Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Егемендік алғаннан кейін ұлттық музыка қалай өзгереді?

Егемендік алғаннан кейін ұлттық музыка қалай өзгереді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Егемендік - бұл тек саяси мәртебе емес, ең алдымен мәдени еркіндік. Өз еліңнің тіліне, жеріне, таңдауына ие болу - халықтың рухани тынысын қайта ашу деген сөз. Ал сол тыныстың ең айқын көрінісі - музыка.

Әлемнің әр түкпірінде тәуелсіздік алған елдер музыка арқылы өз болмысын жаңаша таныта бастады. Мысалы, Балтия елдерінде болған атақты Singing Revolution («Ән революциясы») кезінде адамдар бір дауыспен ән айтып, өздерінің рухани бірлігін көрсетті. Бұл қозғалыс тек саяси емес, мәдени ояну еді - халық ән арқылы өз дауысын тапты.

Қарапайымдап айтсақ, музыка - жай көңіл көтеру емес, есту мен қайта еске түсірудің тілі болса керек. Егемендікке жеткен көптеген елдер алдымен өз дыбыстық кеңістігін тазалады. Ұлттық тілдегі әндер көбейді, халықтық әуендер қайта сахнаға шықты, жаңа буын еркіндіктің үнін өз стилінде жеткізе бастады.Біз бүгін осы құбылысты қарастырып көрмекпіз. Яғни, егемендік алғаннан кейін музыка қалай өзгереді, қандай үндер қайта тірілді, және бұл өзгеріс халықтың мәдени болмысына қалай әсер етті?

Көптеген елдер үшін егемендік - ең алдымен өз дыбыстық жадын қайта табу кезеңі болды. Бұрын саяси шектеулер мен мәдени цензура салдарынан ұлттың табиғи үні -халық әні, күй, аспаптық дәстүр - шетке ысырылып келген. Ал тәуелсіздік алған соң бұл дыбыстар қайта сахнаға шықты.

Балтия елдеріндегі “Ән революциясы” (Singing Revolution) соның ең айқын мысалы. 1987-1991 жылдары Эстония, Латвия және Литва халықтары тыйым салынған ұлттық әндерді көпшілікпен бірге орындап, бейбіт жолмен тәуелсіздікке жетті. Зерттеушілер бұл құбылысты “музыканың саясаттан күшті сәті” деп атады. Ән айту сол елдердің ұлттық бірегейлігін сақтаудың басты тетігіне айналды. Ұқсас жағдайды Грузия да бастан өткерді. Кеңестік дәуірден кейін грузиннің көне көпдауысты ән айту дәстүрі жаңа тыныс алып, қайта жаңғырды. Бұл полифония бүгінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген және ұлттық мақтанышқа айналды  Әзербайжанда мұғам өнері тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа мәртебе иеленді. Бұрын тек ауызекі дәстүрде сақталған орындаулар енді кәсіби мектептерде оқытылып, халықаралық фестивальдер ұйымдастырылды. Мұғамды зерттеу орталықтары құрылып, жазбаша мұралар жарық көрді. Бұл ұлттық дыбыстың институттық түрде қайта оралуының үлгісі.

Қазақстанда да 1990-жылдардан бастап дәл осындай процесс жүрді. Домбыра мен қобыз өнеріне сұраныс артты, күй мектептері мен фольклорлық ансамбльдер қайта құрылды. Телеарналардан түрлі дәстүрлі бағыттағы бағдарламалар пайда болды, ал ұлттық музыка оқу орындарының оқу жоспарында негізгі пәнге айналды. Бұл үрдіс халықтың өз үнін қайта естуіне жол ашты.

Музыканың бұл қайта жаңғыруы кездейсоқ құбылыс емес. Әдетте отарлық немесе идеологиялық қысымнан шыққан елдер алдымен сөзбен емес, дыбыспен сөйлей бастайды. Себебі дыбыс - ең тікелей және ең шынайы естелік. Ән мен күй арқылы халық өз тарихын, өз ішкі кеңістігін қайта сезінеді, дейді зерттеушілер.

Тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген елдерде музыканың басты өзгерісі - өз негізіне оралуы болды. Бұрын халық әндері мен жергілікті тілдегі шығармалар «шектеулі» форматта ғана орындалса, енді ұлттық тіл - музыканың негізгі тіліне айналды.

Украинада, мысалы, 2016 жылы қабылданған заң бойынша, радиодағы әндердің кемінде 35%-ы украин тілінде болуы тиіс болды. Бұл шешім музыкалық нарыққа айтарлықтай әсер етті. Бірнеше жыл ішінде украин тіліндегі жаңа орындаушылар мен топтар көбейді, тыңдарман да отандық контентке қайта бет бұрды  BBC жазуынша, бұл тәжірибе егемендік тек саясатта емес, эфир мен тыңдалым кеңістігінде де орнығатынын көрсетті.

Балтия елдері де өз тіліндегі музыкаға ерекше мән берді. Эстония мен Латвияда тәуелсіздік алғаннан кейін мектептер мен университеттерде ұлттық әндер мен халықтық аспаптарды оқыту міндетті пәнге айналды. Радио мен телеарналарда ұлттық тілдегі контент көлемі артты. Осы арқылы музыканың өзі мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналды - мәдениет арқылы тәуелсіздік нығая түсті.

Қазақстанда да дәл осы кезеңде ұлттық тілдегі музыка кең өріс алды. 1990-жылдардың басында қазақ эстрадасы мен дәстүрлі музыка қатар жанданды. Әртүрлі ұлттық стильдегі әншілер мен топтар қазақы әуенді заманауи түрмен ұштастырды. Ал домбыра мен қобыз үні халықтың рухани жаңғыруының белгісіне айналды. Мемлекеттік телеарналарда қазақ тіліндегі әндер мен күйлер тұрақты түрде беріле бастады. Эфир кеңістігінің ашылуы ұлттық дыбыстың жаңа толқынын әкелді. Әндер мен күйлер енді тек өнер емес, еркін елдің дауысы ретінде естіле бастады деп айтуға толық негіз бар.

Егемендік - тек өткенге оралу емес, сонымен бірге жаңа дыбысты іздеу. Көп елдерде тәуелсіздік алғаннан кейін жас буын бұрынғы дәстүрді сақтай отырып, жаңа музыкалық тіл қалыптастыра бастады. Бұл – еркіндіктің күнделікті, заманауи көрінісі.

Оңтүстік Африкада, мысалы, апартеид жүйесі құлаған соң (1994 жылдан кейін) kwaito деп аталатын жаңа жанр пайда болды. Ол — африкалық ырғақтар мен электронды дыбыстың қоспасы. Квейто әндері еркін өмір, қала мәдениеті және жаңа ұрпақ туралы болды. Зерттеушілер бұл жанрды «пост-апартеид дәуірінің үні» деп атайды. Музыкадағы бұл бағыт жастарға өз сезімін, қоғамға көзқарасын айтуға мүмкіндік берді.

Ал, мыслаған UNESCO дерегінше, Тимор-Лестеде (Шығыс Тимор) ұзақ отарлық кезеңнен кейін тәуелсіздік (2002 ж.) орнағанда, елдің басты музыкалық символдары - қарсылық әндері - халықтың бірлік рәмізіне айналды. Сол әндер кейін ұлттық поп-музыкаға ұласты, ал орындаушылар жаңа тақырыптар - бейбітшілік, білім, болашақ туралы әндерді шығара бастады 

Мұндай үрдіс Қазақстанда да байқалды. 2000-жылдардан бастап ұлттық дыбысты жаңа заман формасында ұсынған орындаушылар көбейді. Мысалы, домбыраны электр-гитарамен қатар қойып, дәстүр мен рокты біріктірді. Бұл топ 2001 жылы халықаралық «New York Festivals» байқауында жүлде алды. Кейін «Тұран», «Хассақ», «Алдаспан» сияқты этно-топтар да осы бағытты жалғастырды. Бұлар ұлттық музыканы әлемдік сахна тілімен сөйлетудің мысалы болды.

Жалпы қарайтын болсақ, жаңа заманның тағы бір ерекшелігі - жеке шығармашылық еркіндік. Бұрын композитор мен орындаушыны жүйе анықтаса, енді әр музыкант өз жолын өзі таңдады. Тәуелсіздік буыны үшін музыка -  кәсіби міндет емес, еркін ойдың тәсілі. Интернет пен әлеуметтік желілер де осы еркіндікті күшейтті: әркім өз үнін тікелей жеткізе алатын болды.

Тәуелсіздікпен бірге елдің музыкасы да тынысын кеңейтті. Бұрын шектеулі тақырыптарда жүрген орындаушылар енді еркін ой айтып, өз мәдени тамырына қайта үңіле бастады. Бұл өзгеріс бір күнде емес, ұрпақ ауысқан сайын байқалды: біреулер күйге оралды, біреулер жаңа дыбыс іздеді, бірақ бәрінің түбінде - еркін елдің сезімі жатты.

Музыка қоғамның айнасы десек, онда егемендік - сол айнаға түскен жарық іспетті. Ол болмаса, қай бағытта дамушы едік? Бәлкім, бүгінгі ұлттық музыка мүлде басқаша болар ма еді?..

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторын көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары