Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тәуелсіздік пен отбасы арасындағы нәзік теңгерім ҚСЗИ

Тәуелсіздік пен отбасы арасындағы нәзік теңгерім ҚСЗИ

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесінде, қазақстандықтардың көбі өздері үшін барлығы маңызды екенін жиірек айтқан. Мәселе олардың таңдау жасай алмауында емес, қазіргі өмірдің бір ғана шешімді талап етпейтінінде екені сөз болған.

Респонденттерге «Өмірлік құндылықтар қаншалықты маңызды?» деген сауалды ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова жүргізген.

— Әлеуметтанулық зерттеу деректері кейде тек үрдісті ғана көрсетіп қоймай, бізді, яғни әлеуметтанушыларды бір сәт аялдап, ойлануымызға мәжбүрлейді. Кейде тіпті таңғалдырады да. Міне, қазір де дәл солай болып отыр. Өмірлік құндылықтар қаншалықты маңызды деген сұраққа жауаптарды қарасаң, таңқаларлық үйлесімділік байқалады: барлық нәрсе бірдей маңызды сияқты! Әрі жай ғана маңызды емес, өте маңызды. Мысалы, тәуелсіз болуды сауалнамаға қатысушылардың 90%-ы, өзін-өзі күтінуді респонденттердің 91%-ы, өмірлік серігіне адал болуды 92%-ы және Отанға адал болуды 89%-ы «өте маңызды» деп санайды, — жазды Айгүл Забирова.

Отбасы, балалар, жауапкершілік, даму — бәріөте маңызды екен. Сол кезде ойға: «Тоқтай тұр, ал таңдау қайда?» деген сұрақ сап ете қалады. Егер бір нәрсе басқа нәрселерден маңыздырақ болса, екіншінәрсе маңыздылығы төмендеу орынға жылжуы керек емес пе? Бірақ мұнда ондай жоспар жүзеге аспайды.

Қазақстандықтар бір уақытта бірнеше нәрсені:

тәуелсіз болуды (90%); бала сүюді (87%); некеде болуды (81%); дамуды (81%); өзіне жауапкершілікті алуды (85%) маңызды деп есептейді.

Әрі бұл қарама-қайшылық емес. Бұл — жаңа табиғи жағдай. Неге бұлай?

— Өйткені қазір біз бұлқұндылықтарды бір-біріне кереғар депесептемейміз. Бұл енді бұрынғыдай «не мынанынемесе ананы» таңдау емес, қалыпты үйлесім: яғнитәуелсіз болуға болады, бірақ сонымен біргеотбасын құруға да болады; мансап жасауға, бірақотбасы мен жұмыстың теңгерімін де қалауғаболады; дамисың, бірақ өзгелерге де қамқорболасың. Бұл XXI ғасырдағы адамның жаңа, қалыпты өмір логикасы. Егер ертеректе өмірліктаңдау «қатал» еді: отбасы немесе мансап; дәстүрнемесе заманауилық. Қазір шекаралар шырмалып, қабаттасып кеткен. Яғни, адам бірден бірнеше күйде өмір сүреді және бұл қалыпты жағдайға айналып барады. Дәл осы жерде біз, әлеуметтанушылар, тек құндылықтар жиынтығының ғана емес, адамның әлеуметтік мінезінің өзгерісін байқаймыз, — дейді маман.

Айгүл Забированың сөзінше, егер бұл жаңа сипатты қарапайым сөзбен айтатын болсақ, бұл адам бір жағынан өзіне ғана сенгісі келеді, бірақ жалғыз да қалғысы келмейді. Ол отбасынан бас тартпайды, бірақ оған толық сіңіп те кетпейді. Мансапқа ұмтылады, бірақ жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтағысы келеді (87%). Сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы цифрлық дағдыларды дамыту маңызды деп біледі, бірақ 46%-ы кейде интернеттен толық ажыратылу мүмкіндігінің болуы маңызды деп санайды.

— Бұл нәзік тепе-теңдік күйі. Бұл шектен шығушылық емес, бұл бір мезетте бәрін бірдей ұстап тұруға ұмтылу әрекеті. Осы жағдайдағы ерекше қызық нәрсе — отбасының орны. Алғаш қарағанда бәрі анық: отбасы ең маңызды құндылық болып қала беруде. Респонденттердің 87%-ы бала сүюді, 81%-ы некеде болуды, ал 88%-ы жақын қарым-қатынас ортасының болуы маңызды деп санайды. Бірақ байқап қарайтын болсақ, өзгерістің орын ала бастағанын көруге болады. Бұрын отбасылы болу қалыпты нәрсе болып қабылданатын, ал қазір отбасы маңызды нәрсе болып қалса да, таңдау ретінде қабылданатын бола бастаған. Отбасылы болу маңыздылығы солай болу керектігінен емес, мықты тірек бола білу қасиетіне байланысты. Жаңа құндылықтар жүйесінде отбасы енді жеке бастылыққа қарсы тұрмайды, керісінше оны қолдайды, — деп жазды ҚСЗИ маманы.

Жауапкершілік мәселесінде де ұқсас үрдіс байқалады. Бір жағынан, адамдар тәуелсіздік пен өзін-өзі жүзеге асыру туралы барған сайын жиі айта бастады. Екінші жағынан, моральдық құндылықтардың маңызы әлі де жоғары: өмірлік серігіне адалдық (92%), Отанға деген адалдық (89%), жеке жауапкершілік (85%). Яғни адам бұрынғыдан дербес бола түскенімен, қоғаммен байланысы әлсіреген жоқ.

Бұл көріністі одан әрі күрделендіретін тағы бір нәрсе бар. Бұл — цифрлық өмір. Цифрлық әлем күнделікті қалыпты жағдайға айналды, бірақ сонымен бірге ол адамдарды шаршата бастады. Бұл — бүгінгі заманға тән ерекше сезім.

— Мәселе, бәлкім, қазақстандықтартың нақты нені қалайтынында емес шығар. Бастысы — бәріне бірдей ие болғысы келетін осы ниеттің түп-төркіні неде екендігінде. Бұл таңдау еркіндігі ме, әлде таңдау жасау қажеттілігінен бос болу ма? Барлығын бірден қалаған қоғам, мүмкін, ақыры өзіне шектеусіз армандауға мүмкіндік беріп отырған шығар. Немесе оның құндылықтар жүйесі әлі де қалыптасу үстінде. Ал, бәлкім, бұл — соңғы шешім қабылдауға асықпайтын қоғам шығар, өйткені ондай таңдаудың қандай бағамен келетінін бұрыннан біледі. Деректер нақты жауаптыбермейді. Бірақ олар осы сұрақты анық алға тартады, — деді Айгүл Забирова.

Маманның айтуынша, егер жалпы көріністі тұтас қарасақ, айқын бір бейне қалыптасады. Бұл — ескі мен жаңаның арасында қатаң таңдау жасамайтын адам. Ол екеуін қатар ұстап тұр. Біз, шын мәнінде, өмірдің әр түрлі қырлары қатар өмір сүретін жаңа күйге өтіп жатқандаймыз. Адамдар отбасыны мансапқа, тұрақтылықты еркіндікке «айырбастауға» дайын емес. Бәлкім, бүгінгі басты мәселе оның қандай болуы керектігінде емесшығар. Бастысы — біз оны сол қалпында көре алуға қаншалықты дайынбыз.

Бұған дейін біз азаматтардың басым бөлігі елдің саяси бағыты мен тұрақтылығына сенетінін жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 12:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары