Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті.

«Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», деді Олжас Бектенов.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлық кезеңде 1 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, сондай-ақ 1 млн гектар жер тазартылып және 2,9 млн ағаш отырғызылған. Аталған іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» жобасы жүзеге асырылғанын баяндады. Онлайн-платформа эмиссияларға мониторинг жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау, ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімі, қалдықтардың мемлекеттік кадастры, көміртегі кадастры т.б. сияқты бірқатар басқа жүйелер көрсеткішін жинақтайды.

Қалдықтарды басқару саласында EcoQolday цифрлы платформасы жұмыс істейді. Сондай-ақ бүгінде орман өртін ерте анықтау жүйесі енгізіліп жатыр, су тасқыны жағдайын болжау үшін «Қазгидромет» деректерімен интеграцияланған Tasqyn жүйесі қолданылып отыр. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды

Интерактивті карта іске қосылды

Табиғи ресурстар саласында tabigat.gov.kz интерактивті карта іске қосылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ғарыштық мониторинг арқылы 2025 жылы 3 828 заңсыз қалдықтар жиналатын орын және 1 мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелгенін баяндады.

Жасанды интеллект пен қолда бар есептеу қуатын пайдалана отырып, кешенді тәсілдің қажеттігі атап өтілді. Цифрлы шешімдер енгізу «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың ашықтығын, бақылау тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ отырыс барысында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Таза Қазақстан» құндылығына баса назар аудара отырып, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейлер үшін экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеудің басталғаны туралы баяндады. Өңірлерде «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл клубтар» жобасымен қатар мектеп және мектептен тыс форматтар дамытылып отыр.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазіргі уақытта барлық жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар, студенттік экожасақтар құрылып, «Велосипед күні» өткізіліп жатқанын баяндады. Қоқысты бөлек жинау жобасы аясында 26 университетте бокстар мен биг-бэгтер орнатылып, қайта өңдеуге 36 тоннадан астам пластик жиналды.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын ақпараттық сүйемелдеудің рөлі ерекше атап өтілді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов 2025 жылы 1 млн-ға жуық жастардың қатысуымен 1 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін баяндады. Қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп аумақтардың тазалығы және тарихи-мәдени мұра нысандарындағы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қоғамдық бақылау жүргізіледі. 

Сергей Пономарев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Жоспарланған көрсеткіштер орындалмаған

Премьер-министр бірқатар өңірде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасындағы жоспарланған көрсеткіштер орындалмағанына назар аударды. Нақты айтқанда, Алматы облысында суару жүйелері мен су үнемдеу технологияларын енгізу, гранттар беру және үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі атап өтілді. Ұлытау облысында жасыл көшеттерге түгендеу жүргізілмеген, адамдар көп жиналатын жерлерге фандоматтар орнатылмаған.

Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін цифрландыру жүргізілмеген. Абай облысында «жасыл инфрақұрылым» құру жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген, қоршаған ортаны қорғауға арналған мәдени шаралар да өткізілмеген. Осы бағыттар бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Абай облысының әкімі Берік Уәли тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр әкімдіктерге жоспарланған барлық іс-шараның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беріп, экологиялық өзгерістерге қоғамдық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан келесі деңгейге өту міндеті тұр, бұл – заманауи цифрлық құралдарды қолдануға, тұрақты және объективті мониторинг пен процеске қатысушылардың бәрінің арасындағы жауапкершілікті дәл бөлуге негізделген жүйелік және басқарылатын тәсілді қалыптастыру. Бұл тәсіл ұзақмерзімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ министрліктерге экологиялық деректердің тұрақты берілуін және есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ғарыштық мониторингінің қамтылуы мен жүйелілігін кеңейту, сонымен қатар орман өрттерін ерте анықтау жүйесін кеңейтуді аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын тұрақты түрде ақпараттық қамтамасыз ету тапсырылды.

«Таза Қазақстан»: Еріктілер 18 миллионнан астам ағаш отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?

Спорт • Бүгін, 13:56

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті

Президент • Бүгін, 13:27

Парламенттің 90%-ы қазақша сөйлейді: Депутат Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіру қажет екенін айтты

Ата заң • Бүгін, 13:03

Ермұрат Бапи: Өзіміз аңсап келген конституциялық өзгерістерді өгей көргеніміз тіптен түсініксіз жағдай

Қоғам • Бүгін, 12:55

Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді

Баға • Бүгін, 12:42

Олимпиада шығыны 5 млрд доллардан асты

Олимпиада • Бүгін, 12:38

Берн одағы Астанада бас қосады

Оқиға • Бүгін, 12:21

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту: Шаруаларға жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беріледі

Үкімет • Бүгін, 12:05

Алматыда қандай кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді?

Қоғам • Бүгін, 11:52

Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді

Қоғам • Бүгін, 11:43

675 сәтті операция: БҰҰ қазақ бітімгерлерінің қызметін жоғары бағалады

Оқиға • Бүгін, 11:40

Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзімге бекітіледі

Ата заң • Бүгін, 11:35

Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:20

Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды

Ата заң • Бүгін, 11:10

Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды  

Қоғам • Бүгін, 11:03

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары