Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Талғардың бұрынғы әкімі таксист болып жүр

Талғардың бұрынғы әкімі таксист болып жүр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы тағы да жұрт назарына ілікті. Бір ай бұрын қызметінен кеткен ол қалай күн көріп жүргенін айтты: бұрынғы шенеунік қазір жалға алынған көлікпен такси жүргізеді, - деп хабарлайды Tengri Life.

Бұл туралы ол YouTube-тағы "УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ..." арнасына берген сұхбатында айтты. Әбілқайырұлының сөзінше, қызметтен кеткеннен кейін ол жұмыссыз отырғысы келмеген. Қазір такси жүргізіп, кейде түннің бір уағына дейін жұмыс істейді.

"Үйде жай отырып алғаныма ұяламын. Отбасымды асырау керек. Бізде айтады ғой: есектің арт жағын жуып жүрсең де, ақша тап дейді. Сондықтан қазір таксист болып жұмыс істеп жүрмін. Күндіз де, түнде де жүремін. Шамамен түнгі үшке дейін жұмыс істеймін. Күніне жоспар бойынша 18 500 теңге тапсыру керек", - деді ол.

Ол жұмыс істеп жүрген көлік жалға алынған. Бұрынғы әкімнің айтуынша, жұмыс істеу үшін жеке көлігі жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жылқышыбай (@nurseiitzhylkyshybai)

Жүргізуші "оның қызметтен кетуі қысыммен немесе басқа жағдайлармен байланысты болды ма?" деп те сұрады. Алайда Әбілқайырұлы қызметтен кеткен кезде айтқан сөзін қайталады: шешім денсаулық жағдайына байланысты қабылданған.

"Екі жыл бұрын әкем дүниеден өткен болатын. Бұл маған қатты әсер етті, өйткені үйде ұлдың жалғызы болдым, салмақтың бәрі менің мойныма түсті. Үлкен стресс болды. Маған қатты тиді", - деді ол.

Бұрынғы әкімнің айтуынша, кейін денсаулығы сыр берген. Былтыр желтоқсанда ол денсаулығына байланысты демалысқа шығып, кардиологиялық орталықта тексеруден өткен.

"Дәрігерлер бірқатар ақау тапты: қан қысымы жоғары, жүректе тесік бар деді, сондай-ақ іш құрылыстың бәрінде ауру бар. Олардың айтуынша, мұның бәрі жүйкенің тозуына байланысты", - деді Әбілқайырұлы.

Оның сөзінше, ем алғаннан кейін жағдайы бұрынғыдай қарқынды жұмыс істеуге болатындай жасқармаған. Бұрынғы шенеунік әкім қызметіндегі жүктеме өте жоғары болғанын мойындайды. Айтуынша, қалада 100 мыңнан астам адам тұрады, көптеген мәселе әкімдікке келіп түседі.

"Мен мойныма үлкен жауапкершілік алдым. Бірақ Талғарда мәселе көп, бұл менің денсаулығыма және жүйке жүйеме қатты әсер етті", - деді ол.

Сонымен қатар Әбілқайырұлы жұмысын барынша тиімді атқаруға тырысқанын, бірақ кейбір міндеттерді жүз пайыз орындау мүмкін болмағанын айтты.

Қызметінен кеткеніне қарамастан, бұрынғы әкім мемлекеттік қызметке оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Егер маған халықпен жұмыс істеуге тағы бір мүмкіндік берілсе, жұмысымды бұдан да жақсы атқаруға тырысар едім", - деді ол.

Арыстанбек Әбілқайырұлы әкім болып жұмыс істеп жүрген кезінде көпшілікке танылды. Оның TikTok парақшасындағы бір видеосы кең тарап, кейін аккаунтына Талғар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінен де пайдаланушылар белсенді түрде жазыла бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Сол кезде шенеунік әлеуметтік желілер тұрғындарға күнделікті жұмысты көрсетіп, қала халқымен байланыста болуға көмектесетінін айтқан.

Бұрынғы әкім туралы не белгілі?

Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Ол Алматы аграрлық колледжін "эколог" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеді, "Талғар тұрғын үй" ЖШС-нің бас директоры, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты болған.

Талғар әкімі қызметіне 2024 жылғы 17 желтоқсанда тағайындалып, бұл қызметте бір жыл екі айдай жұмыс істеді. 2026 жылдың ақпанында Әбілқайырұлы өз еркімен қызметінен кеткенін жариялап, бұл шешімін денсаулығына байланысты деп түсіндірген.

Жұбайы мен төрт баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 16:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары