Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

Қазақстанның Оқу ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

“Бұл алдау емес пе?“ Қазақстандық студенттер мен ата аналар АҚШ қа бару мәселесі бойынша ЖОО мен дауласуда

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

Украина мен еуроүштік лидерлері бейбітшілік орнатудың бес шартын атады

Көкшетауда күйген шаштың мәселесі сотқа дейін жетті

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

Ақтөбедегі су тасқыны: тұрғындар жұмысқа және үйге әрең жетуде

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

Жазғы Kaspi Жұма 18, 19, 20 және 21 маусымда өтеді

Суперкомпьютерден Цифрлық кодекске дейін: 2025 жыл Қазақстанның технологиялық бетбұрысына айналды ма

Суперкомпьютерден Цифрлық кодекске дейін: 2025 жыл Қазақстанның технологиялық бетбұрысына айналды ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Инфрақұрылым: спутниктік интернет, білім және Astana Hub

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елде 200 мыңнан астам адам ІT салада еңбек етіп жүр. Оның 20 мыңы – жасанды интеллект маманы. Ведомство жасанды интеллектінің әлемдегі даму қарқынын ескеріп, алдағы бес жыл ішінде 1 миллион азаматқа заманауи дағдыларды үйретуді мақсат етіп отыр.

Биыл Amazon Kuiper компаниясымен спутниктік интернет жобасын іске қосу туралы келісімге қол қойылып, Starlink және OneWeb желілері Қазақстан нарығына кірді. Generation Nation бастамасы ондаған мың оқушы мен студентті жасанды интеллект, робототехника және бағдарламалау салаларына тартты.

Фото: Үкімет

Astana Hub резиденттерінің саны 7 жылдың ішінде 1875-ке, жиынтық табысы 4,3 млрд долларға жетті. Биылдың өзінде IT қызметтер экспорты 1,5 млрд доллардан асқан. Жалпы осы жеті жыл ішінде Astana Hub стартаптары 840 млн доллардан астам инвестиция тартқан.

8 млрд адамның 4 күндік жұмысын 1 секундта істейтін суперкомпьютер

Биыл елімізде Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері құрылды. Оның жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 тобына кіретін Presight халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп дайындалды.

Фото: freepik.com

Қазақстан NVIDIA және Freedom Holding Corp. компанияларымен бірлесіп тәуелсіз AI Hub құру туралы келісімге қол қойды.

9 шілде күні ұлттық суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Суперкомпьютерге нейрондық желілерді оқытатын стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізетін университеттер, жасанды интеллектіні бизнес-процестерге енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар қосыла алады.

Суперкомпьютерді елге әкелу аясында Қазақстан алғаш рет жоғары технологиялық жабдықты кедендік баж бен қосылған құн салығынан босату механизмін құрды. Бұл елімізді халықаралық IT компаниялар мен операторларға тартымды ете түсті.

18 қарашада «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингісінде 86-орын иеленгені хабарланды.

26 қарашада Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютер кластерінің ресурстарын пайдалануға өтінім беретін Alem.Cloud платформасын таныстырды.

Өтінімдерді қабылдауда мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен су ресурстары, мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, геология және барлау, көлік пен логистика, өнеркәсіп және құрылыс, робототехника мен дрондар, киберқауіпсіздік, қаржылық технология салаларына басымдық беріледі.

Суперкомпьютердің қаншалықты қуатты екенін түсіну үшін министр Жаслан Мәдиевтің Jibek Joly телеарнасындағы тікелей эфирде айтқан мәліметін келтіруге болады.

- 8 млрд адам секунд сайын математикалық есептеулер жасап отыратын болса, оларға суперкомпьютердің 1 секундта жеткен нәтижесіне жету үшін 4 күн қажет болады, - деген болатын министр.

Фото: publicdomainpictures.net

ЖИ туралы заң

17 қарашада Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды.

Қазақстан «Жасанды интеллект туралы» алғашқы заңды қабылдау арқылы цифрлық технологиялардың қауіпсіз әрі жауапты дамытуда маңызды қадам жасады.

Жаңа заң манипуляция жасайтын, адамның әлсіз тұстарын пайдаланатын, әлеуметтік рейтинг жүргізетін, эмоцияларды келісімсіз анықтайтын немесе деректерді заңсыз жинайтын ЖИ жүйелерін әзірлеуге және қолдануға тікелей тыйым салады. Осылайша мемлекет қауіпті технологиялық эксперименттерге жол бермей, цифрлық ортаға деген сенімді күшейтеді.

Цифрлық кодекс

Цифрлық заңнаманы жаңғыртып, бытыраңқы нормаларды біріктіретін, жаңа құқықтық санаттарды енгізіп, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған Цифрлық кодекс те қабылдануға жақын.

Мәжіліс қабылдап Сенат мақұлдауына жіберген бұл кодекс деректер, электрондық құжаттар, сервистер, платформалар сияқты негізгі цифрлық нысандардың мәртебесін айқындап, олардың мемлекеттік және жекеменшік секторларда қолданылу ережелерін белгілейді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерде қағазсыз технологияларды кеңінен қолдануға жол ашады.

Азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығын қорғау кепілдігі беріледі. Пайдаланушы талап еткен жағдайда цифрлық кеңістікте жеке ақпаратты шектеуге немесе жоюға мүмкіндік беретін «ұмытылу құқығы» енгізіледі.

Құжаттың жекелеген нормалары смарт-келісімшарттар, таратылған жүйелер және цифрлық платформалар сияқты жаңа технологиялық шешімдерді құқықтық тұрғыда реттейді.

Кодекс жобасы осы күйінде қабылданса, Қазақстанда eGov сияқты мемлекеттік цифрлық жүйе мен халыққа электронды негізде қызмет көрсететін платформаларға «ұлттық объект» мәртебесі берілуі мүмкін. Бұл аталған цифрлық активтердің жеке меншікке, басқа елге сатылып кетуінен, иелігіне өтіп кетуден қорғайды.

Сондай-ақ кодекс жобасында қолданыстағы электронды құжаттарды заң тілінде үш топқа бөлу көзделіп отыр. Біріншісі – электронды құжаттар. Оған тек ЭЦҚ қойылған құжаттар жатады және қағаз нұсқамен теңестіріледі. Екіншісі – цифрлық құжаттар. Бұл мемлекеттік базалардан автоматты түрде жүктеуге болатын, көрсетілген сәтінде түпнұсқа болып саналатын түрлі анықтамалардың құқықтық атауы. Үшіншісі – цифрлық мәліметтер. ЖСН арқылы ІІМ базасынан алынған азамат туралы дерек, не болмаса жылжымайтын мүлік реестріндегі жазбалар осы цифрлық мәліметтерге жатқызылмақ. Басқаша айтсақ, ресми дереккөздерден алынған заңды мәні бар ақпараттар осы санатқа жатқызылады.

Цифрлық кодекс жобасы цифрлық дәлелдердің сот отырыстарында қолдануын жеңілдетуге де бағытталып отыр.

Сондай-ақ, заңнамаға «цифрлық делдал» ұғымы да енгізілуі мүмкін. Бұл ұғымдарды заңнамаға енгізу арқылы Yandex Go, Glovo, Chocofood сияқты еңбек платформаларының, Kaspi, Wildberries, OZON сияқты маркетплейстердің, booking, krisha.kz қызмет агрегаторларының, мемлекеттік цифрлық сервистердің жауапкершілігі мен жұмыс тәртібін нақты белгілеуге жол ашады.

23 қазан күні Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект саласындағы ұлттық стандарттар бекітілді. Осылайша бизнестен бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін ЖИ технологияларымен жұмыс істеушілердің бірыңғай қағидаларын белгілейтін жеті стандарт әзірленді.

ЖИ министрлігі және жансыз ассистент

18 қыркүйекте Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Фото: Үкімет

Ведомствоны басқаратын министр Жаслан Мәдиевке Премьер-министрдің орынбасары лауазымының қатар берілуі бұл саланың ел дамуындағы орны қандай болатынын аңғаруға болады.

Ал 17 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын ЖИ-дің қатысуымен өткізді. Нақтырақ айтсақ, жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысқан болатын. Қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желі бұған дейін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына таныстырылған.

Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI 2025 жылғы 9 айда қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі артып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға жеткенін хабарлады.

Павел Дуровтың ЖИ зертханасы

Digital Bridge 2025 дегеннен шығады, осы форумға жүздеген миллион қолданушысы бар Telegram мессенжерін құрған технолог Павел Дуров қатысты. Осы сапарында ол Қазақстанда өзінің ЖИ зертханасы ашылғанын мәлімдеді.

- Бір жыл бұрын Қазақстанда біздің алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық, қол жеткізген нәтижелерге өте қуаныштымыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана хабарлаймын. Ең алдымен, біз Telegram және Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырып отырмыз. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия түрде, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін есептеу қуаттарының алғашқы ірі жеткізушісі болады деп үміттенеміз, - деді Дуров.

Фото: Акорда

Telegram мессенджерінің иесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, білім беру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқылады.

Alatau Орталық Азияның Шэньчжэні бола ала ма?

Алматының іргесінде заманауи тұрпаттағы қала бой көтеретіні туралы көптен бері айтылып келді. Президент 2025 жылғы Жолдауында ол қалаға ерекше мәртебе беру туралы тапсырма да айтылған болатын.

- Alatau City-ді Үкіметке тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттің жоспары бойынша Alatau аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналып, Smart City технологияларын қолданатын, тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлейтін елді мекен болу керек.

Photo credit: akimat of Almaty region

Аумағы 98 мың гектардан астам жерді алып жатқан бұл қаланы толықтай жеке инвестициялар есебінен салу көзделіп отыр. Осы мақсатпен Үкімет мүшелері Оңтүстік Кореяда форум өткізіп қайтты.

Alatau-дың соңғы рет жаңартылған шекарасы Қонаев және Алатау қалаларының Алматы облысының Талғар және Іле аудандарының аумақтарын қамтиды.

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Alatau қаласында әуе такси жүйесін құру үшін шамамен 300 млн долларға электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.

Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиді интеграциялау жоспарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

08 Маусым 2026 08:58see129

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

08 Маусым 2026 12:47see125

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

08 Маусым 2026 13:45see125

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

08 Маусым 2026 12:49see125

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

08 Маусым 2026 15:25see123

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

08 Маусым 2026 09:10see122

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

08 Маусым 2026 08:38see121

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

08 Маусым 2026 13:20see120

Қазақстанның Оқу ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты

08 Маусым 2026 12:49see119

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

08 Маусым 2026 12:49see119

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

08 Маусым 2026 19:05see117

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

08 Маусым 2026 17:47see117

“Бұл алдау емес пе?“ Қазақстандық студенттер мен ата аналар АҚШ қа бару мәселесі бойынша ЖОО мен дауласуда

08 Маусым 2026 12:07see115

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

08 Маусым 2026 20:53see115

Украина мен еуроүштік лидерлері бейбітшілік орнатудың бес шартын атады

08 Маусым 2026 08:47see113

Көкшетауда күйген шаштың мәселесі сотқа дейін жетті

08 Маусым 2026 18:38see113

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

08 Маусым 2026 20:52see113

Ақтөбедегі су тасқыны: тұрғындар жұмысқа және үйге әрең жетуде

08 Маусым 2026 20:36see111

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

09 Маусым 2026 10:44see111

Жазғы Kaspi Жұма 18, 19, 20 және 21 маусымда өтеді

08 Маусым 2026 14:00see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары