Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Оралда Қазақстан газетінің 115 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Оралда Қазақстан газетінің 115 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осы айтулы датаға орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде газетті шығарушылардың бірі, ақын, ойшыл, Алаш қайраткері Ғұмар Қараштың есімін ұлықтау мақсатында «Ғұмар Қараш — ұлт руханиятының жетекшісі» атты көрме ашылды.

Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Елеусін Бұйрин сынды ұлт зиялыларының ұйымдастыруымен аталмыш басылым алдымен 1911 жылы Ордада (қазіргі Хан ордасы ауылы), кейін 1913 жылдың соңына дейін Оралда шығып тұрды.

Алғашқы нөмірінде «Газет деген не зат?» деген мақаласында Ғұмар Қараш «Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз! Біз қазақ балаларына бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу аз, ақшаны аямай жазылып, алып оқу — парыз…» деп жазды.

Газетті шығарушылар патшалық дәуірде «Қазақстан» атауын ресми түрде алғаш рет қолданып, еркіндікті аңсап, ағартушылық бағытты ұстанды.

Музей директоры Жантас Сафуллиннің мәлім еткеніндей, көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат — жиырмасыншы ғасырдағы қазақ зиялыларының тәуелсіздік жолындағы күресі мен еңбегін кейінгі ұрпаққа паш ету. Осы орайда газетті шығаруда үлкен рөл атқарған Ғұмар Қарашқа қатысты жәдігерлер мен зерттеу материалдары жинақталды. 1947 жылдан бастап сол кездегі биліктің бірнеше қаулысымен Ғұмар Қараштың еңбектерін насихаттауға тыйым салынған. Сол себепті ағартушы-ойшылдың есімі назардан тыс қалды. Тек өткен ғасырдың сексенші жылдары ақталып, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Ғұмар Қарашты зерттеу қолға алынды.

Фото: Мәди Ғұбайдуллин / Kazinform

— Көрмеге ақынның «Өрнек» және «Тұрымтай» жинақтарының түпнұсқасы, Ғұмар Қараштың ұстазы Ғұбайдолла Ғалікеевтің мөрі, басқа да құнды жәдігерлер қойылды. Белгілі зерттеуші Мұстафа Ысмағұлов кезінде Жәнібек ауданында музей ашамын деп талаптанған. Музейге келушілер сол кісі жинаған құжаттардың көшірмелері, оған қоса «Қазақстан» деректі фильмі, Ғұмар Қараштың немересі Надежда Бұрханқызымен кездесудің бейнежазбаларымен таныса алады, — деді Ж.Сафуллин.

Ғұмар Қараш шығармаларының үш томдығы (құрастырғандар Жантас Набиоллаұлы, Қазыбек Құттымұратұлы), Алаш қайраткерлеріне қатысты деректер, көне суреттер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің ашылу рәсімінде БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, Ғұмар Қараштың шәкірті Ахмәди Есқалиевтің ұлы Болат ақсақал және басқалар іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда көне кітап, қолжазбаларды жинау қолға алынғанын жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 05:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары