Тамыздағы Құрылтай сайлауына жеті партия қатысады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы алдағы Құрылтай сайлауына 7 партияны жіберуге қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста әрбір партия бойынша жеке-жеке қаулы шығарылды. Осылайша, жеті партия алдағы сайлауға қатысады. Олар:
Ақжол;
Ауыл;
Әділет;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
"Байтақ" жасылдар партиясы;
Қазақстан Халық партиясы;
Respublica
Сонымен қатар комиссия отырысында тіркеуде тұрған саяси партиялар көрсетілді. Олардың арасында Amanat партиясы да бар. Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, партияны қайта ұйымдастыру жұмысы әлі аяқталған жоқ.
"Amanat пен ӘDILET партияларының съездерінде Amanat партиясын қайта ұйымдастыру арқылы ӘDILET партиясына қосуға шешім қабылданған болатын. Қазіргі кезде Amanat партиясын қайта ұйымдастыру жұмысы атқарылып жатыр. Осыған байланысты ұйымдастыру және құқықтық шаралар жүргізілуде", - деді Жақселекова.
Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін Amanat партиясынан ресми хат түскенін мәлімдеді. Оған сәйкес партия мүшелері алдағы сайлауға қатыспайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 15:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















