Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

Тәуелсіздік алған жылдары өңірлерді басқарған тұңғыш әкімдер жайында не білесіз?

Тәуелсіздік алған жылдары өңірлерді басқарған тұңғыш әкімдер жайында не білесіз?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл трансформацияға қызмет пен атауға ғана емес, нарық талабын көре білген басшылар келді. Міне, тәуелсіздік жылдарында аймақты басқаруға алғаш тағайындалған әкімдерді жинақтап бермек болдық, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының алғашқы әкімі Андрей Браун  болған. Дәл сол кезде, 1992 жылы 55 жастағы басшы өңірді 1997 жылға дейін басқарған. Сол жылы азғана уақыт Президент кеңесшісі болып, кейін зейнетке шығып, Германияға көшіп кеткен. Ол Украинаның шет аймағында орналасқан Рундивизия атты неміс ауылында дүниеге келген. Көпбалалы отбасынан шыққан ол үйінің кенжесі болған. Әкесі 1936 жылы сотталып, содан хабар-ошарсыз кетеді. Соғыс жылдарын оның отбасы Қазақстанға көшіп келген. 9 жасынан мектепке барған ол, Ақмоладағы Зоотехникалық технимды бітіріп, ауылындағы шаруашылықта жұмыс істей бастаған. 

Сол аралықта Ақтөбе облысының басшысы ретінде 46 жастағы Шалбай Құлмаханов келген. Бұл қызметті бір жыл басқарған ол мемлекет кеңесшісі болып, жарты жылдан кейін қайта әкімдік қызметке оралады. Бірақ бұл жолы ол Алматы қаласын басқарады. Екі жылдан кейін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы болып, 2001-2005 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі ретінде тағайындалған. Кейін Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетіп, өз кәсібін ашады. Бүгінде ол – бірнеше сауда және бизнес орталықтарының иесі.

Ахметжан Есімов – Алматы облысының алғашқы әкімі. Ол кезде жасы 42-де еді. Одан кейінгі жылдарда ол Премьер-Министрдің орынбасары, Мемлекеттік хатшы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Бельгияда Қазақстанның елшісі болды. Кейін әкімдік қызметке  қайта оралып, Алматы қаласын 7,5 жылдай басқарды.

Ал Атырау облысын басқару Сағат Түгелбаевтың тізгініне берілді. Гурьевтің тумасы ол кезде 44 жаста болған. Екі жылдан кейін ол қызметінен кетіп, мұнай саласына байланысты кәсіппен айналысуды қолға алады. Сөйтіп, мемлекеттік қызметке оралмайды.

Сол кездегі Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде 47 жастағы Амангелді Бектемісов тағайындалған. Ол 1994 жылы өз еркімен қызметінен кетіп, жеке кәсіппен айналысып, 2001 жылға дейін «Кең Дала» корпорациясын басқарды.

Ал Жамбыл облысының ең бірінші әкімі Өмірбек Байгелді болды. Өңірді үш жыл басқарған ол келесі жылында Парламент Сенатының төрағасы қызметіне тағайындалады. 1999 жылы Сенат төрағасының орынбасары, кейіннен Сенат депутаты болып 2011 жылға дейін жұмыс істейді. Кейін қоғамдық жұмыспен айналысып, 85 жасқа қараған шағында 2024 жылы дүниеден өтті.

Жезқазған облысының алғашқы әкімі бұл қызметті екі жыл ғана атқарған. Оның есімі – Григорий Юрченко, ол кезде жасы 54-те болған. 1994 жылы «Қазақмыста» жұмыс істеп, екі жылдан кейін сол жерден зейнетке шыққан. Артынан Ресейге қоныс аударған. 

Сол кезеңде Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Нәжімеден Есқалиев тағайындалған. Ол бұл қызметте бар-жоғы бір жыл отырып, келесі жылында Көкшетау облысының әкімі болды. Ол жерде бір жылдай ғана уақыт істеп, кейін бес жылдай Өзбекстан, Украина, Молдава елдерінде дипломат болды. Артынан зейнетке шығып, осыдан үш жыл бұрын дүниеден өтті. 

Алғашқы әкімдердің арасында ұзақ уақыт өңірді басқарған – Петр Нефедев. Ол Қарағанды облысында 5 жылдай басшылық еткен.  50 жасында әкім болған азамат кейін Премьер-Министрдің кеңесшісі, Энергетиканың вице-министрі болған. 2002 жылдары мемлекеттік қызметтен кетіп, зейнет жасында кәсіпкерлікке бет бұрған. Ол сол жылдардың өзінде «Қазатомпром», KEGOK компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі еді.

Жәнібек Кәрібжанов бір емес, үш аймаққа басшы болған адам. Алғашында Көкшетау облысын басқарса, 1997 жылы Ақмола облысы және 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысында билік етті. Қызығы, бәрінде бір-екі жылдан ғана қызмет атқарған.  Әкімдіктен кейін 2008 жылдан 2011 жылға дейін Мәжілістің вице-спикері болды. Осы қызметтен кейін зейнетке шықты.

Сол кездегі Қостанай облысының алғашқы басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Кенжебек Укин болған. Шығыс Қазақстан облысының тумасы осыдан екі жыл бұрын дүние салған. Сонау 1992 жылы 51 жасында өңір басшысы болып тағайындалған ол кейін де мемлекеттік қызметтен алыстаған емес. Әкім орынбасары, қызмет істері, экономика әрі әлеуметтік қорғау басқармаларын басқарған. Марқұм зейнетке шықса да, өмірінің соңғы жылдарында облыстың ардагерлер кеңесін басқарған.

Қызылорда облысының ең алғашқы әкімі Сейілбек Шаухаманов 2018 жылы 79 жасында дүниеден озды. Оның елге деген қызметі сонау механиктен бастап, өзінің туған аймағында өсіп-өнген азамат. Сенат депутаты болғанға дейін ол бұл қызметті  үш жыл атқарды. Кейін Көші-қон және демография агенттігі төрағасының орынбасары болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ол қоғамдық жұмыспен айналысып, өмірінің соңғы жылына дейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған екен.

Сол кезеңде Маңғыстау облысын 57 жастағы Фёдор Новиков басқарды. Ал 1993 жылдың қазан айында ол Премьер-министрдің кеңесшісі болды. Марқұм 2002 жылы 67 жасында дүниеден өтті.

1992 жылы Павлодар облысының әкімі болып Асығат Жабағин тағайындалды. Белгілі саясаткер 75 жасында өмірден өткен. Мамандығы инженер жігіт әуелгі жұмысын Ермак ГРЭС энергоблогының машинисінен бастаған. Кейін Ермак қалалық ЛКЖО комитетінің бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісінен басшылық қызметке дейін өскен.

Павлодар өңірін бір жыл басқарған ол, келесі жылында Премьер-министрдің орынбасары, Энергетика, индустрия және сауда министрі,  Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. 1999 жылы Мұнай одағының президенті болған. Бизнеспен айналысты. 

Әкімдік қызметті ұзақ жыл атқарған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Владимир Гартман. Ол солтүстік өңірді 5 жыл басқарып, артынан бірнеше ай Ақмола облысының әкімі болған. Кейін, 1998 жылдан бастап кәсіпкерлікке кеткен агроном бүгінде «Интеграция-Астана» ЖШС-ның басшысы.

Сол бір жылдары Семей облысын Вячеслав Чернов екі жылдай басқарып, 1994 жылдың маусым айынан бастап 17 жылдай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде және сауда өкілдігінде жұмыс істеді. Қазір зейнетке шыққан ол Мәскеуде тұрып жатыр.

45 жастағы Сағынбек Тұрсынов Талдықорған облысының әкімі болып тағайындалды. Бір жылдан кейін ол Қазақстанның Германиядағы елшісі болды. Кейін 1995-1996 жылдары Президент Әкімшілігін басқарып, дипломаттық қызметіне оралды. 2007-2011 жылдар аралығында Мәжіліс депутаты болып, бір жылдан соң зейнетке шыққан.

Ең жас – Торғай облысының әкімі Сергей Кулагин. 1992 жылы ол 39 жаста еді. Торғай облыстық әкімшілігін басқарған соң ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарды. Сөйтіп, 1998 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысының әкімі атанса, 2004 жылдан 2012 жылға дейін Қостанай облысына басшылық етті. Арасында екі жылдай Парламент Сенатының V шақырылымының депутаты болды. 2014 жылғы 27 мамырда Ақмола облысының әкімі болып тағайындалып, 3 жылдан соң лауазымынан босатылды. Кәсіппен айналысып, «Интеграция Целина» ЖШС бас директоры атанды.

Оңтүстік Қазақстан облысының алғашқы әкімі Марс Үркімбаев болды. Бұл міндетті ол бір жыл атқарды. Кейін Қазақстан ғылым академиясы  Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, ҚР  Экономика министрі, 1994-2002 жылдар аралығында Халықаралық «Интеграция – Оңтүстік» қорының президенті, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті, ҚР-ның жұмыс берушілер конфедерациясы басқармасының төрағасы, «Қазфосфат» компаниясының төрағасы, «Каспи банкі» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды. 72 жасында дүниеден өтті.

Тамыздағы төңкерістен соң, КОКП таратылғаннан кейін, Заманбек Нұрқаділов депутаттар кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалған. Сөйтіп, 1992 жылдың көктемінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер институты құрылғаннан кейін, Нұрқаділов 1994 жылғы маусымның соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының бірінші әкімі ретінде қызмет етті. Одан кейін 1997 жылдан 2001 жылға дейін Алматы облысының әкімі болған.

 2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде қаза тапты. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды.

Естеріңізде болса, 1997 жылдың көктемінде сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің аумақтық бөлінісін өзгертіп, 5 аймақты – Торғай, Көкшетау, Жезқазған, Семей және Талдықорғанның облыстық мәртебесін жойып, бірнеше өңірді біріктірді. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Ұлытау және Жетісу аймағына облыс мәртебесін берді. Оған қоса, елімізде Астана, Алматы және Шымкент үш ірі мегаполисі бар. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 12:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see121

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see119

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see118

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see115

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see114

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see113

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see112

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see112

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see111

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see110

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see110

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see109

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see109

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see108

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see108

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see108

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see108

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see108

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 18:31see106

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

17 Тамыз 2026 16:05see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары