TikTok тағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолданған Талдықорған тұрғыны жауапқа тартылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жетісу облысы полиция департаменті “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желілерге кезекті мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтады. Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында әйелдің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот оның кәмелетке толмаған жас балаларының бар екенін ескере отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады.
Полиция әлеуметтік желілер заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер барысында жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау қажет. Бейәдеп сөздер қолдану заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















