Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Танагөз кейсі: медиадағы гендерлік тіл не дейді?

Танагөз кейсі: медиадағы гендерлік тіл не дейді?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен кезекті референдум қарсаңында белгілі ақын, журналист Танагөз Толқынқызының «Біз жетім ұлтпыз», «Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған. Өз тілінде сөйлемейді» деген жазбасы қоғамдық резонанс туғызып, ел пікірі қақ жарылды. Өкінішке қарай, жақтаушылардан гөрі қарсы пікір білдірушілер гендерлік тіл мен этика қағидаттарын бұзып, дискриминация мен әйелді таңбалау үрдісіне бой алдырды. Кейбір блогерлер «әртіс адам, ақын әйел», «шүйкебас» десе, енді бір блогер «бұрын ол ешкім емес, жәй бәдік, шайпау қатын еді, бүгін ұлт батыры ретінде таныды» деп жазып жатыр. Айтпақшы, соңғысы ақынды ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 174-бабымен соттатуға дейін баратынын жайып салыпты. Ал шындап келгенде әлеуметтік желіде не БАҚ арқылы адамның жеке басына тиісіп, қорлау, кемсіту тек этикалық мәселе емес, мұның құқықтық астары да бар. Яғни, Конституциямен бекітілген, заңмен қорғалған әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқы бар. 

Гендерлік таңбалау: «ажырасқан» Сабина, 
«күйзелген» Танагөз, «толған» Мақпал... 

Ақынның айтқан сөзінен кейін көбіне ер азаматтар қарсы шауып, аргументпен емес, жеке басқа тиісумен болған. Медиа маманы, аудармашы Назгүл Қожабек әлеуметтік желідегі жазбасында: «Дәл осыны ер адам жазса, «Әй, бәрекелді» дер едіңіздер. «Ерім-ай, дер едіңіздер. Танагөз әйел болып, көбіңіз айта алмай жүрген сөзді айтқаны ғана шымбайларыңызға батып отыр» деген. Расында да, егер қазақ медиасындағы тақырыптарды талдап көрсеңіздер, алдымыздан гендерлік стереотипке негізделген бірнеше факторды байқайсыз. Егер қандай да бір мәлімдемені ер азамат айтса, оған «батыл, «турашыл» дегендей айдар тағылады. Ал егер әйел айтса, әйелдің эмоционалды адам екені еске түсіп, оған «депрессия, күйзеліс» дегендей тіркестер қолданылады. 


Өкінішке қарай, елімізде пікір таластыру мәдениеті де толық қалыптаспаған сыңайлы. Танагөз Толқынқызының жазбасынан кейін біз оның пікірінің мазмұнына емес, әйелдігіне, эмоциясына, психологиялық күйіне баға берілгенін көріп отырмыз. Ал бұл тек пікірталас мәдениетінің төмендігі ғана емес, бұл гендерлік стереотиптің ашық көрінісі, кемсіту әрекеті. 

Посткеңестік елдерде, оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамында гендерлік ролдер жазылмаған нормаға айналған. Ер адам батыл, пікірін ашық айтатын тұлға боп қабылданса, әйел адамы сабырлы, жұмсақ, өз эмоциясын жасырып, іштей тынатын адамдай сипатталады. Яғни, егер патриархалды қоғамда әйелдің дауысы ащырақ шықса, сол патриархалды қоғамның тәрбиесі сүйегіне дейін өтіп кеткен адамдар мұны қабылдай алмайды. Бұл жәйт әйел мен ердің дәстүрлі роліне сәйкес келмейді. Соның салдарынан реакция да, қоғамдық резонанс та күштірек болады. 

Бұл аздай қоғамда эмоция стереотипі тағы бар. Яғни, ер адамдардың эмоциясы күрескерлік, қайсарлықпен бағаланса, әйелдердің эмоциясы күйзеліспен байланысты деп саналады. Сондықтан ер азаматтың өткір сөздері қалыпты құбылыс, ал әйелдердікі ерекше құбылыс боп қабылданады. Ерлерді сынағанда, көбіне оның кәсіби әрекеті мен саяси позициясына баға береді, ал әйелдерді сынағанда, оның сырт келбетіне, жеке өмірі мен психологиялық күйіне көп назар аудартады. Бұл жерде эйджизм мәселесі туындаған кейстер де бар. 

Ең қызығы, қазақ әйелі дегеніңіз ол атам заманнан қазақ әдебиетіндегі бейкүнә, әлсіз, гендерлік теңсіздікке ұшыраған Бақытсыз Жамалдар мен Ақбілектер, Ұлпандар ғана емес, ол күшті, батыл, батыр әйелдер дәстүрін көрсететін тұлғалар – сонау Тұмар патшайымнан бастап, кешегі Домалақ ана, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Ләззат Асановалар бар емес пе? Яғни, қазақ қоғамында әйелдің батыл пікір айтып, ел басқарып, соғысқа қатысып, Отан қорғап, күшті тұлға болуы тарихи тұрғыдан бар нәрсе. Тіпті, Тұмар, Бегім, Бопай, Абақ, Айғаным, Күнбике, Айбике, Зере сияқты ханшалар өз заманы түгілі қазір де нағыз ерліктің белгісіндей халық жадында сақталған. Содан болар есімі руға айналған аналар да баршылық. Бүгін әйелдермен жағаласып, арпалысып жүрген біраз ерлер өздерінің руының әйелден тарағанынан да бейхабар болуы мүмкін. 

Қоғам қайраткері Ерлан Төлеутай да пікір білдіріп: «Әуелде патриархалды қоғамда әйел ақын көп болмаған. Себебі белгілі. Мәшһүр Жүсіп Ұлбикені әйелден шыққан тұңғыш айтыс ақыны дейді. Сол Ұлбикені топас күйеуі тойға барып өлең айттың деп ұрып өлтіреді. Өшіккен жауыздар әнші Майраның қабіріне дейін жойып жіберген еді. Сара ақынды да айналасы әбден қорлап, құса қылып өлтіріп еді. Солардың тұқымдары әлі тірі екенсіздер ғой!» дейді. 

Өкінішке қарай, соңғы уақытта гендерлік теңсіздік тақырыбын қоздырған бірнеше кейс болды. Ең алдымен, біраз уақыт бұрын кейбір спорт сайттары «Ажырасқан Сабина Алтынбекова ұлымен мақтанды», «Ажырасқан Сабина да Головкиннің жиынында болды» дегендей кликбейт тақырыптармен қоғамды дүрліктірді. Бұған танымал спортшы наразылығын білдіріп: «Ажырасқан». Спортшы емес. Әйел емес. Тұлға емес. Тек «ажырасқан». Ал ажырасу таңба емес, бұл өмірдің бір кезеңі. Мен әйелмін. Мен анамын. Мен кәсіби маманмын. Қазақстан әйелдері өзгенің сценарийімен өмір сүруге міндетті емес. Біз өз өмірімізді таңдауға құқылымыз. Жапсырмасыз, қысымсыз, кемсітусіз» деп жауап берді. Сондай-ақ, ақпаратты жариялаған сайттардан 7 күнде кешірім сұрауды талап етті. Олай болмаған жағдайда сотқа жүгінетінін жеткізді. Кликбейт қоғам наразылығын туғызды.

Экс-шенеуніктер де қоғамдық пікір қалыптастырады

Жақында Халық әншісі Мақпал Жүнісованың концертінде танымал кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың әкесі экс-шенеунік Асқар Құлыбаев сахнаға шығып: 

- «Оншақты килограмм таста! Тамағыңды жөндеу керек, спортпен шұғылдану керек! Менің 60 жылдығымда қалай билегеніңді білесің бе? Назарбаевтан бастап бәрінің аузын ашып қалғанын білесің бе?» - деді. Бұған Халық әртісі Мақпал Жүнісова күліп жауап берді:  
- Отыз жыл бұрын неге келмедіңіз? Маған қиын болғанда, неге ақша бермедіңіз? Сіз бай адамсыз, миллиардерсіз. Менің байға шығатын арманым жоқ. Менің фигурам өзіме ұнайды. Мына кісі өзі мені алғысы келіп жүр ғой деймін. Он килограмм арықтаңыз деді ғой маған. Сіз алсаңыз да, мен бармаймын» деп, жұртты күлдірді. Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованы қолдап, 88 жастағы зейнеткердің әрекетін мәдениетсіздік пен дөрекілікке балап отыр. 

Бұл екі жағдайда, яғни, бірінде спортшыны «ажырасқан» деп айдарлап, екіншісінде әншіні «10 килограммға арықтауы тиіс» деп бұйыру адамдардың кәсіби тұлғасын емес, жеке өмірі мен дене бітімін алдыңғы орынға қояды. Байқасаңыздар, спорт журналистикасында ерлер туралы «олимпиада жүлдегері, ұлттық құрама ойыншысы» дегендей тіркестер тұрақты қолданылса, әйел спортшылар туралы «әдемі спортшы», «ажырасқан спортшы», «ана болған спортшы» дегендей тіркестер жиі қолданылады. Бұл екіұдай, қос стандарт белгісі. Таңбалаудың, кликбейт пен лейблингтің өз салдары да бар. Мәселен, «ажырасқан» дегендей сөздер адамның кәсіби жетістігін төмендетіп, әлеуметтік бейнесін мүлдем басқаша қалыптастырады. Сондықтан әйелге қатысты айтылатын «әдемі спортшы», «сұлу депутат», «көрікті журналист» сияқты тіркестер ерлерге қатысты айтылатын «тәжірибелі саясаткер», «мықты сарапшы», «кәсіби заңгер, депутат» тіркестерінің жанында әлсіз кейс болады. Сондықтан журналистер ақпарат таратқанда, әйелдер мен ерлердің батыл мәлімдемелерін бірдей беруі керек. Өкінішке қарай, ерлерге келгенде, «батыл пікір білдірді» дегендей бейтарап, позитив сөздер қолданылса, әйелдерге келгенде, «ашулы мәлімдеме жасады», «ренішін білдірді» дегендей эмоционалды стереотипке негізделген сөйлемдер жазылады. 

Әйелдің кәсіби жетістіктеріне қаяу тісіріп, оның жеке өмірі мен дене бітімін бірінші орынға қою гендерлік стереотиптерді күшейтеді. Конституцияда адамды жынысына қарай бөлуге, кемсітуге тыйым салынған. Ал іс жүзінде гендерлік алалау әлі де өзекті мәселе. Жалпы, бүгінгі Танагөз, Сабина мен Мақпалдың басынан өтіп жатқан жағдай тек бір ғана адамның төңірегіндегі дау емес, бұл медиа мен қоғамда әйелге қатысты көзқарасты ашып көрсетіп отырған құбылыс. 

Әйелдерге келгенде медиа тілі қатты, дискриминациялық сипатта болмауы керек. Медиа тілі қоғамдағы көзқарасты қалыптастырады. Егер медиа әйелдерді «ажырасқан», «толған», «күйзелген» деп таңбалай берсе, оқырман мен көрермен әйелдің кәсіби білігін, тұлғасын солай қабылдайды. Өкінішке қарай, экс-шенеунік болса да танымал тұлғалардың айтқан сөздері қоғамда теріс норманы қалыптастыруы мүмкін. Егер танымал тұлғалар әйелді дене бітімі мен жеке өміріне қарай кемсітуді қалыпты жағдайға айналдырса, әлеуметтік желіде буллинг күшейіп, әлеуметтік араздыққа дейін баруы мүмкін. Қазіргідей психикалық, эмоционалды денсаулық сыр берген заманда адамдардың, әсіресе жастардың, жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдауына да кері әсер етпесіне кім кепіл? 

Қазірше сот арқылы өзінің ар-ұжданын қорғаған әйелдер аз. Бірақ мұндай құқықтық прецеденттер де көбеюі мүмкін. Мәселен, күні бүгінге дейін сот тәжірибесінде әйелдерге қатысты «ақымақ», шайпау», «арсыз», «тәрбиесіз», «жеңіл жүрісті» сияқты сөздер қаралған жағдайлар болған. Сот арқылы кешірім сұрауды, ақпаратты жоққа шығарып, моральдық шығынды өтеуді талап етуге әбден болады. Бұл да біреулерге сабақ боларлық дүние.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары