Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Тойған Сариева: Алтын асық айдалада қалмасын

Тойған Сариева: Алтын асық айдалада қалмасын

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындары – жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді құралы. Соның ішінде асық ойыны ерекше маңызға ие. Бұл ойын тек балалардың уақытын қызықты өткізу үшін ғана емес, олардың ой-өрісін дамытып, денсаулығын нығайтуға, ұлттық рухта тәрбие алуына мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Атырау облысы, Махамбет ауданындағы «Алтын балық» балабақшасында көп жыл меңгеруші қызметін атқарған ардагер-педагог Тойған Сариева. Ол ұлттық ойынды жаңғыртуға үлкен үлес қосып, өз тәжірибесінде асықты оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, түрлі дидактикалық ойындар жүйесін қалыптастырған жан.

Қазақ неге «Асығың алшысынан түссін» деген?

Педагогтың айтуынша, әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелендіріп тұратын оның тілі, мәдениеті, өнері, әдет-ғұрпы, ұлттық қолөнері, ұлттық ойындары және тағы басқа бір-біріне ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі ұлттық құндылыққа жатады. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Сондықтан жас жеткіншектерді нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.

Оның асыққа деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Әкесі мал шаруашылығымен айналысқандықтан, үйде асық көп жиналған. Сол кезден бастап асық ойыны  өмірінің бір бөлігіне айналған. Кейін бұл қызығушылық кәсіби бағытқа ұласып, ол жинақтаған асықтар негізінде көптеген ойын түрлерін ойлап тапқан.

«Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде асық жіліктің басында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек асық жілігінің басында орналасады. Қазақта малдың да, аңның да асығы қасиетті саналады. Ертеде табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай түспейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жаужүректілігі мықты болғандығын жақсы білеміз. Баласы ұл туса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бала – жаладан аулақ, шымыр, қайратты болсын дегені. Ал қыз бала болса, бесігінің басына еліктің асығын (жабайы) іледі. Сұлу, көрікті болып бой жетсін деп ырымға балаған екен. Келін құрсақ көтергенде, үлкен ата-әжелеріміз ырымдап асық жинай бастаған. Онысы – келінге көз тимесін, аман-есен ұл босансын деп тілегені екен.

Халқымызда «Асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады. Яғни, алшы тұруы оның иесіне (балаға) сәттілік жолдас болып тұрғанын білдіреді. Сондықтан ата-бабаларымыз белгілі бір оқиғаға немесе осындай жақсы істі бастап, оның сәтті аяқталып, игі ісі жалғасы тапқан азаматтарға «Асығы алшысынан түсті» деп те айтқан екен.

Кезінде ата-бабаларымыз асықты осындай ұлттық деңгейге дейін көтергені тегіннен тегін емес. Өйткені асық ойыны балалардың жастайынан төзімділікке шыңдап, оларды мергендікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа, қағілездікке тәрбиелеген. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде асық санау баланың математикаға бейімін арттырып қана қоймай, балаларды көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Былайша айтқанда, асық ойнаған бала жүгіреді, секіреді, көздейді, жеңеді, жеңіледі, ұтады, ұтылады... Міне осының бәрі таза бәсеке, таза дене тәрбиесі», дейді педагог.

Асық ойынының пайдасы қандай?

Тойған Сариева асықты тек ойын ретінде ғана емес, білім беру құралы ретінде де тиімді қолдана біледі. Ол балабақшада балаларға санауды, түстерді ажыратуды, уақытты бағдарлауды үйрететін дидактикалық ойындар ойлап тапқан. Сонымен қатар асықты музыкалық аспаптармен байланыстырып, шығармашылық бағытта да қолданған.

«Ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарды дәріптеу және балалардың бойына сіңіру менің ең басты ұстанымым. Бүгінде балалардың көпшілігі уақытын смартфон мен компьютер алдында өткізетіні белгілі. Бұл олардың денсаулығына да, тіл дамуына да кері әсерін тигізіп жатыр. Ал асық ойыны, керісінше, баланың саусақ моторикасын дамытып, сөйлеу қабілетін арттырады, ойлау жүйесін жетілдіреді.

Осы орайда «Алтын асық қалмасын айдалада» деп бала кезімде ойнаған асықты неге балабақшада қолданбасқа деген ой туындады. Осы мақсатпен жан-жақты көп ізденіп, асық туралы көп мәліметтер жинақтадым. Әкемнің қолымен тазаланып, жинаған 200-дей асық осы жұмысымның бастамасы болды. Бұл бастаған игі ісіме балабақша ұжымы мен ата-аналар да қолдау көрсетті. Осылайша 1 ай ішінде 500-дей асық жиналды. Жиналған асықтарды 1 сағаттан астам кальций қосылған ас содасымен қайнатып, кедір-бұдырларын тегістеп тазалап, лактап, әртүрлі ойынның түріне қарай бояп дайындадым.

Мақсатым қазақтың ұлттық құндылығы асықты пайдаланып, ұшқыр қиялмен ізденіс арқылы балабақшада баланың даму қабілетін арттыратын ойындар жинағын ойлап табу болды», дейді Тойған Сариева.

Дидактикалық ойындар: Сиқырлы асықтар

Педагогтың ең алғашқы ойлап тапқан ойыны «Таным» саласы бойынша дидактикалық ойын «Сиқырлы асықтар» деп аталады.

Бұл ойын балаларға санап, түстерді ажырата білуді үйретеді, саусақ моторикасын дамытады. Балалар асықтардың бүк, шік түсу атауларын үйреніп, жоғары – төмен ұғымдарын қалыптастырады.

Ойын барысында екі қатарлы дөңгелек қалыптың төменгі қатарында түрлі түсті 1-ден 10-ға дейінгі сандар орналасқан. Әр санның қасында үлкен асықтар арқылы таяқшалар орнатылған. Сол таяқшалар арқылы қалыптың екінші қатарындағы киіз үйде жиналған асықтарды саны мен түсіне қарай жоғарыдан төмен қарай орналастыру қажет. Орналасқан асықтардың түсу атауларын айту керек (Бүк, Шік).

«Мен қандай түспін?» ойынында балалар ойын арқылы түстерді, пішіндерді ажыратады, санап үйренеді, аз – көп ұғымдарын қалыптастыру арқылы логикалық ойлауын дамытып, ойларын жүйелі түрде жеткізуге дағдыланады.

Балалар пішіндердің атауларымен түстерін атап береді. Ортадағы түрлі-түсті асықтарды пішіндердің түсіне қарай орналастырады. Әр бала пішіндердің атын, түсін атап, неше асық жинағанын айтады. Сұрақ-жауап арқылы ең көп асық жинаған бала анықталады.

Тойған Сариева осы сияқты асықтан жасалатын бірнеше ойын түрін ойлап тапқан. Санауға, сағат тілінің бағытын білуге, уақытты бағдарлап, күн тәртібін сақтай білуге үйрететін «Сағат», саусақ моторикасын дамыту арқылы ойлау қабілетін арттырып, түстерді ажырата білуге бағыттайтын «Көңілді асықтар»,«Сиқырлы айналма», «Тура және кері санау», «Баулау» секілді дидактикалық ойындарды ойнау арқылы балалар асықтың түсу тұрысын толық меңгереді. Сонымен қатар «Коммуникация» саласы бойынша «Әріптер сыры» ойыны кезінде 15 дауысты дыбыс қызыл текшемен, 27 дауыссыз дыбыс көк текшемен асық үстіне таңбаланады. Бұл ойын балаларды әріпті тануға, буынға бөліп оқуға үйретеді.

«Шығармашылық саласы бойынша да балабақшада асықты музыкалық ұрмалы аспап ретінде пайдаландық. Балаларды қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жетіген ұлттық музыка аспабында ойнауға үйреттік. Аспап ағаштан жасалып, тиектеріне асықтар қойылды.

Адамның табандарында, алақандарында әртүрлі ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне жауап беретін сигналды нүктелер бар екені мәлім. Осыған орай «Денсаулық» саласы бойынша да массажды кілемшелер жасалды.

Балалардың денсаулығын шыңдайтын майтабандылықтың болмауына әсерін тигізетін, аяқтың ішке және сыртқа дұрыс басуларын жаттықтыру жұмыстарына арналған массажды кілемшенің ұзындығы – 115 см, ені – 55 см, табиғи таза ЭВА резеңке кілемшесіне 5-6 жастағы балалардың табан өлшеміне сәйкестендіріліп, ойылып, желімнің көмегімен әрқайсысына 14 асықтан орналастырылды.

Табанға арналған Массажды кілемше де табиғи таза киізге жібек жіппен бір қатар ұзыннан, бір қатар көлденеңінен кезекпен 88 асықтан тігілді.

Массажды қолғапқа 5 асық тізбектеліп, тігілді. Алақанға арналған «Массажды айналмалы асықтар» жасалды. Ағаш жақтауға орнатылған 12 сымға 4 асықтан тізбектелді», дейді ардагер педагог.

Педагог сонымен қатар ұлттық асық ойындарын заман талабына сай бейімдеп, оларды балаларға түсінікті әрі жеңіл түрде ұсынған.

«Қанталапай, Тасқала, Алшы сияқты ойындар арқылы балалардың шапшаңдығы, ептілігі, ойлау қабілеті дамиды», дейді ол.

Тойған Сариева «Қазақтың ұлттық құндылығы – асық арқылы мектеп жасына дейінгі баланың даму қабілетін арттыру» тақырыбында авторлық бағдарлама жасақтаған. Бұдан бөлек жасаған «Алтын асық» бағдарламасы ересектер тобы мен мектепалды даярлық топтарына арналған 18 сағаттық вариативті бөлімнен тұрады. Осы еңбектерімен аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жеңіске жетіп, бағдарламасына авторлық құқық алған. 

Ардагер педагог қазір зейнеткерлік жаста болса да ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады. Аудандық аналар кеңесінің төрағасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасында, бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында еңбек сіңіріп келеді. Ол жасақтап шыққан асық ойыны – ұлттың рухани мұрасы ғана емес, болашақ ұрпақты жан-жақты дамытуға бағытталған маңызды құрал. Осындай құндылықтарды жаңғыртып, оны білім беру жүйесіне енгізу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы Тойған Сариева сияқты педагогтердің еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлкен үлес екені анық.

Соңғы жаңалықтар

Тойған Сариева: Алтын асық айдалада қалмасын

Руханият • Бүгін, 15:33

Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды

Әлем • Бүгін, 15:06

Қазақстан Shell және Eni компанияларымен бірлесіп газ өңдеу зауытын салудан бас тартты

Қазақстан • Бүгін, 14:38

Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 14:05

Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент • Бүгін, 13:42

Елімізде соңғы екі айда 200-ден астам егіз бала дүниеге келді

Қоғам • Бүгін, 13:01

Арзан бензин артықшылық па әлде экономикалық тәуекел ме?

Экономика • Бүгін, 12:50

Блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды

Оқиға • Бүгін, 12:03

Еліміздегі екі әуежай әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді

Қазақстан • Бүгін, 11:54

Қазақстанда ұлтты өзгерту қанша тұрады?

Қоғам • Бүгін, 11:47

Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды

Оқиға • Бүгін, 11:06

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:33

Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирде ширек финалға шықты

Теннис • Бүгін, 10:19

Алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 09:52

Бүгін елімізде қандай жолдар жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 16:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары