Таиландта 60 күндік визасыз режим тоқтатылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Таиланд бірқатар мемлекет азаматтары үшін визасыз жүру мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады.
Соның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 60 күндік визасыз режим 15 қыркүйекте тоқтатылады. Содан бастап Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылатын болады.
"Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс",- делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты Таиландқа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар соңғы өзгерістерді ескеру қажет. Ол жақта 30 күннен астам уақыт боламыз дейтін азаматтар тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі керек.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 13:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















