Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Сырдарияны сақтаудың жаңа кезеңі: Мамандар қандай шешім ұсынады?

Сырдарияны сақтаудың жаңа кезеңі: Мамандар қандай шешім ұсынады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Эколог Сайлаубай Жұбатыров климаттың өзгеруі, мұздықтардың азаюы және су ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы өңірдегі экологиялық ахуалды күрделендіріп отырғанын айтады. Оның айтуынша, Сырдария мәселесі бүгін ғана пайда болған жоқ. Бұл – бірнеше ондаған жылдардан бері қордаланып келе жатқан түйткіл.

Трансшекаралық су мәселесі реттеледі

«Қазіргі климаттық өзгерістер, жауын-шашынның азаюы, таудағы мұздықтардың жұтауы оңтүстіктегі су ресурстарына тікелей әсер етіп отыр. Соның салдарынан өзендер мен көлдердің көлемі азайып, су айдындары тарылып жатыр. Сырдарияның суы босқа кетіп жатқан жоқ. Ол Аралға барып кұяды. Ондағы су табиғаттың күшімен көтеріледі, қайтадан тауға барады, бұлт болады, жауын шашын жауады. Осындай цикл мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы қалыптасқан еді. Аздап ауытқулар болғанымен, таудағы мұздықтар Сырдың ағынын, Аралдың толымдылығын демеп, табиғи үйлесім сақтап тұрған болатын. Біз осыны өз қолымызбен бұзып алдық. Енді суды егінге не болмаса халықтың басқа қажетіне жеткізерімізді білмейміз», дейді Сайлаубай Жұбатыров.

Оның айтуынша, егер қазіргі үрдіс жалғаса берсе, болашақта Арал теңізі ғана емес, Сырдария өзенінің өзі де үлкен қауіпке тап болуы мүмкін.

«Сырдария мен теңізге дейінгі көлдер жүйесі толық сақталмаса, оның ең соңғы нүктесі – Арал жойылады. Ал бұл процесс жалғаса берсе, біртіндеп Сырдарияның өзі де жоғала бастайды. Тіпті таудағы мұздықтардың азаюы үдей түседі. Бұл бүгін немесе ертең болатын жағдай емес, бірақ табиғат бізге осы бағытта келе жатқан қауіпті көрсетіп отыр», дейді эколог.

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

Сайлаубай Жұбатыров бұл мәселені жарты ғасырға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатқанын айтады. Оның сөзінше, соңғы 37 жыл бойы Кіші Аралды сақтап қалудың жолдарын ұсынып келеді.

«Кіші Аралдың экожүйесі ерекше. Ондағы көптеген су жәндіктері мен жағалаулық тіршілік түрлері басқа еш жерде кездеспейді. Әрине, теңіз деңгейін екі метрге көтеру жақсы нәтиже берді. Бірақ біздің мақсатымыз оның табиғи деңгейге барынша жақындауы. Бүгінде Балқаш көліне жыл сайын шамамен 14 миллиард текше шақырым су келетін болса, Аралға қажетті 3-4 миллиард текше шақырым судың өзін жеткізу күрделі мәселеге айналды», дейді ол.

Экологтың пікірінше, су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығындағы су шығынын азайту мәселесіне де ерекше назар аудару қажет.

«Күріш алқаптарының көлемін әлі де қысқарту керек. Біз әлі күнге дейін өткен ғасырдың жоспарымен өмір сүріп келеміз. Ол кезде Шардараға 12 миллиард текше метр су келетін. Қазір бұл көлем азайды. Көп азаймаса да, Аралға жетуге тиіс экологиялық ағын қамтамасыз етілмей отыр», дейді эколог.

Сырдарияда он гидробекет орнатылады: Қазақстан мен Өзбекстан суды қалай бөліспек?

Қызылордалық қоғам белсендісі Болат Нұрқожаев Арал қаласының тумасы ретінде теңіздің тартылу процесін өз көзімен көргенін айтады.

«70-жылдары, бас аяғы 15 жылға жуық уақытта бүтіндей теңіздің жоғалып кетуіне, балықшы ауылдардың халқы үдере көшіп, бос қалуының куәгері болдық, соңғы теңізді көрген, теңіздің суына түскен жастағылардың бірімін десек болады. Одан кейін Кіші Арал жасалды. Алайда қазіргі Сырдарияның суының жылдан жылға тартылып бара жатқаны, су болжамы жақсы еместігі қатты алаңдатып отыр. Былтыр Қырғызстан журналистері Аралдан ұшқан тұздың таудағы мұздақтардың еруіне, келешек су тапшылығы болуына ықпал етуі мүмкін екендігін айтты. Сондықтан Сырдарияның суы азайуы әсіресе Арал өңірі халқын, шаруаларды да қатты алаңдатып отыр десек болады», дейді Болат Нұрқожаев.

Қоғам белсендісінің айтуынша, соңғы жылдары өңірдегі су мәселесіне Ауғанстанда салынып жатқан ірі канал жобасы да қосылған. Бұл бастама Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарының бөлінуіне әсер етуі мүмкін.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі Сырдарияның суын бөлу жөнінде мемлекетаралық келісімдер жасауға, өз ішімізде де суды есепті жұмсауға талпынып жатқан сияқты. Бірақ қазір реттелуге тиіс Қамыстыбас-Ақшатау көлдер жүйесі мен Кіші Арал арасындағы суды реттеуге тиіс Мырзас су реттегіші көп жылдардан бері қолға алынбай, басталмай отыр, ал оған қажеттісі бар-жоғы 11 млрд теңге қаржы еді. Сондықтан су өз ішімізде де реттелуі әлі күнге қолға алынбай отыр», дейді ол.

Сырдария өзенінде 9 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

Қала тұрғыны су пайдаланудың цифрлық басқару және нақты есептеу жүйесін тезірек енгізу қажет екенін айтады. Сонымен қатар болашақтағы су тапшылығы қаупін азайту үшін ғалымдар ұсынып жүрген солтүстік өзендерден су тарту жобаларын да жан-жақты қарастыру керек.

«Су болмаса тіршілік жоқ. Егер Сырдарияның суы одан әрі азайып, өзен тартылатын болса, бұл өңірдегі халықтың жағдайы күрделене түседі. Сондықтан мәселені кейінге қалдырмай, нақты шешімдер қабылдау қажет», деп түйіндеді Болат Нұрқожаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы былтыр Су кодексіне қол қойған болатын. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары