Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ана алаңын сейілткен асық

Ана алаңын сейілткен асық

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бір кездері ауылдың шаңды көшесінде асыр салып ойнаған балалардың қуанышы болған асық бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Керісінше, ұлттық мұра жаңа мазмұнмен жаңғырып, заманауи баланың дамуына қызмет етіп жатыр. Соның жарқын бір мысалы, Шымкент қаласының тұрғыны Жанна Шымырқызы бастаған ерекше бастама.

Жүректен туған толғаныс

Бұл жоба бизнес мақсатында емес, аналық алаңнан туған. Баласының даму­ындағы қиындықты жеңуге көмек­тесетін жол іздеген ана ұлттық ойынға жүгініп, кейін бұл идея көптеген балаға пайдалы құралға айналды. Жаннаның ұлы Ахан 2022 жылы дүниеге келген. Бала­сы екі жасқа толар-толмас кезінде оны балабақшаға береді. Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ тәрбиешілер мен психолог баланың дамуында ерекшелік барын айтып, ата-анасын әңгімеге шақырады. 

«Бір аптадай өткен соң балабақша психологы шақырып, баламның жасына сай дамымай жатқанын айтты. Алға-ш­ында сенбедік. Еркелік шығар, бәлкім қызғаныш болар деп ойладық. Өйткені одан кейін дүниеге келген кішкентай сәбиіміз де бар еді. Баланың мінезі, қыр­сық­тығы деп қабылдадық», – дейді Жанна. 

Алайда уақыт өте келе күмән күшейе түседі. Ата-ана бірнеше дәрігердің қабылдауына барады. Невропатологтар баланың дамуында кешеуілдеу бар екенін айтады. Мамандар кейбір белгі­лердің аутизм спектріне ұқсайтынын да ескертеді. «Сол кезде біз баламызды қалай өз қатарынан қалдырмаймыз, қалай көмектесеміз деп көп іздендік», – дейді ол. Баласы әлі кішкентай болған­дықтан, оны логопед немесе дефектолог мамандарға толыққанды апаруға ерте деп санайды. Оның үстіне, Жаннаның қолында он айлық сәбиі бар еді. Бала тәрбиесі мен үй шаруасының арасында арн­айы орталықтарға жиі бару оңай емес.

Дегенмен Жанна қарап отырмайды. Өзі бастауыш сынып мұғалімі болған­дықтан, көрнекілік құралдармен жұмыс істеуге дағдылы. Сондықтан баламен үйде қалай жұмыс істеуге болатынын интернеттен іздеп, түрлі әдісті зерттей бастайды. 

«Баланың жасына сай ойындар, даму жаттығулары туралы оқыдым. Бірде жапондық ғалымдардың кәдімгі қораптан жасалған қарапайым ойын үлгісін көрдім. Соны жасап көрдім, бірақ балама мүлде қызық болмады. Сол сәтте ойыма қазақтың ұлттық ойыны – асық ойыны келді. Мен бұл ойынды киіз үйдің пішінінде жасап, асықтармен ойнаттым. Ойын жасау оңай болған жоқ. Ең алдымен қауіпсіз материал табу керек болды. Баланың денсаулығына зиян келмейтін, сапалы әрі берік материалдарды іздеп, түрлі шеберлік сабағына қатыстым. Асық құйып жатқан адамдар бар, бірақ олардың кейбірінде алшы жағы бар да, тәйке жағы жоқ. Яғни, толыққанды асық болмайды. Сондықтан мен табиғи асық тауып, оның оң және сол жұбын анықтап, соның негізінде қалып жасадым», – дей­ді Жанна. 

Ол компьютер арқылы киіз үйдің макетін сызады. Содан кейін арнайы ұяшықтары бар тақта жасайды. Ал түрлі түске боялған асықтар сол ұяшықтарға орналастырылады. Алғашында бұл ойын баласына қызық бола ма, болмай ма деген күмән де болған. 

«Бірінші асықтарды көрсеткенде-ақ балам олардың түсіне қызықты. Кейін қатарымен қоюды үйреттім. Сосын түс­теріне қарай бөлуді, ұяшығын табуды, жинақтауды үйреттім. Біртіндеп балам­ның зейіні арта бастады», – дейді ана.

Бір баладан басталған игі іс

Баладағы кішкентай өзгерістер ана үшін үлкен үміт еді. Жанна осы ойынды жетілдіре түседі. Түстерді, пішіндерді, ұяшықтарды көбейтеді. Осылайша, ойын біртіндеп баланың логикасын, зейінін, қол моторикасын дамытатын құралға айна­лады. Бүгінде бұл ойын тек оның баласына ғана емес, басқа балаларға да ұсынылып жүр. Әсіресе, ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналары қызығушылық танытып отыр. Қазақстанда кейінгі жылдары дамуында ерекшелігі бар балалардың саны артып келе жатқаны жиі айтылып жүр. Мамандар мұндай бала­ларға ерте жастан қолдау көрсету аса маңызды екенін айтады. Ерте диагностика, арнайы ойындар мен жаттығулар баланың әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді. Алайда көптеген ата-ана қажетті орта­лық­тарға жиі бара алмайды. Біреудің қолын­да кішкентай сәбиі бар, енді бірінің тұрмыстық жағдайы қиын. Осындай кезде үйде қолдануға болатын қарапайым, бірақ тиімді құралдардың маңызы арта түседі. Жанна жасаған асық ойыны дәл сондай бастама­лардың бірі. Әйтсе де, ол бізбен әңгімесінде алғашқы жасаған асықтарының өзі ойлағандай шықпағанын жасырмады. 

«Алғашқы шыққан асықтарым әдемі болған жоқ. Өзіме де ұнамады. Өзіме ұнама­ған соң балама да көрсеткім келмеді. Бірақ тоқтап қалмай, қайта іздене бастадым. Толық формасын тауып, дұрыстап жасап шыққаннан кейін ғана балама бердім», – дейді ол. 

Бастауыш сынып мұғалімі болған­дықтан, көрнекі құралдармен жұмыс істеу оған таңсық емес еді. Ол жасаған ойын­дарын әлеуметтік желіге де жүктей бас­тайды. «Instagram-ға балама осындай ойын жасап бердім, қызығушылығы артты деп жаздым. Содан кейін адам­дар­дан сұраныс келе бастады», – дейді ол.

Бір үміт, жүздеген мүмкіндік

Алғашында ойындарды балабақша тәрбиешілері мен үйде отырған аналар сатып алады. Кейін арнайы балаларды дамыту орталықтары қызығушылық тан­ыта бастайды. «Қаладағы 7-8 орталық мамандары үйіме келіп алып кеткен кездер болды», – дейді ол. Осыдан кейін Жанна тек киіз үй пішініндегі ойынмен шектелмей, асық арқылы ойналатын түрлі дамытушы ойынды құрастыра бастайды.

Жанна Шымырқызы асықпен ойнаудың бала дамуына берер пайдасы көп екенін айтады. Оның айтуынша, ойын арқылы баланың ұсақ моторикасы дамиды, саусақпен ұстау дағдысы қалып­тасады, зейіні тұрақталады және ойлау қабілеті артып, ең бастысы, телефоннан алшақтай бастайды. 

«Балам асықтарды бір-біріне соғып ойнайды, ұшырады, қатарлап тізеді, бір жерден екінші жерге тасиды. Кейде ойыншық көлігіне тиеп, жүк сияқты төгіп ойнайды. Яғни, қарапайым асық баланың қиялын оятып, түрлі ойын құрастыруына мүмкіндік береді», – дейді ол. 

Қолданатын асықтар табиғи асықтың негізінде жасалған. Табиғи асықты алып, формасын жасап, қалыпқа құйған. Асықтарды жасау үшін арнайы экологиялық материалдар пайдаланылады. Ойыншықтар смола, сұйық пластик және экопластик сияқты материалдардан жасалады. Бір асықты жасау үшін шамамен 24 сағат уақыт кетеді. Алдымен 12 сағат кептіріледі, кейін формадан алынып, жуылып, қайта кептіріледі. Киіз үй пішініндегі ойын да дәл осындай ұзақ еңбекті талап етеді. Оны сызу, қиып-жапсыру, дайындау, барлығына мұқият жұмыс қажет. Жаннаның айтуынша, балаларды ұлттық ойындарға қызықтыру ең алдымен ата-аналарға байланысты. 

«Балаларға ойынның қалай ойнала­тынын, оның пайдасын түсіндіру керек. Мысалы, асықтың әр қырының өз атауы бар: алшы, тәйке, бүк, шік. Осыларды түсіндіріп, таныстырса, балада ойынға деген қызығушылық арта түседі. Қазақтың басқа да ұлттық ойындары асық ату, бес тас сияқты ойындарды да балалар қызыға ойнайды. Ұлттық ойындарды жандандыру үшін алдымен өзіміз балаларға оның мән­ін түсіндірейік», – дейді ол. 

Бүгінде Аханның жетістігі көп. Сөйлеп бастаған, шақырғанға қарайды, кімнің кім екенін, ата-анасын, туыстарын таниды. Зейіні қалыптасып, тұрақтала бастаған. Алғашында отбасы мүшелері бұл істі толық түсіне қоймағанымен, кейін оның нәтижесін көріп қолдай бастайды. Әсіресе, жолдасының қолдауы Жаннаға үлкен күш берген. Ол бұл істі тек кәсіп деп қарамайды.

Бүгінде Жанна жасаған асық ойындары көптеген баланың қолына жетіп жатыр. Әсіресе, ерекше білімді қажет ететін балалар үшін бұл ойын пайдалы құралға айналып үлгерген. Қарапайым ғана асық бір ананың үмітін оятты. Сол үміт енді басқа ата-аналарға да сенім беріп отыр. Ұлттық ойынның жаңғыруы кейде үлкен жобалардан емес, дәл осындай аналық жүректен басталады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 06:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары