Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Тату көршіліктің асыл арқауы

Тату көршіліктің асыл арқауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын үзіліссіз құрлықтық шекара байланыстырады. Осы шекараның бойында Ресейдің он облысы мен бір өлкесі, сондай-ақ Алтай Республикасы еліміздің жеті облысымен иін тіресіп жатыр. Бұл аталған өңірлер арасында жан-жақты тығыз байланыс орнатуға берік негіз қалыптастырады.

Қос мемлекет – 2010 жылдан бері Кеден одағының, 2015 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Шекара бойында жатқан өңірлер арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті жандандыру мақсатын­да 2003 жылдан бері Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы тұрақты түрде өтіп келеді. Бұл – екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайтатын маңызды диалог алаңы. Форум жыл сайын екі елдің әр қала­сын­да кезекпен шымылдығын түріп, екіжақты қарым-қатынастың ширы­ғуына серпін беріп отыр.

Бұл іс-шараның басты ерекшелігі – ең жоғарғы басшылық деңгейінде, яғни қос ел президенттерінің қатысуымен өтуі, сондай-ақ тек экономикалық емес, мәдениет, білім, гуманитарлық салалардағы байланыстарды да кеңінен қамтуы. Осы уақытқа дейін 21 форум ұйымдастырылып, шекаралас облыс-тар мен өлкелер арасында жаңа инвес­тициялық келісімдер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларында бірлескен жобалар өмірге келіп, өзара сауда байланысы күшейді.

Былтыр Орал қаласында өткен ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Ресеймен екіжақты байланыстың орны айрықша әрі тату көршілік пен баянды достықтың кепілі екенін атап өтті.

«Сауда-экономикалық, инвес­ти­циялық ықпалдастық жыл өткен са­йын тұрақты түрде нығайып келе­ді. Бұл – қуантарлық жайт. Ресей – Қазақ­станның ең ірі сауда және ин­вес­тициялық серіктесі. Екі ел ара­сындағы тауар айналымы 28 млрд доллардан асты. Оны 30 млрд долларға дейін жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы Ресей инвестициясы рекордтық деңгейге же­тіп, 4 млрд долларды құрады. Осыған дейін Қазақстанға салынған ресейлік ин­вес­тицияның жалпы көлемі, біздің мәліметіміз бойынша, 27 млрд доллардан асты. Өз кезегінде Қазақстан Ресейге 9 млр-дқа жуық инвес­тиция құйды», деді Мемлекет басшысы.

Былтырғы форум бұрынғылар­дан өзгерек өтіп, бірнеше күнге созыл­ған талқылау аясында цифрландыру, жасанды интеллект, көлік және логистика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақ­тастықты нығайту, аймақтарда жоға­ры технологиялық жұмыс орындарын құруға бағытталған серіктестік мүмкін­діктері, атомдық және дәстүрлі энергетика салалары мамандарын даярлау, заманауи агротехнологияларды оқыту секілді өзекті тақырыптар басқосуға арқау болды.

«Жыл сайын өткізілетін форум – Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікке негіздел­ген өзара сенім мен тиімді ынтымақ­тастықтың беріктігінің айғағы. Екі ел арасында өзара сауда-саттық көле­мін ұлғайту, инвестициялық әріптестікті кеңейту бағытында жұ­мыс әлі де жал­ғасады», деді Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Нариман Төреғалиев.

Ол БАҚ өкілдеріне берген сұх­­­б­а­тында кезекті келелі басқосудың Батыс Қазақстан облысында өтуі тегін емес екенін, өйткені облыс­тың ресейлік өңірлермен сауда байланысы 2 млрд доллардан асқанын, бүгінде облыста шетелдіктердің қатысуымен 2 мыңнан аса компания жұмыс істесе, соның жартысы ресейлік ұйымдар екенін, бұдан басқа да екі жаққа тиімді жобалар жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгінде елімізде 12 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 30 жобаны екі ел кәсіпкерлері бірлесіп қолға алғанын тілге тиек етті. Оның жалпы сомасы 4,4 млрд долларды құрайды. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта 30,8 млрд доллар көлеміндегі тағы 29 жоба мен 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын жасақтау жоспарланған. Бұл жобалар өнеркәсіптік өсімнің негізін құрайтын энергетика, машина жасау, металлургия, химия, ауыл шаруашылығы салаларына бағытталған.

«Елімізде 2030 жылға дейін Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы жүзеге асып жатыр. Оның мақсаты – жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен кем дегенде 3,8 млн-нан аса сапа­лы жұмыс орнын дайындау. Бұл жал­пы жұмыспен қамтудың 45%-ын құрай­ды. Қазақстан мен Ресей дуалды әрі кәсіптік білім беру бағдарламала­рын бел­сен­ді түрде дамытып келеді. Қазір Ресей жоғары оқу орындарында 55 мың­нан аса қазақстандық студент оқыса, Қазақстанда 2 мыңнан аса Ресей азаматы білім алады», деді А.Шаққалиев.

Министр атап өткен бірлескен жобалардың көпшілігі екі елдің шекара­лық өлкелеріне тиесілі екенін айта кету керек.

Осы орайда Қазақстан мен Ресейді байланыстырып тұрған берік көпір тек Өңіралалық ынтымақтастық форумымен шектелмейтінін де жеткізгі­міз келеді. Ырысты ынтымақтастық­тың қанат жаюына ықпалын тигізіп жатқан өзге де бірлескен іс-шаралар мен жемісті жобалар жетіп артылады. Соның ішінде 10 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесі мен екі елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі Озық технологиялар орталығын атап өтуге болады.

Қазақстан да, Ресей де – алдыға озған аграрлық экономикасымен ерек­­­шеленетін мемлекеттер. Әлемнің едәуір бөлігін бидаймен, астықпен қам­та­масыз етіп келе жатқаны әмбеге аян. Көкөніс өсіру жөнінен де көп елден көш ілгері. Осыған байланысты қос елдің аграрлық салада ынтымақтастық орнатып, бір-бірінің тәжірибесімен танысып, үйренуі ақылға сыйымды жайт.

Былтыр 2 сәуірде Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Ресей Ғылым академиясымен, жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар орталығын ресми түрде ашқан еді.

Бұл орталық Ресей мен Қазақ­стан­­ның жетекші ғылым ордаларымен ты­­ғыз ынтымақтастықта жұмыс істей оты­­рып, өзара тәжірибе алмасу, ин­но­ва­циялық шешімдер әзірлеу мен ауыл ша­руашылығына жоғары техноло­гия­­лық тәсілдерді енгізуге негіз қалыптастырмақ.

Атап айтқанда, ауыл шаруашы­лығы дақылдарының геномдық селекциясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды дамыту, өнімділігі жоғары, климаттың өзгеруіне, ауруларға төзімді жаңа сорттар жасау, сорт сынақтарын жүргізу, генетика­лық модификацияның озық әдістерін әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ тұрақты, экологиялық таза өнімдер жасауға биотехнологияларды пайдалану, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды дамыту, оның ішінде мониторинг жүйелерін, үдерістерді автоматтандыру мен оңтайлы шешімдер қабылдау үшін үлкен деректерді талдауды пайдалану секілді қызметтерді атқарады.

«Агроөнеркәсіп кешендегі Қазақ­стан-Ресей озық технологиялар орта­лығының құрылуы селекциялық әзір­ле­мелер мен геномдық селекция­да жаңа биіктерге жетудің, иннова­ция­­лық, экологиялық тұрақты ауыл шаруа­­шылығын дамытудың маңызды кезеңі болды. Ол қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жа­уап бере алады әрі жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметте.

Жалпы, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы тек екіжақты сипатта ғана емес, сондай-ақ көпжақты сипатта да өрістеп жатқанын айта кету керек. Мәселен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекет­тер достастығы секілді аймақтық ұйым­дар аясына қос мемлекеттің тату көрші­лік, өзара сенім мен стратегиялық әріп­тес­­тікке негізделген байланыстары терең­дей түсіп, ортақ бастамаларды жүзе­ге асыру мүмкіндігі артып келеді. Соны­мен қатар көпжақты форматтағы мұн­дай ынтымақтастық екі елдің халық­ара­лық деңгейдегі үйлесімді іс-қи­мы­лын қамтамасыз етіп, жа­һан­дық әрі өңірлік үдерістердегі рөлін күшейтеді.

Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттың қоры арқылы мұқтаждарға пәтер уәде еткен кәсіпкер 3,9 млрд теңге жымқырған

Қылмыс • Бүгін, 10:05

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді

Елорда • Бүгін, 09:51

Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі

Зерде • Бүгін, 09:43

Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:20

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:05

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Кеше

Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген

Өшпес даңқ • Кеше

Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады

Қоғам • Кеше

Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Технология • Кеше

Президент бірқатар заңға қол қойды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты

Президент • Кеше

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Оқиға • Кеше

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген

Оқиға • Кеше

Туған жер құрметінен қанаттанып…

Әдебиет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 10:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары