Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.
"Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар", – деді Мемлекет басшысы.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі.
Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 18:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















