Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Танымал сусын денсаулық пен психикаға зиян болып шықты зерттеулер

Танымал сусын денсаулық пен психикаға зиян болып шықты зерттеулер

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жастар арасында танымал тапиока шарлары қосылған сусын (бабл-ти) денсаулыққа зиян тигізіп, психикалық жағдайға кері әсер етуі мүмкін деп ескертеді ғалымдар. Олардың айтуынша, маниокадан жасалған тапиока шарлары ауыр металдарды бойына сіңіріп алады, ал сусынды жиі әрі көп мөлшерде тұтыну ас қорытуды баяулатып, тіпті тамырлардың бітелу қаупін тудыруы ықтимал, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі ScienceDaily және Nutrients басылымдарына сілтеме жасап.

Қытайлық зерттеушілер бабл-тиді тұрақты ішу мен психикалық денсаулықтың нашарлауы арасында байланыс болуы мүмкін екенін де атап өтті.

1980-жылдардан бері әлемдік хитке айналған қара шай, сүт, қант және тапиока шарларынан тұратын сәнді сусынның денсаулыққа қатысты тәуекелдері бар екені жаңа зерттеулерде көрсетілді.

Ауыр металдар

Consumer Reports АҚШ-та бабл-ти дайындауға арналған бірқатар өнімнен қорғасынның жоғары мөлшерін анықтады.

Анықтама: Тапиока шарлары маниока крахмалынан жасалады; бұл тамыржеміс топырақтағы қорғасын мен басқа да ауыр металдарды тез жинайды.

Ас қорыту және бүйрек

Крахмалды "маржандар" асқазанның босауын баяулатып (гастропарез), сирек жағдайларда ішек түйілуін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ жүрек айну, құсу, іштің ауруы байқалуы ықтимал; ас қорытуы баяу адамдарда бұл қауіп жоғарырақ. Қоюлатқыш ретінде қолданылатын гуар шайырын жиі тұтыну іш қатуға әкеп соғуы мүмкін.

Сусын компоненттері (соның ішінде оксалаттар мен фосфаттың жоғары мөлшері) бүйректе тас пайда болуына әсер етеді. 2023 жылы Тайвань дәрігерлері судың орнына бабл-ти ішкен 20 жастағы әйелдің бүйрегінен 300-ден астам тас алып тастаған; бұл оқиға өте сирек кездесетін жағдай болып саналады.

Тұншығу қаупі

"Маржандар" балалар мен ересектер үшін тұншығу қаупін тудырады. Сингапур БАҚ-тары жартылай бітелген түтікшені қатты сорған кезде тамағына үш шар тұрып қалған 19 жастағы бойжеткеннің қаза болғанын хабарлаған.

Қант және ұзақ мерзімді қауіптер

Әдетте бір порцияда 20–50 грамм қант болады - бұл Coca-Cola құтысындағы мөлшермен бірдей немесе одан да көп. Калифорнияда бұл сусын жастар арасындағы семіздік індетіне себепші факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Психикалық денсаулық

Алайда ең таңғалдыратын жаңалық - бабл-тиді жиі тұтынудың психикаға әсері. Қытайдағы зерттеулер бұл сусынды балалар мен жасөспірімдердің жиі ішуін мазасыздық пен депрессияның артуымен байланыстырады. Ересектерде жүйелі түрде тұтыну мазасыздық, депрессия, шаршау, эмоционалдық сарқылу және әл-ауқаттың төмендеуімен сәйкес келген; ал оны тұтынуды азайту суицидтік ойлардың азаюымен байланысты болды. Дегенмен, тікелей себеп-салдарлық байланыс әлі нақты дәлелденген жоқ.

Сарапшылар сусынға толық тыйым салудың қажеті жоқ екенін, бірақ бабл-тиді сирек берілетін десерт ретінде қабылдаған дұрыс екенін айтады. Оны түтікшесіз - тікелей стақаннан ішу ұсынылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

сусын

бабл ти

Зерттеу

Денсаулық

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары