Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тарихи кезеңнен не күтесіз?

Тарихи кезеңнен не күтесіз?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Димаш СЕЙІТБЕК:

– Кез келген қоғамның алға басуына дер кезінде жаңа­шыл­дық қажет. Өзгерістерді толық қолдаймын. Әсіресе Ата заңда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурс­тарды ұтымды пайдалану, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәсе­лелеріне ерекше мән берілген. «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы аясындағы сенбіліктерге қатысып тұрамын. Бізде демалыс орындарының аумақтары қоқысқа толы, оған қоса ескерткіштерді бүлдіру (вандализм) белең алып барады. Әрбір азамат қоршаған ортаны аялап, тарихи-мәдени мұраларды сақтауға заң алдында да, ар алдында да жауапты болуға тиіс.

 

Асылбек ЕСЖАН:

– Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің экономикалық әрі рухани тұрғыдан қауіпсіз ­дамуына ықпал етеді деп есептеймін. Құжатта отбасы институты, ұлттық құндылықтарымызды қорғау шегелеп көрсетілген. Соның ішінде неке мәселесіне қатысты тармақты ерекше атап өткім келеді. Заң бойынша неке тек ер мен әйелдің арасындағы ерікті одақ деп танылады. Бұл – біздің ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімізге, ділімізге, отбасылық құндылықтарымызға толық сай келеді. Ата заң өскелең ұрпақты кейінгі жылдары қоғамда белең алған Батыстың жат идеологиясынан қорғайды.

Батырбек МАРҚАБАЙҰЛЫ:

– Ең бастысы, өзгерістер халықтың әл-ауқатын жақсаруға жұмыс жасауға тиіс. Заң бәріне бірдей болуы әрі адам құқығы қорғалуы керек. Жаңа Ата заңнан күтеріміз де, талап етеріміз де осы – әділдік. Мемлекеттің байлығы, жері мен оның қойнауындағы табиғи ресурстар тікелей халыққа тиесілі деп бекітілді ме, демек соның игілігін қарапайым бұқара сезінуі қажет. Заң талаптары шендіге де, қарапайым жұмысшыға да бірдей орындалуға тиіс.

Айжан ОРЫНБАЙ:

– Мені әйел әрі ана ретінде Конституцияның әлеуметтік тұсы, оның ішінде ана мен баланы қорғау мәселесі көбірек қызықтырады. Кез келген ана перзентінің болашағы үшін алаңдамайтындай мемлекеттік кепілдік пен қауіпсіздікті сезінуі керек. Алайда бұл жердегі мәселе – жастарды дайын асқа тік қасық деп үйретіп, мемлекетке масыл қылу емес, олардың өз әлеуетін ашуына жағдай жасау. Мемлекет жас буынға жарқын болашаққа деген нық сенім ұялатып, сапалы әрі қолжетімді білім алуына, сондай-ақ еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік берсе игі. Қазір айналамызда жоғары оқу орнын бітіре сала, мамандығы ­бойынша жұмыс таба алмай, ауылда бос жүргендер көп. Қолындағы дипломы өмірлік кәдесіне жарамай, шаң басып жатыр. Мына өзгеріс осы мәселені реттеуі керек.

Жасұлан СЕРІКҰЛЫ:

– Өзгерістерден хабардармын. Конституциялық реформалар біз сияқты қарапайым жұмысшылардың күнделікті тұрмысына әсер етуге тиіс. Мысалы, қазір баспана мәселесі, азық-түлік бағасы мен коммуналдық қызметтердің құны бәрімізге салмақ салып отыр. Тапқан табысыңның жартысынан көбі пәтерақы мен тамақтан артылмайды. Әлеуметтік пакет ретінде жас отбасыларға қолжетімді баспана бағдарламалары көбейіп, несие пайыздары төмендесе, бұл заңның нақты игілігі болар еді. Бізге керегі – аста-төк байлық емес, адал еңбегіңмен, маңдай теріңмен тапқан табысыңның берекесін көріп, бала-шағаңды уайымсыз асырай алатындай ертеңгі күнге деген сенімділік.

Құндыз МАЙДАНҚЫЗЫ:

– Ата заң – ел тә­уелсіздігі­нің негізі ғой. Консти­туцияға енгізілген жаңа­шылдықтарды қолдаймын, өйткені олар қо­ғамның дамуына әсер етсе, нұр үстіне нұр. Ең маңыздысы – ел іші тыныш, егемендігіміз мәңгі болсын. Жаңа Конституция жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты оятып, еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделін арттыруға қызмет етсін.

P.S.: Астана көшелерін аралап жүріп, біраз адамды сөзге тарттық. Арасында жаңа Ата заңнан мүлдем хабары жоқтары да кездесті. Алайда көпшілік қауым ел өміріндегі өзгерістерден хабардар екенін байқадық. Кей азаматтардың пікірі көңіл қуантты. Әрқайсысы өзінше қоғамды ілгерілеткісі келеді. Бірақ бәрінің ниет, тілегі бір – алаңсыз өмір сүру.

Дайындаған

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары