Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Сын қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы

Сын қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ респуб­ликалық форумы еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және жүргізіліп жатқан реформалардың тарихи маңызын тағы бір мәрте айқындап берді. Мұндай кездесу өңірлік саясаттың тиімділігін бағалау және ортақ міндеттерді бірлесіп талқылау тұрғысынан да айрықша мәнге ие.

Іргелі жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси жаңғыру, экономикалық өсу және жаһандық өзгерістер жағдайындағы стратегиялық бағдарының негізгі басым­дық­тарына тоқталды. Мемлекет бас­шысы кейінгі жылдарда мәс­ли­хаттардың рөлі мен жауап­кер­­шілігі арта түскенін айтып, бұл үрдіс, ең алдымен, аймақ­тардың экономикалық әлеуетін күшейтуге, жергілікті басқару жү­йесін жетілдіруге және халықтың күнделікті өмірін жақ­сартуға ық­пал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы өңір­лер­дің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл ретте аймақтар бюджетін мұқият жос­парлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс. Осы орайда биылдан бастап ауылдық округтердің қосымша табыс көздеріне ие болуы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Өңірлерде бюджетті жоспарлау мен орындау жұмысының сапасын арттыру да аса өзекті міндеттердің бірі болып қала береді. Осыған байланысты форумда әкімдіктер жанындағы бюд­­жеттік ко­мис­сиялардың құра­мына білімді, бедел­ді мәслихат депутаттарын тарту жөнін­де ұсыныс айтылды. Бұл жергілікті қар­жы саясатының тиімділігін күшейтуге бағыт­талған бастама деуге толық негіз бар.

Жалпы, Президент атап өт­кен­дей, жергілікті табысты кө­бей­ту үшін мәс­лихаттардың өкі­леттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу аса маңызды. Сондай-ақ жиында олардың ішкі жұмыс тәртібін ретке келтіріп, қайта қарау қажеттігі де айтыл­ды. Мәслихат төрағаларын ротация тәртібімен ауыстыру қағи­датын енгізу туралы ұсыныс жергілікті өкілді органдардың жұ­мысын жаңғыртуға, тиімділігін арттыруға және басқару мәде­ниетін жетілдіруге тың серпін берері анық.

Форумда Мемлекет басшы­сы халық­пен ашық диалог орна­ту­дың маңызын да атап өтті. Шын мәнінде, барлық дең­гей­дегі би­лік өкілдері қоғаммен тіке­лей байланыс орнатып, азамат­тардың мәселесіне жедел жауап беруге тиіс. Осы тұрғыда мәс­лихат депутаттары халық пен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқара алады. Олар тұрғындарды алаңдатқан нақ­ты проблемаларды көтеріп, мәсе­лелердің оң шешілуіне ық­пал ететін негізгі қоғамдық инсти­туттардың бірі болуы керек.

Іс-шарада цифрландыру мәсе­лесі де назардан тыс қалған жоқ. Бүгін­де жаппай цифрлық мемлекет қалып­тастыру еліміздің алдында тұрған страте­гиялық мақ­саттардың бірі екені белгілі. Мәс­ли­хат­тар да бұл үдерістен шет қал­мауы қа­жет. Сондықтан депутат­тардың кәсіби бі­лік­тілігін арттырумен қатар, олардың цифр­лық құзыреттерін кеңейту де – қазіргі заман талап етіп отыр­ған маңызды міндет.

Мемлекет басшысы жаңа Конс­титуция жобасына тоқтала отырып, еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңыз­ды өзгерістерді атап өтті. Рефе­рендумға шығарылған Ата заңға сәйкес жаңа бір палаталы Құрылтайдың депутаттары пропорционалды өкілдік жүйе негізінде сайланады. Бұл саяси партиялардың рөлін күшейтіп, заң шығару жұмысының сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Сонымен қатар аймақтарда мажо­ри­тар­лық, яғни бір мандатты жүйе­нің сақталуы жергілікті деңгейдегі демо­кратиялық өкілдікті нығайтуға мүмкіндік береді. Азаматтар референдумда Конс­титуция жобасын қолдаған жағ­дайда еліміздің саяси құры­лымы түбегейлі жаңа­рып, тиім­ді әрі теңгерімді басқару жүйесі қалыптасады. Бұл ретте мәслихат­тар Құрылтайға білікті кадрлар даярлайтын институт қызметін де атқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем­дегі қазіргі геосаяси ахуал­дың салдарына да назар аударды. Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп, әлем экономикасына кері әсерін тигізіп отырғаны анық. Әлемдік қоғамдастықта дүниежүзілік соғыс қаупі туралы пікірлер айтылып жатқаны да жа­сырын емес. Осындай жағдайда жауап­ты саясат ерекше маңызға ие. Сондық­тан қазіргідей күрделі кезеңде азамат­тары­мыз сабыр сақтап, ішкі және сыртқы аран­датуларға бой алдырмауы керек. Егер әлем өзгеріп жатса, біз де соған бейімделіп, жақсы тәжірибелерді қабылдап, теріс құбылыстардан сабақ алуымыз қажет.

Президент атап өткендей, бұл ретте заң мен тәртіп қағи­датын ұстану аса маңызды. Өйт­кені мемлекеттің тағдыры, оның болашағы, ең алдымен, аза­мат­тардың жауапкершілігі мен бір­лігіне байланысты. Сол себеп­ті ұлттың ынтымағы мен тұ­рақ­тылық еліміз үшін басты құн­дылықтар болып қала береді.

Жалпы, бірлік пен берекенің арқа­сында кейінгі жылдарда ауыз толтырып айтарлықтай жетіс­тіктерге қол жеткіздік. Мем­лекет басшысы форумда елі­міз­дің экономикалық көрсет­кіш­тері туралы айтып, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы  өнімі 306 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Бұл – Тәуелсіз Мем­лекет­тер Достастығы елдері арасында екінші орын. Биыл Қазақ­стан әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылды.

Сондай-ақ еліміз шетелдік ин­вес­тиция тарту бойынша Ор­та­лық Азияда көш бастап тұр. Қазақстан экономикасына тар­тылған таза инвестиция көлемі 150 миллиард доллардан асып, өңірдегі барлық тікелей шетел инвестициясының 69 пайызын құрап отыр. Еліміздің алтын-валюта қоры айтарлықтай ұл­ғай­ды. Бұл жетістіктер ұлттық эконо­миканың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа индус­триялық, энерге­тикалық және инфра­құрылымдық негізін қалып­тасты­ру жұмыстары бас­талғанын да атап өтті. Агро­өнер­кәсіп кешенін дамыту мем­­лекеттік саясаттың басты басым­­дықтарының бірі болып қала бере­ді. Былтыр ауыл шаруа­шылығы саласына бұрын-соңды болмаған көлемде қолдау көрсетіліп, ша­руа­ларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл шаралар Қазақстанның заманауи технологияларға негізделген аграрлық-индустриялық экономика құруға бағытталғанына айқын дәлел.

Мемлекет ел өміріне қажетті инфра­құры­лымды жаңғыр­туға да айрық­­ша назар аударып отыр. Коммуналдық және энер­гетикалық инфрақұры­лымды кең ауқымда модернизациялау, көлік-транзит жүйесін дамыту, сапалы жол салу – халықтың тұр­мыс сапасын арттыруға және бизнестің дамуына серпін беретін маңызды бағыттар.

Тұрғын үй құрылысы да тұ­рақты түрде дамып келеді. Кейінгі жылдары мыңдаған мектеп, медицина, мәдениет және спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.

Мемлекет басшысы айт­қандай, еліміз­дің ең басты бай­лығы – адам. Сон­дықтан адам капиталын дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын шамамен бір триллион теңгеге өсіп келеді.

Қазақстан электрондық үкімет пен қаржылық технологияларды дамыту бойынша да әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналады. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу бағы­тындағы жұмыстар жалғаса береді. Нә­тижесінде, Қазақстан адам капиталын дамыту индексі бойынша әлемдегі 160-тан астам елдің ішінде 42-орынға көтерілді.

Мемлекет басшысы елі­міз­дің ха­лықаралық арена­дағы жауап­кершілігі мен азамат­тары­мызға деген қамқорлыққа да тоқталды. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кейінгі апталарда 9 мыңға жуық отандасымыз қауіпті аймақтардан аман-есен елге оралды. Осылайша, Қазақстан қандай жағдай болса да өз азаматтарын ешқашан қиын жағдайда қалдыр­майтынын тағы бір дәлелдеді.

Президент жаңа Конституция жо­басының мазмұнына кеңірек мән беріп, аталған құжат халық­тық сипатқа ие екенін айтты. Шын мәнінде, жаңа Ата заңды еліміздің алдағы ондаған жылда тұрақты дамуының саяси тұғыры деуге толық негіз бар. Референдумға шығарылған жоба қоғамда жарты жылдан астам уақыт бойы талқыланып, соның аясында кәсіби мамандардан құралған арнайы комиссия жан-жақты жұмыс жүргізді. Сондықтан жаңа Конституция жобасын халық Конституциясы деп атауға әбден болады.

Жаңа Ата заңда «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат айқын көрі­ніс тапқан. Құжатта 30 баптан тұра­тын ең үлкен бөлімнің адам құқығы мен бостандығын қор­ғауға арналуы да – осы ұста­нымның жарқын көрінісі. Сондай-ақ білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау алғаш рет конс­титуциялық норма арқылы бе­кі­тіліп отыр. Тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық та жаңа Ата заң­ның маңызды қағидаттары ретінде айқындалған.

Жалпы, Мемлекет басшысы­ның форумдағы сөзі Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетеді. Енді еліміздің алдында тұрған басты міндет – ұлттың бірлігін сақтай отырып, саяси реформаларды табысты жүзеге асыру, экономиканы нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру.

Осы ретте қазіргі сын-қатер­лерге жасампаздықпен жауап беріп, көздеген мақсаттары­мызға қол жеткізу үшін әр отандасымыздың азаматтық белсен­ділігі айрықша маңызға ие. Ұлт мүддесі үшін жұ­дырықтай жұмыла білсек қана Әділетті, Қуатты, Қауіп­сіз және Таза Қазақ­стан қалып­тастырамыз. Бұл жолда халық Конституциясы – жаңа Ата заң тәуелсіз еліміздің ұзақ­мерзімді дамуына берік негіз болатын тарихи құжатқа айналады деп сенеміз.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Ақылға бірлік

Пікір • Бүгін, 09:00

Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?

Ата заң • Бүгін, 08:55

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Әлем • Бүгін, 08:50

Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы

Әдебиет • Бүгін, 08:45

Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу

Жәдігер • Бүгін, 08:40

Би мен музыканың үйлесімі

Өнер • Бүгін, 08:35

Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін

Экономика • Бүгін, 08:30

Ертіс-Баяндағы «Ғашықтар хикаясы»

Театр • Бүгін, 08:25

Қауіп айтып келмейді

Мәселе • Бүгін, 08:20

Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?

Шаруашылық • Бүгін, 08:17

Сәбиге – ауылнай сыйлығы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Табиғи нанның дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:12

50 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Сыры терең сатира

Сатира • Бүгін, 08:07

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:05

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:237
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары