиже береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары