Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Тайландта COVID 19 өршуі туралы хабарламаларға жауап берілді: Қазақстанда не болып жатыр

Тайландта COVID 19 өршуі туралы хабарламаларға жауап берілді: Қазақстанда не болып жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жақында кейбір ресейлік БАҚ Пхукетте COVID-19-дың жаңа толқыны басталғанын, ауырған туристер мен релоканттар симптомдарды ауыр өткеріп жатқанын хабарлаған еді. Кейінірек Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің Ауруларды бақылау департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Ведомство аралда коронавирус әлі де бар екенін, бірақ жағдайдың төтенше сипатта емес екенін мәлімдеді.

Осы хабарламаларға байланысты Tengri Health тілшісі әлемде COVID-19 бойынша не болып жатқанын және Қазақстандағы ахуалдың қандай екенін анықтауға тырысты.

Таиландта COVID-19 бойынша жағдай қандай?

The Phuket News жаңалықтар порталының 2 қыркүйектегі хабарына сүйенсек, 31 тамыздағы жағдай бойынша Пхукетте халықтың әр 100 мыңына шаққанда COVID-19-дың 514,85 жағдайы тіркелген. Бұл провинцияны Таиландтағы сырқаттану деңгейі бойынша үшінші орынға шығарды.

Бірінші орында Бангкок - 100 мың тұрғынға 643,65 жағдай, екінші орында 530,52 көрсеткішімен Чонбури провинциясы тұр.

Ауруларды бақылау департаменті Пхукеттегі мұндай көрсеткішті аралдың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндірді. Бұл - халық тығыз орналасқан ірі туристік бағыт.

"Сырқаттанушылық тұрақты халық санына қатысты есептелгенде, бұл инфекцияның белсендірек таралуына ықпал етуі мүмкін", - деп жазады БАҚ.

Бұл ретте билік болып жатқан жағдайды төтенше немесе ерекше ауыр өршу деп санамайды. Олар сырқаттанушылықтың өсуін маусымдық сипатта деп бағалап, инфекция негізінен жеңіл симптомдармен өтіп жатқанын атап өтті.

Қазір коронавирустың қай түрі таралып жатыр?

Таиландта Омикрон тобындағы коронавирус нұсқаларын бақылау жалғасып жатыр. Қазір елде анықталып жатқан негізгі қосалқы нұсқа - NB.1.8.1.

"Эпидемиологиялық қадағалау аясында анықталған жалпы жағдайдың 524-і немесе 50,14 пайызы осы нұсқаға жатады. Бұл нұсқа Таиландта 2025 жылдың ортасынан бері үздіксіз анықталып келеді", - делінген Таиланд Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Ауруларды бақылау департаменті сайтындағы 1 қыркүйектегі хабарламада.

Сондай-ақ ведомство NB.1.8.1 нұсқасы аурудың ауыр өтуіне себеп болатыны туралы дәлелдердің жоқ екенін мәлімдеді:

"Эпидемиологиялық қадағалау мәліметтеріне сәйкес, пациенттердің көпшілігінде симптомдар қарапайым суық тиюге ұқсас".

Әлемде COVID-19 бойынша жағдай қандай?

Осы мәліметтер аясында біз әлемдегі жалпы эпидемиологиялық жағдайды білу үшін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығына жүгіндік.

Мамандардың айтуынша, коронавирус әртүрлі елде таралып жатыр, бірақ сырқаттанушылық көрсеткіштері аймаққа байланысты айтарлықтай ерекшеленеді.

Сарапшылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйене отырып, мәлімет берген елдердің көпшілігінде SARS-CoV-2 (COVID-19 ауруын тудыратын вирустың атауы) тесттерінің оң нәтиже көрсету үлесі төмен және тұрақты болып қалып отырғанын атады.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда жоғары көрсеткіштер тіркеліп жатыр. Оң нәтижелі тесттердің 10 пайыздан жоғары үлесі мына елдерде байқалады:

Орталық Америка және Кариб бассейні; Оңтүстік-Батыс Еуропа; Солтүстік Еуропаның кейбір елдері, Батыс, Оңтүстік және Шығыс Азия.

"Оңтүстік Американың тропикалық бөлігіндегі бір елде коронавирус белсенділігінің шамалы жоғарылауы байқалады", - деп түсіндірді ұлттық орталықтағылар.

ДДСҰ мен ұлттық эпидемиологиялық қадағалау жүйелерінің мәліметтеріне сәйкес, әлемде Омикрон нұсқасы әлі де айналымда.

Қазақстанда жағдай қандай?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақты екенін хабарлады.

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда COVID-19-дың 87 расталған жағдайы тіркелді. Бұл ретте өлім-жітім жағдайлары болған жоқ.

Мамандардың айтуынша, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есе төмендеген. Қазір республика бойынша орта есеппен аптасына 15-ке дейін жағдай тіркеледі.

"Бүкіл әлемдегідей, Қазақстанда да алғаш рет 2022 жылы анықталған Омикрон нұсқасының штаммы айналымда жүр", - деп хабарлады ұлттық орталық.

Қазақстан жағдайды бақылап отыр

Мамандар әртүрлі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда COVID-19 сырқаттанушылығына апта сайынғы мониторинг және әлемдегі жағдайды қадағалау жалғасып жатқанын атап өтті.

Сарапшылар мынадай кеңес береді:

жедел респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу; қолды жиі жуу, әсіресе науқастармен немесе олардың айналасындағылармен сөйлескеннен кейін; үй-жайларды жүйелі түрде желдетіп тұру.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда мамандар медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қазақстан

Таиланд

коронавирус

Денсаулық

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары