Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі романтика алғашқы жылдардағы қиындықтарды еңсеруге көмектесті Байменов

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі романтика алғашқы жылдардағы қиындықтарды еңсеруге көмектесті Байменов

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Кез келген азаматтық бастама мемлекеттің қолы жетпей, көзі түспей, не болмаса дұрыс игере алмай жүрген сұрақтарды көтеріп, соны шешуге үлес қосуға, шешу жолдарын көрсетуге немесе өзі жүзеге асыруға бағытталады. 80-жылдардың ортасынан бастап қоғамымызда романтикалық сезім болды. Горбачевтың қайта құру саясатынан бастап, Желтоқсан көтерілісі қоғамдағы үлкен үдерістерді қайната бастады. Ол Тәуелсіздік алғаннан кейін романтикаға ұласты. Өйткені, қоғамның бір бөлігі «Тәуелсіздік алдық, енді бәрі өзі шешіледі» деген үмітте болды. Тағы бір бөлігі «демократияны жарияладық, енді халықтың пікірімен билік санасады» деген сенімде болды. Тағы бір бөлігі «нарықтық экономикаға көшіп жатырмыз, енді тапшылық болмайды, барлық қажетті зат табылады, экономика дамиды» деген сенімде болды. Бұл романтика шын мәнінде сол кездегі, алғашқы жылдардағы қиындықтарды еңсеруге моральдық тұрғыдан үлкен негіз болды, көмектесті, — деді комитет төрағасы.

Дегенмен, оның айтуынша, уақыт өте келе олардың барлығын жүзеге асыру үшін қажырлы еңбек керек екені белгілі бола түсті. Мұнан бөлек, бұл бастамаларға қарсы күштердің биліктің ішінде де болатыны, билікті өзінің қалтасын қампитуға жұмсағысы келетін топтардың шығатыны байқалды.

— Осы романтика 90-жылдардың соңына қарай сөне бастады. Сол уақытта мемлекеттік қызметте болған біздер — жас азаматтар түрлі деңгейдегі саяси, қоғамдық пікір алмасуға қатысып жүргенімізде бірнеше қажеттілікке көзіміз жетті. Оның бірі — қоғамымызда пікір алмасу мәдениетін дамыту. Өйткені, Алаш қайраткерлерін құртқаннан кейін 70 жыл бойы қоғамымызда балама пікірге жол берілген жоқ. Кезінде Әлихан Бөкейхан: «Айыр пікір — айып емес, айыр пікірсіз өмір — абақты», — деп айтып кеткен. Бірақ, сол қағидатты кеңес үкіметі жауып тастады. Содан пікірталас болмағандықтан пікір алмасу мәдениеті де семіп қалды, — деді ол.

Әлихан Байменовтің айтуынша, 60-70 жылдары Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауин, Сопы Сыпатаев, Дүкенбай Досжан, Олжас Сүлейменов сынды ақын-жазушыларымыз тарихымыздың терең екенін көрсеткен еңбектер жазды. Сол еңбектердің әсерінен бұқара халықтың көкірегінде түрлі сезім оянып, ұлы мәдениеттің мұрагері екенін сезіне бастады.

— Осы көкірегі ояу азаматтардың біразының көзі ашылмағанын, ал көзі ашық, білімді азаматтардың біразының көкірегі оянбағанын көрдік. Сол себепті «Темірқазық» қоры мен «Зерде» қоғамының басты мақсаты азаматтық ағартуға, экономикалық ағартуға, сонымен қатар пікір алмасу, пікірталас мәдениетін дамытуға үлесу қосу болды, — деді комитет төрағасы.

Бұдан бұрын Әлихан Байменов Ұлттық құрылтай — Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа құбылыс екенін айтқан еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары