Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

Қос жүлде еншіледі

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

Шоқанның ауылынан шыққан академик

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

Тоқаев Оманмен жаңа келісімдер жасалатынын жариялады: 06 қазан 14:27 жаңалықтар

Тоқаев Оманмен жаңа келісімдер жасалатынын жариялады: 06 қазан 14:27 жаңалықтар

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына ілтипат танытып, оның Сұлтан ретінде Орталық Азияға алғаш рет сапармен келгенін атап өтті.

"Оманды Қазақстанның араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен әрі сенімді серіктесі санаймыз. Келесі жылы айтулы дата – Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 35 жыл толуын зор мақтанышпен атап өтеміз. Осы уақыт ішінде тату достыққа, өзара құрмет пен қолдауға негізделген серіктестіктің жаңа кезеңі үшін берік іргетас қаланды. Жақында Оман Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид бастаған жоғары деңгейдегі делегацияның Астанаға жасаған жемісті сапары мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін айқын көрсетеді", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қол жеткізген уағдаластықтар бауырлас халықтарға айтарлықтай пайда әкеліп, стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.

"Келіссөздер қорытындысы бойынша экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, денсаулық сақтау және басқа да салаларды қамтитын екіжақты келісімдерге қол қоямыз. Бұдан бөлек, серіктестігіміздің басым бағыттарын белгілейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ортақ жобалардың іске асырылуын оң бағалады. Олардың қатарында «Доңға» мұнай кен орнын игеру, Solidcore Resources компаниясының Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындары, Oman Investment Authority бірлескен инвестициялық қоры, сондай-ақ қонақ үй және шипажай инфрақұрылымын дамыту жобалары бар.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Сондай-ақ Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид ыстық ықыласпен қарсы алғаны және табысты келіссөз жүргізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-оман ынтымақтастығының жан-жақты дамып келе жатқанын атап өтті

"Оман Қазақстанмен ықпалдастыққа айрықша мән береді. Соңғы жылдары екі елдің әріптестігі тың серпін алды. Біз мұны құптаймыз. Жоғары деңгейдегі еларалық сапарлар, Бірлескен үкіметаралық комиссия жұмысы ынтымақтастығымызды әлдеқайда нығайта түсуге мүмкіндік береді", – деді Оман Сұлтаны.

Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың айтуынша, Оман Қазақстанмен энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистика, қаржы қызметтері, туризм, технология және жасанды интеллект секілді көптеген секторда инвестициялық ықпалдастықты жолға қоюға айтарлықтай әлеует бар деп санайды.

"Біз дербес инвестициялық институттарымыздың, жеке сектор мен арнайы мемлекеттік құрылымдардың мүмкіндіктерін ұштастыратын жобалардың жүзеге асырылуын құптаймыз. Елеулі маңызға ие саланың бірі – көлік байланысы. Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын жаһандық сауда дәліздерінің бойында стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан. Ал Оман Шығанақ, Үнді мұхиты, Азия және Африка елдерінің басты нарықтарына төте шығатын теңіз жолдарын қамтамасыз етеді. Бір-бірін толықтыратын осы артықшылықтарымыз екі елдің өсіп-өркендеуіне ықпал етіп, пайдаға кенелтері анық. Сондықтан көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде Оман порттары арқылы сауда дәліздерін бірлесе дамытуға және елдеріміздің арасындағы әуе қатынасын жандандыруға ниеттіміз", – деді Оман Сұлтаны.

Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне қолайлы кез келген уақытта Оманға сапармен келуге шақырды.

Жаңа әуе рейстері мен мұнай кен орны: Тоқаев пен Оман сұлтаны не туралы сөйлесті?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 14:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

15 Қараша 2026 01:40see132

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

15 Қараша 2026 02:55see127

Қос жүлде еншіледі

15 Қараша 2026 01:34see126

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

15 Қараша 2026 01:39see126

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

15 Қараша 2026 01:41see126

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

15 Қараша 2026 01:35see125

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

15 Қараша 2026 01:40see124

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

15 Қараша 2026 01:19see124

Шоқанның ауылынан шыққан академик

15 Қараша 2026 01:41see124

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

15 Қараша 2026 01:36see123

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

15 Қараша 2026 01:40see123

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

15 Қараша 2026 01:34see123

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

15 Қараша 2026 01:21see123

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

15 Қараша 2026 01:16see121

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

15 Қараша 2026 01:37see121

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

15 Қараша 2026 01:41see120

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

15 Қараша 2026 09:06see120

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

15 Қараша 2026 01:26see120

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

15 Қараша 2026 01:27see119

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

15 Қараша 2026 01:24see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары