Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Таспен қаланған аманат

Таспен қаланған аманат

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Рас, Маңғыстаудың маңғаз даласына алғаш аяқ басқан кез келген адам ең әуелі оның табиғатына тамсанады. Бір қарағанда, үнсіз жатқан сары жон, ақ борлы шатқал, жел мүжіген жартастар ғана көрінуі мүмкін. Алайда осы өлкенің әр қырына үңіле қараған сайын, табиғат пен тарихтың, адам мен руха­ният­тың өзара сабақтасқанын аңғарасың. Өйткені, Маңғыстау – мыңдаған жылдық өрке­­ниеттің ізін бойына сақтаған қасиетті мекен. Оның жартасқа қашалған мешіттері сол тарих­тың үнсіз шежіресі іспетті. Басқаша айтсақ, бұл киелі мекендер өз заманында білім мен ағарту орталықтарының жүгін де арқалады. Сол себепті де бес мешіттің ЮНЕСКО тізіміне енуі кез­дейсоқ емес, тіпті әр жерде орна­ласқан ескерт­кіштердің «жекелеген» тағдыры да емес, бұл – тұтас бір мәдени ландшафттың әлемдік деңгейде мойындалуы.

ЮНЕСКО-ның ресми сайтында биыл бұл тізімге енгізуге 33 аталым ұсынылғаны көрсетілген. Оның 22-сі мәдени, 7-еуі табиғи, 1-еуі аралас нысан, сондай-ақ шекараларын өзгертуге қатысты 2 және критерийлерін өзгер­туге қатысты тағы 1 нысан бар. Ал Қазақстан ұсынған «Rock Mosques and Associated Sacred Sites of Mangystau» – «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және оларға қатысты киелі орын­дар» аталымы бұл тізімде алғашқы ондық­­ты түйіндеп тұр. Бірақ осы тұста қоғамда жиі қойы­­латын бір сұрақтан аттап кете алмаймыз. Ол – «ЮНЕСКО тізіміне енудің нақты пайдасы қандай?» деген сауал.

Ең алдымен ЮНЕСКО тізіміне ену – мәрте­бе ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін түсін­геніміз жөн. Өйткені, дүниежүзілік мұра мәртебесі белгілі бір нысанның «ерекше құн­ды­лыққа» ие екенін білдіреді. Басқаша айтқан­да, бұл мұра тек елімізге емес, бүкіл адамзатқа ортақ деп танылады. Сондықтан оны қорғау, ғы­лыми тұрғыдан зерттеу, түпнұсқалық қал­пын сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу халық­аралық міндетке айналады. Ал ЮНЕСКО ешқа­шан ескерткішті ғана мойындамайды. Ол халық тарихының өміршеңдігін мойындайды.

Ал Маңғыстаудың жартасты мешіттері ғасырлар бойы халық үшін даладағы рухани тәрбие мен тағылымның, білім мен ағартушы­лық­тың, имандылық пен ізгіліктің ордасына айналды. Бұл қасиетті мекендерде елдің діни сауа­ты ашылып, адамды адалдыққа, сабырға, мейі­­рімге, ар-ұятқа үндейтін ілім тарады. Ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішкен заман­­дарда жұртты бірлікке шақырып, елді ұйыс­­тырған рухани темірқазық қызметін атқар­ды.

Жартасқа қашалған осы мешіттер – халық­тың тарихи жадын да ғасырлар бойы сақтап келген үнсіз шежіре. Мұнда ата-баба рухына тағзым ету мен кейінгі ұрпаққа өнеге қал­ды­ру­дың сабақтастығы үзілген жоқ. Әулие тұ­тыл­ған тұл­­ғалардың өмір жолы, олардың айт­қан өсиеті мен ұстанған жолы ұрпақтан ұрпаққа ауыз­ша жетіп, халықтың рухани санасын жаң­ғырып отырды.

Сондықтан Маңғыстаудың жартасты мешіт­­­терін тек өткен дәуірдің сәулет ескерткіші деп қабылдау аздық етеді. Олар – қазақ дала­сын­дағы рухани ағартушылықтың өзіндік мек­тебі, халықты ізгілікке бастаған тәрбие ордасы, елдік сананы бекемдеген қасиетті мекен­дер. Олардың әрбір қашалған қабырғасы – тарих­тың, әрбір соқпағы – тағылымның, әрбір зия­рат орны – ұрпақтар арасындағы үзілмес байла­ныс­тың белгісіндей.

Бүгінгі ұрпақ үшін олардың ең үлкен құн­дылығы да осында. Өйткені таспен қалан­ған бұл мекендер бізге өткенді ғана танытып қоймайды, бүгінді бағамдауға, болашақ­қа жауап­кершілікпен қарауға үндейді. Ғасыр­лар қойнауынан жеткен осы рухани мұра­ның басты аманаты – уақыт өзгерсе де, адам­дық­тың, имандылықтың, бірлік пен елдіктің құндылықтары өзгермеуі керек деген тағылым.

Біз әлемге Маңғыстаудың жартасты мешіт­те­рі арқылы бір маңызды ақиқатты айта аламыз: өркениет тек алып қалалар мен сәулетті сарайлардан тұрмайды. Кейде өрке­ниет­тің ең терең ізі адам аяғы сирек жететін қуаң даланың қойнауында, табиғи жартастың ішіне қашалған шағын мешітте сақталуы мүмкін.

Рас, талайлы тарихымыз таста қашалды, тас­пен қаланды. Ал таста тіл жоқ, тас үнсіз. Бірақ тарих сөйлей алады. Сөйлететін – бүгінгі ұрпақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 08:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары