Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Таиландта ағалы қарындастың жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі күдіктілер ұсталды

Таиландта ағалы қарындастың жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі күдіктілер ұсталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тайландтың Паттайя ауданында жоғалып кеткен 22 жастағы Диана мен оның 17 жасар інісі Романды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл оқиға бірнеше аптадан бері әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. Осы уақыт ішінде тергеу жаңа мәліметтерді жариялады, маңызды заттай дәлелдемелер табылды, ал полиция қылмыс іздерін жасырды деген күдікпен екі адамды ұстады. Tengri Travel қазіргі уақытта бұл іс туралы не белгілі екенін баяндайды.

Әпкесі мен інісінің қалай жоғалды?

The Thaiger басылымы мәліметінше, Диана мен Роман анасы Заринамен бірге Паттайяға жақын маңдағы Бангламунг ауданында тұрған. Отбасы Таиландқа Тюменьнен осыдан бес жылдан астам уақыт бұрын көшіп барған.

Анасының айтуынша, 26 шілдеде таңғы сағат төрт шамасында әпкесі мен інісі жалға алынған Honda ADV мотоциклімен үйден шығып кеткен. Олар өздерімен бірге тек ұялы телефондары мен аз мөлшерде ақша алған.

Жоғалып кетерден аз уақыт бұрын қыз анасына iPhone телефоны белгісіз Bluetooth құрылғысын анықтағанын, бұл құрылғы оларды аңду үшін қолданылуы мүмкін екенін айтқан.

Сонымен қатар ол анасына біреулер соңынан аңдып жүргіндей сезінетінін жазған.

Сағат 4:26-да Диананың телефонынан соңғы хабарлама келген:

"Urgent!" ("Шұғыл!")

Дәл осы уақытта смартфон соңғы геолокацияны - үйден шамамен 200 метр қашықтықты көрсеткен. Осыдан кейін әпкесі және інісімен байланыс мүлдем үзілген.

Өз бетінше іздеуден нәтиже шықпаған соң, анасы полицияға арызданған.

Бейнебақылау камералары нені көрсетті?

SHOT мәліметінше, тергеушілер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп шықты.

Қолда бар ақпарат бойынша, камералар әпкесі мен інісі Ban Amphoe – Chak Ngaew жолына қарай бара жатқанын тіркеген. Кейін олар жол жиегінде белгісіз адаммен сөйлесу үшін шамамен екі минутқа тоқтаған.

Осыдан кейін жастар жолын жалғастырған.

Кейін камералар олардың артында келе жатқан тағы бір мотоциклшіні түсіріп алған. Содан соң үшеуі де тасжол көпірі астындағы қиылыс маңында камералардың көру аймағынан жоғалып кеткен.

Сондай-ақ бұған дейін сол күні күндіз іздеудегі көлікке ұқсас мотоцикл мінген екі шетелдікті Као Чи Чан (Khao Chi Chan немесе Buddha Mountain) тауы маңында көргендер туралы ақпарат тараған болатын. Алайда полиция бұл деректің әпкесі мен інісінің жоғалуымен байланысы бар екенін ресми түрде растаған жоқ.

Табылған мотоцикл - басты айғақтардың бірі

Бірнеше күннен кейін тергеу ісінде жаңа деректер пайда болды.

Жастар соңғы рет көрінген жерден алыс емес маңда полицейлер жалға алынған мотоциклді тапты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, көлік құралын толығымен бөлшектеп, қатты зақымдап, жерге көміп тастаған, ал бөліктерге кесілген тіркеу нөмірін жасырып қойған.

The Thaiger мәліметінше, табылған мотоциклдің 6379 нөмірі Диана мен Роман мінген байк нөмірімен сәйкес келген.

Мотоцикл табылған жердің маңындағы су қоймасын да полиция тексергені хабарланды. Ықтимал айғақтарды іздеу үшін құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмылдырылды.

Бжұл ретте жоғалғандар қайда екені туралы әлі күнге дейін ресми ақпарат жоқ.

Еріктілер бұл жерді қалай тапты?

Бұған дейін жарияланған мәліметтер бойынша, жоғалу оқиғасы болған жерге жақын орналасқан қараусыз қалған зиратқа ауыл старостасының көмекшісі назар аудартқан.

Оның айтуынша, іздеу туралы хабарламаларды зерттегеннен кейін оған жергілікті тұрғындар хабарласқан: олар түнде сол жерде жер қазу құралдарымен жүрген төрт адамды көргендерін айтқан.

Көмекшінің сөзінше, ол оқиға орнына өзі барып, белгісіз адамдарды көрген, бірақ олардың қаруланған болуынан қауіптеніп, жандарына бармаған. Оның орнына ер адам полиция шақырған.

Тәртіп сақшылары келгенше топ мүшелері ізін суытып үлгерген.

Аумақты тексеру кезінде полицейлер жаңадан қазылған екі жерді анықтады, кейін сол жерден бөлшектелген мотоциклдің бөліктері табылды.

Негізгі күдікті

Кейін бірқатар БАҚ тергеу назарына Понг (Тхану Кэрдтхонг) есімді Таиланд тұрғыны іліккенін хабарлады.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұған дейін ол бірнеше рет полиция назарына түскен: 2010 жылы кәмелетке толмаған баланы ұрлау ісі бойынша, ал 2016 және 2018 жылдары атыс қаруын заңсыз сақтау істері бойынша ұсталған.

Сондай-ақ оның үйін тай полицейлері қоршауға алғаны, ал еріктілерден іздеу шаралары жүріп жатқан орман алқабынан кетуін сұрағаны хабарланды.

Дегенмен Таиланд полициясы бұл адамның Диана мен Романның жоғалуына қатысы бар екенін ресми түрде растамады.

Жаңадан ұсталғандар туралы не белгілі?

Бүгін тергеу аясында тағы адамдар ұсталғаны белгілі болды.

SHOT Телеграм-арнасы мәліметінше, туристік полиция қызметкерлері Панг және Сыа Хой есімді Таиландтың екі тұрғынын ұстады.

Құқық қорғау органдарының нұсқасы бойынша, олар:

әпкесі мен інісі соңғы рет мінген мотоциклді көміп тастаған; негізгі екі күдікті - Понг пен Тхонгтың жасырынуына көмектескен; ықтимал қылмыс айғақтарын жасыруға тырысқан.

Ұсталғандардың өзі тағылған айыппен келіспейді.

Жарияланым шыққан сәтте айып тағу немесе тергеудің аяқталуы туралы ресми ақпарат жоқ.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Табылған мотоцикл де, жаңадан ұсталғандар да әзірге нәтиже берген жоқ: Диана мен Романның қайда екені белгісіз. Полиция, еріктілер және бейжай қарамайтын орыстілді тұрғындар аймақты тінтуді жалғастырып жатыр. Тергеу органдары қандай да бір дерегі бар кез келген адамнан көмек сұрайды.

Айта кетейік, Таиланд дәстүрлі түрде қазақстандық туристер арасында сұранысқа ие шетелдік бағыттар қатарына кіреді. Бұл ретте кейінгі жылдары қоғамда үлкен резонанс тудырған түрлі оқиға туралы хабарламалар шығып тұрады.

Мәселен, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі екі қазақстандықты Таиланд арқылы Мьянмаға алдап алып кеткенін хабарлаған болатын. Кейін олар елге қайтарылды.

СІМ сол кезде тағы да азаматтарды жұмыс берушілерді, еңбек шарттарын және сапар бағытын мұқият тексеруге шақырды, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі жұмыс ұсыныстарына қатысты.

Диана мен Романның жоғалып кету оқиғасы әзірге жұмбақ болып отыр. Тергеу жалғасып жатыр, ал ресми органдар жоғалғандардың табылғаны немесе қарастырылып жатқан нұсқалардың қайсыбірі расталғаны туралы әлі хабарлаған жоқ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары