Тағайындаған адам жауапқа тартылады : құқық қорғау саласына қатысты өзгерістер мақұлданды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары құқық қорғау қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңға қызметкерді бұзушылықтар анықталған кезде лауазымға соңғы рет тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде оны лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау бойынша түзетулер енгізіліп отыр.
Сондай-ақ құқық қорғау органы басшысының өзіне сеніп тапсырылған органдағы кадр жұмысында анықталған бұзушылық үшін жауаптылығы күшейтіледі.
"Егер, қызметкер ауыстыру кезінде талаптар бұзыла отырып тағайындалған болса, онда тағайындаған адам тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - делінген заң жобасының қорытындысында.
Айта кетері, түзетулер парламенттте қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















