Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Миссиясы жауапты мамандық

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

ЕАДБ Азық түлік келісім шарт корпорациясы үшін 100 млн долларлық несие желісін ашады

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Ормузда дрон шабуылы: Трамп Иранға айып тақты

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

Тоқаев Түркия президентін марапаттады: Ердоған Қожа Ахмет Ясауи орденінің тұңғыш иегері атанды

Тоқаев Түркия президентін марапаттады: Ердоған Қожа Ахмет Ясауи орденінің тұңғыш иегері атанды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті.

"Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің "Әлем бестен үлкен" атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды. Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек етіп жүрсіз. Қадірлі Режеп Тайип Ердоғанның тікелей қолдауының арқасында Түркі мемлекеттері ұйымы қысқа мерзім ішінде ықпалды құрылым ретінде қалыптасты. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестициялық қоры секілді маңызды институттардың жұмысы жандана түсті. Біз мұны жоғары бағалаймыз", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды.

"Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен түрік жұртының тереңнен тамыр тартатын бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұласты. Сіз достық қарым-қатынасымызды нығайтуға, ортақ құндылықтарымызды дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сол үшін өз атымнан және барша Қазақ елі атынан Сізге зор алғыс айтамын. Ұлы дала – түбі бір түркі халықтарының атажұрты, ал, Түркістан – оның қастерлі қазынасы, рухани астанасы. Киелі шаһар тұтастығымыздың нышаны, төл өркениетіміздің алтын бесігі саналады. Сондықтан біз ертең өз жұмысын бастайтын Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістан төрінде өткізуді жөн көрдік. Алқалы жиын ағайын елдердің арасын жақындатып, ықпалдастығын күшейте түседі деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, Түркістан туралы айтқанда күллі түркінің рухани темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи тұлғасына тоқталмау мүмкін емес.

"Әзірет Сұлтан түркілік рух пен ислам өркениетін үйлестіре білді. Оның мәдени мұрасы Ұлы далада ғана емес, Анадолы жерінде де өшпес із қалдырды. Түркі әлеміне ортақ көптеген ғұламалар Әзірет Сұлтанның ізбасары саналады. Осы тұста әйгілі Юнус Эмрені ерекше атап өткеніміз жөн. Тұғырлы тұлғаның туындыларынан Ясауи ілімінің ықпалын анық көруге болады. Осындай үндестік қазақтың бас ақыны – хакім Абайдың шығармаларынан да байқалады. Түптеп келгенде, ұлы ғұламаның ғибратты жолы ұлтқа бағдар, ұрпаққа өнеге екені сөзсіз. Мен Ұлыстың ұлы күнінде киелі Түркістанға арнайы барып, Әзірет Сұлтан рухына құран бағыштадым. Сол сапарымда мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу туралы маңызды бастама көтердім. Бұл марапатты Қазақстанның дамуына айрықша еңбек сіңірген еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табыстау қажеттігі жөнінде айттым. Соған сәйкес тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл – шын мәнінде, беделі биік, бағасы жоғары марапат. Біз бұл орденді әзірлеген кезде ашық жасыл түске басымдық бердік. Асыл дінімізде осы түстің орны ерекше. Ал оның құрамындағы күміс – тазалықтың нышаны. Бір сөзбен, бұл – Әзірет Сұлтанның ұлағаты мен тағылымын дәріптейтін марапат. Жалпы, біз өз елімізде Қожа Ахмет Ясауидің бай мұрасын жүйелі түрде және кең ауқымда зерттеу жұмысын белсенді түрде жүргіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Түркия президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттау туралы шешім қабылдағанын, Режеп Тайип Ердоған – бұл орденнің тұңғыш иегері екенін атап өтті.

"Мұның символдық мәні өте зор. Бұл марапат – ұлы бабамыз салған рухани бауырластық пен тарихи әділдік жолының жарқын үлгісі. Қадірлі Президент мырза, Сіздің Қазақ еліндегі беделіңіз өте жоғары. Халқымыз Сізді сыйлайды, жақсы көреді, қолдайды. Қадірлі досым, осы жоғары марапатты Сіздің түркі әлеміндегі көшбасшылық рөліңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыз. Сондай-ақ еліміздің Сізге және түрік жұртына деген шынайы құрметі, зор ризашылығы деп біліңіз. Өзіңізге зор денсаулық, ал барша түрік халқына амандық пен бақ-береке тілеймін! Қазақ-түрік достығы мәңгі болсын!" – деді Президент.

Өз кезегінде, Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді

"Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын!" – деді Түркия Президенті.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы сауда-саттықты әртараптандырмақ екенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 14:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see116

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27 Маусым 2026 02:49see115

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see111

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

27 Маусым 2026 01:19see110

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

26 Маусым 2026 21:22see110

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see107

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see107

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see106

ЕАДБ Азық түлік келісім шарт корпорациясы үшін 100 млн долларлық несие желісін ашады

26 Маусым 2026 20:52see104

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see100

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

27 Маусым 2026 13:14see100

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see99

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see98

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see98

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see97

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see96

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see96

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see96

Ормузда дрон шабуылы: Трамп Иранға айып тақты

26 Маусым 2026 21:56see96

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

27 Маусым 2026 09:08see95
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары